Бұлғындарды өсіру


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. Бұлғындарды өсіру Тексерген: Тугамбаева С. М Орындаған: Қанапьянова А Семей 2015

Slide 2

Глоссарий Қақпан - аңшылық құралы. Темірден жасалады. Бала Қ. қарсақ, түлкі, суыр, т. б. ұсақ аңдарды ұстауға, ал қазақ Қ. мен тісті Қ. қасқыр, аю, сілеусін, қабылан аулау үшін құрылады. Аңшылық - түз жануарларын аулау кәсібі. Тұзақ - қоян мен құс ұстауға арналған құрал. Аң өсіру - құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту; мал шарушылығының бір саласы.

Slide 3

Жоспар Ι Кіріспе Бұлғындар туралы жалпы мәлімет ΙΙ Негізгі бөлім 1. Таралған жері 2. Қоректенуі 3. Көбеюі ΙΙΙ Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Бұлғын (лат. Martes zibellina) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 - 55 см, құйрығы - 20 см-дей, салмағы 0, 4 - 1, 6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі - бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз - маусымда және тамыз - қарашада) түлейді. Бұлғын маусым - тамызда шағылысып, 245 - 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 - 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 - 12 см. 30 - 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3, 5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын - терісі өте бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі.

Slide 5 Slide 6

Ғылыми топтастыруы Дүниесі:Жануарлар Жамағаты:Хордалылар Табы:Сүтқоректілер Сабы:Жыртқыштар Тұқымдасы:Mustelidae Тегі:Martes Түрі:M. zibellina

Slide 7

Бұлғын (Магtеs zіЬеlliпа) - Сибирь тайгасында кездеседі. Олар негізінен жер бетінде тіршілік етеді, қауіп төнгенде ғана ағаш басына шығып кетеді.

Slide 8

Бұлғын- денесінің ұзындығ43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, сәнді әрі жылтыр келеді. Аяқтарының және бауырының жүндері сәл тақырлау, ал құйрық жүндері ұзын, қалың болады. Табандары жүнді келеді. Ол жұмсақ қар үстінде оның жүгіруіне қолайлы. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылышықтары жылтылдап тұрады. Жүнінің түсі ашық қоңыр, сарғыштау келеді. Кейде қара қоңыры да кездеседі. Қылшық жүнінің астындағы түбірі ашық күлгін түсті болады. Тырнақтары қысқа және өткір. Осы тырнақтарымен ін де қазады, ағашқа да өрмелеп шығады. Бұлғын - икемді, өте шапшаң қозғалатын аң.

Slide 9

Таралған жері. Ол Манғолияның солтүстігінде, Қытайда Жапонияда, Кореяда тараған. Совет одағында бұл аң негізінен Оралда, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Алтай өлкесінде кездесетін. Мұндағы бұлғынның мекендейтін жерлерінде 1974 - 1977 жылдары оның саны 665 - 690 мыңдай болған. Бұлғын көбінесе жер бетінде тіршілік етеді. Бұл аң Алтай тауларындағы майқарағай қылқан жапырақты орман аралас, шыршалармен балқарағайлар немесе бұталар аралас өсетін шыршалар аралас ормандарды мекендейді. Ағашқа шапшаң өрмелеп шығады, соның қуыстарына тығылып жатады, қалың бұталардың арасында да қоныстанады. Ол орман ішінде кездесетін үлкен жақпар тастардың қуыстарында да мекендейді. Кейбір жағдайларда бұлғын қорегі мол жерлерді іздеп, сол маңдағы бұталардың жартастардың, кәрі ағаштардың қуысын паналайды. Ал қайсыбірі жағдайларында жабайы жемістері бар ағаштардың арасын мекендеп, сонымен қоректеніп жүреді.

Slide 10 Slide 11

Қоректенуі. Бұлғынның тіршілік еткен жеріне қарай қорек түрлері де алуан болып келеді. Ол көбіне орман тышқанын, шақылдақты, боршаны, ақтиынды, қоянды және басқа да кеміргіштерді ұстап қоректенеді. Бұлғын жаңғақты өзі жұлып жемейді, ол көбіне боршанның, ақтиынның және ұсақ кеміргіштердің жинап қойған қорларын тауып алады да, оларды бітеулей жұтады. Бұлғын қоректерін көбіне іңір қараңғылығында бастап аулайды. Дегенмен де кейде ол азығын күндіз де іздейді. Бірақ негізгі азығы - ұсақ кеміргіштер көбіне іңірде және түнде жүретіндіктен, Бұлғын да сол мезгілде шығады. Бұлғын бір күнде 150-170 грамм қорек жейді. Егер жемтігі тым үлкен болса, жегеннен қалғанын қардың не бұтаның астына тығып тастайды. Ал ұсақ кеміргіштнрді көп ұстаса, оларды қатарлап жинап қояды. Бұлғын ұстаған жемтігін алдымен миын, бауырын және бүйрегін, кейін қалған жерін жейді. Сондай-ақ бұл аң кішкентай торғайларды, олардың жұмыртқаларын, кездессе аққкіс және аққалақ сияқты ұсақ жыртқыш аңдарды да жейді. Бұлғын қорек іздеп күніне 15-20 километржер жүреді екен.

Slide 12 Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Бағалы аң терісінің ақаулары
Бұлғынды өсіру
Ауыл шаруашылық малдарын өсіру әдістері
Жасанды қоректік ортада өсетін клеткалардың артықшылықтары
Температураға байланысты саңырауқұлақтардың өсу коэффициенттері
Сүтқоректілер классы
Қазақстандағы Сүтқоректілердің сүтқоректілер дене мөлшері класы
Уыт өсірудің морфологиялық және физикобиохимиялық процестері
Латона сорты Романо сорты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz