П8-ОЛУ ағынды желісі: майлылығы жоғары кілегейден сары май өндіру технологиясы мен техникалық сипаттамасы


Slide 1

Майлылығы жоғары кілегейден жасалатын сары майды өндіруге арналған П8-ОЛУ ағынды желісі

Кілегей (Сливки) - сүтті сепаратордан өткізгенде алынатын, майлылығы жоғары сүт тағамы; тағамдық мәні де жоғары: құрамында А, Д, Е витаминдері мол. Кілегей 1 және 2-сортты сүттен алынады. Сепараторға түскен сүт ортадан тепкіш күштердің әсерінен кілегей мен көк сүтке ажыратылады. Көк сүттің майлылығы 0, 05%-дан аспауы керек. Сүттің сепараторда жақсы бөлінуіне сүттің температурасы (35-40° С болғаны дұрыс), тазалығы, барабандағы тәрелкелер саны, барабанның айналу жиілігі, сүттің қышқылдылығы факторларының өсері болады. Сепаратордан шыққан Кілегей қышқылдық көрсеткіштері бойынша бірінші және екінші сортқа бөлінеді.

Slide 2

П8 - ОЛУ

Slide 3

Майлылығы жоғары кiлегейден жасалатын сары майды өндiруге арналған П8-ОЛУ ағынды желiсi

Бұл желi ВНИИМС-пен бiрге МосЗМО шыққан ОЛП желiсiнiң модернизациясы болып табылады. Ол майлылығы 30-40% кілегейден әр түрлі майларды өндіру үшін арналған: тәтімай, таңдамалы, шаруа, бутербротқа арналған және т. б. . Желіні май өндіретін кәсіпорындарда 1000 - 1500т көлемде дайын өнім өндіруде қолданады. Желінің негізгі технологиялық жабдығы (Т1-ОУК немесе ПТ-2 құбырлы пастерлегіштер, ОСД-500 майлылығы жоғары кілегейлерге арналған сеператор, ВН-600 мөлшерлегіш ваннасы және Т1-ОМ-2Т цилиндрлі май-тәріздегіш) өнеркәсіптерде шығарылады.

Slide 4

Желінің құрамына кіретіндер: сиымдылығы 250 л қаймаққа арналған қалтқылы деңгей реттегіші бар РЗ-ОНС багі, кілегейге арналған Г2-ОПБ маркілі 361Ц2, 8-20 ортадантепкіш электросорғы, Т1-ОУК (ПТ-2) құбырлы пастерлегіш, кілегейдің иісін кетіруге арналған ОДУ-3 иіс кетіру (дезодоратор) қондырғысы, КВН-4 вакуум-сорғысы, қалтқылы деңгей реттегіші бар РЗ-ОНЯ бак-толтырғыш, майлылығы жоғары кілегейге арналған екі сепараторлар, май суына арналған Р3-ОБЯ багі, май суына арналған Г2-ОПА маркілі 361 Ц1, 8-12 ортадантепкіш электорсорғы, мөлшерлейтін үш ВН-600 ванналары, майлылығы жоғары кілегейге арналған НРДМ сорғы-дозатор, Т1-ОМ-2Т үшцилиндрлі майтәріздегіш, РН-50Ш13М-1 таразылары (2 дана), таразыларға арналған үстел, ауаны сығуға арналған СО-7А (0-38Б) компрессоры, аспаптарды қосатын және бақылау - өлшегіштерді басқару пульті, майлылығы жоғары кілегейді тасмалдауға арналған науалардың толық жинағы (комплект), сүт құбырларының толық жинағы, арматуралар және ТЭ050-71120 электрлі таль.

Slide 5

Желінің жабдықтарын өндірістік-технологиялық процестердің жолы бойымен жабдықтайды және орналастырады, мұнда майцех заводының ауданнының шамаларын және орналастыруы, басқа бөлмелерімен байланысы және табиғи жарығы, сонымн қатар жабдықты қамтамасыз ету ыңғайлылығы, майды өлшемдеу (фасовка), буып түю және тасмалдануы есепке алынуы тиіс.

Slide 6 Slide 7

Жабдықтардың құрастыру сұлбасының ұсынылуына сәйкес желінің жұмысы келесідей жүзеге асады (1 сурет) . Сыйымдылықты резервуарларда сорталып толтырылған бастапқы майлылығы 30-40% температурасы 10-12 °С кілегейдің сапасын тексеріп болғанан кейін сорғымен сорып диаметрі 35 мм құбырмен немесе өздігінен берілетін диаметрі 50 мм құбырмен қабылдайтын багіне беріледі (жергілікті завод жобаларының бөлмелеріне және қабылданған жабдықтың құрастырма сұлбасы бойынша), осыдан ортадан тепкіш сорғымен 3 құбырлы пастерлегішке 4 сорылады, екі секциядан өткенен кейін 85-96°С температураға дейін ысытылып сорағыдан болған арынмен тікелей құбыр бойымен жинақтайтын багіне 8 немесе бірінші иісін және ашшы дәмін кетіру үшін вакуум-иіскетіргіш қондырғысына 5 (егер қажет жағдайда) беріліп содан кейін сорғымен 17 жинақтайтын багіне 8 жіберіледі.

Slide 8

12-15°С температурадағы дайын май арнайы кран арқылы таразыда орнатылған жәшіктерге түседі.

Slide 9

Сары май өндiрiсiнiң цехы.

Әртүрлi әдiстермен өңделетiн сары май өндiруде үздiксiз-ағынды желiлер және жабдықтардың жеке толық жинағы (комплект) қолданады.

Slide 10

Өнiмдiлiгi 700 кг/сағ П8-ОЛУ желiсi.

Бұл желi ВНИИМС-пен бiрге МосЗМО шыққан ОЛП желiсiнiң модернизациясы болып табылады. Ол майлылығы 30-40% кілегейден әр түрлі майларды өндіру үшін арналған: тәтімай, таңдамалы, шаруа, бутербротқа арналған және т. б. . Желіні май өндіретін кәсіпорындарда 1000 - 1500т көлемде дайын өнім өндіруде қолданады. Желінің негізгі технологиялық жабдығы (Т1-ОУК немесе ПТ-2 құбырлы пастерлегіштер, ОСД-500 майлылығы жоғары кілегейлерге арналған сеператор, ВН-600 мөлшерлегіш ваннасы және Т1-ОМ-2Т цилиндрлі май-тәріздегіш) өнеркәсіптерде шығарылады.

Slide 11

П8-ОЛУ желісінің техникалық сипаттамасы.

Slide 12

Шаруашылық тәтті май өндіру кезіндегі өнімділігі, кг/сағ

700

Температура, °С

Бастапқы кілегейдің

10

Кілегейді пастерлеу

85-96

Майтәріздегіштен шығатын май

12-15

Электроқозғалтқыштың қуаты, кВт

41, 8

Шығын

Пастерлеуге кететін бу, кг/сағ

300 дейін

Майлылығы жоғары кілегейді тоңазтуға қажетті суық, кВт

37, 2

Орын алатын ауданы, м2

40

Ауқымды өлшемдері, м

8, 54, 53

Салмағы, кг

8000

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Сұйықтардың физикалық қасиеттері және кілегейден май өндіру технологиясы
Сары май өндірісінің жалпы технологиясы және инновациялары
Жануар майлары, маргарин және сары май: құрамы, қасиеттері және өндіру технологиясы
Тағамдық майлар мен сары майдың өндіру технологиясы, түрлері, сапа талаптары және орау-сақтау
Сары май технологиясы: кілегейді өңдеу, шайқау, жуу және тұздау үдерістері мен сапа бақылауы
Сары май сапасына қойылатын талаптар мен бақылау әдістері
Сары май: түрлері, сапа талаптары және сақтау шарттары
Сары май мен спредтерді өндірудегі биохимиялық және физико-химиялық процестер
Тамақ өндірісіндегі ағынды желілер мен автоматтардың атқарушы механизмдерінің жіктелуі
Сары май өндірісінің технологиялары мен жабдықтары: салқындату кезіндегі су және сүт майының фазалық өзгерістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz