Зәр шығару жүйесі туралы ақпарат




Презентация қосу
ЗӘР ШЫҒАРУ
ЖҮЙЕСІ
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында,
дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі
кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы
қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып,
ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты
жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе
жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен
қан қысымын реттейтін ренин гормоны
түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау
пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес.
Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер
мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр
ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын
қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі.
Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп
отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп
жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік
етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп
жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да
шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-
жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда
несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың
аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.
Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып
келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою
сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық
тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау
пайда болғандығын білдіреді.
Зәршығару
мүшелер
жүйесінің
құрылысы
Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза
енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың
соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз.
Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы
заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып
саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау
өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен
ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау
өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық
(қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан
шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.
Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын
мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері,
ішек жатады.
Зәршығару жуйесіне:
2 бүйрек,
2 несепағар,
бір куық және бір
зәршығару өзегі
жатады.
Бүйрек
Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары
полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Бүйрек үсті
бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен
жабылған.Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек
ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабпаттан және
ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ыдырау өнімдерін
шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу
соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады.
Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі
жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-
қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен
сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке
үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы
жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа
жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек
артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке
талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің
бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Несепағардың құрылысы
Несепағар - қабырғасы
қалың бұлшықетті түтікше
пішінді жұп мүше. Ересек
адамдар да оның диаметрі 6-8
мм, үзындығы 25-30 см.
Несепағар бүйректі қуықпен
жалғастырады
Қуықтың құрылысы
Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз)
қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында
орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша
жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың
бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың
да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары
бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады.
Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр
зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.
Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен
500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы
қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда
қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың
қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі
бағытта орналаскан.
Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар
мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің
зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см.
Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі
қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа
орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі
сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады.
Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.
Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні
түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол
қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына
дейін созылып жатады. Ер адамдардың
зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады:
зәр және жыныс жасушалары сыртқа
шығарылады.
Орындаған
:Бекбусунова
Ақбота

Ұқсас жұмыстар
Зәр жолдары аурулары
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
Жануарлардың зәр шығару жүйесі
Зәр бөлу жүйесі, бүйректің қызметі сыртқа шығару жүйесінің құрылымы
Несеп шығару жүйесі мүшелерінің ауруы кезіндегі мейіргерлік күтім
Несеп каналы
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Зәр түзуші мүше Зәр шығарушы мүше
Буылтық құрттар туралы ақпарат
ЗӘР ТҮЗІЛУ
Пәндер