Өзін –өзі танупәнінің маңызы



Өзін -өзі тану пәнінің маңызы
Орындаған: Қамзанова Ж. Т-441


Еліміз, 1991 жылы егемендік алғаннан кейін, оқу орындарында және қоғамдық ортада көптеген ұлттық бағытта өзгерістер бола бастады. Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, ол бүкіл үздіксіз оқу-тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің енуі. Бұл пән бала-бақшадан басталып, жоғары оқу орындарына дейін енгізілген. Аталмыш пәннің авторы бәрімізге танымал С. А. Назарбаева. Оқулықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы негізінде дайындалған. Бұл пән, негізінен, адами құндылықтарды игеруге жол бастаушы болады.

Өзiн-өзi тану пәнiнiң мақсаттары
“ Өзiн-өзi тану” рухани-адамгершiлiк бiлiм беру мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды:
әрбiр оқушының өзiнiң жан дүниесiн сезiнуiне және өзiнiң дербестiгiн түсiнуiне ықпал ету;
жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуана өмiрлiк-маңызы бар мынадай түйiндi құзiреттердi мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
өзiнiң өмiрлiк позициясын анықтау;
әр түрлi мәселелердi адамгершiлiк нормаларға сәйкес конструктивтi шешу;
өзiне, адамдарға және қоршаған әлемге iзгiлiктi қарам -қатынас жасау;
адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және iс-әрекеттерiнде шынайы болу;
жасампаздық белсендiлiк, азаматтық және отан сүйгiштiк таныту;
адамгершiлiк тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзi мен iсiне жауыпты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын iс жүзiнде дамыту.

Белгіленген жалпы мақсаттар күнделікті практикада:
- жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына және өзін барынша іске асыруына көмектесетін жасампаздық құндылықтарды үйретуге бағытталған біртұтас білім беру процесін құру; - балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру; - басқа оқу пәндері мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту; қоғамға қызмет етуге бағытталған оқудан тыс және мектептен тыс тәрбие рөлін арттыру; - мектеп пен отбасының әлеуметтiк серiктестiгiн, мұғалiмдердiң ата-аналар, қамқоршылар, тәрбиешiлермен тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғмның рухани-адамгершiлiк қалыптастыру үшiн жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асыруылуы мүмкiн. Нақты практикада белгiленген мақсаттар мен рухани-адамгершiлiк бiлiмнiң басым бағыттары оқушылардың өзiн-өзi танудағы белгiлi бiр оқу жетiстiктерiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Өзiн-өзi тануға оқыту бiлiм алушылардың мынадай сегiз деңгей бойынша күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзуiн болжайды:

Өзiн-өзi тануды оқыту процесiнде бiрқатар әдiстемелiк тәсiлдер қолданады:
- “Шаттық шеңберi”, “Тыныштық сәтi”, “Өзiммен -өзiм”, “Оқу”, “Сабақтың дәйексөзi”, “Мұғалiмнiң әңгiмелеуi”, “Оқушының әңгiмелеуi”, “Әңгiмелесу”, “Ойын”, “Жаттығу”, “Шағармашылық жұмыс”, “Жағдаяттар кезiнде ойлану”, “Бейнематериалдар көру”, “Ән шырқайық, достар!”, “Сергiту сәтi”, “Сахналау”, “Қорытындылау”, “Жүректен жүрекке” шеңберi, “Үй тапсырмасы”. Өзiн-өзi тану бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшiлiктерiне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететiн денсаулық сақтау ортасын құру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерiнiң алмастырылуы оқуға жағымды мотивтердi қамтамасыз етедi.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz