Samsung group


Slide 1

Samsung group

Slide 2

Samsung Group (삼성그룹, Samseong Gurub, Samsŏng Gurup) - Оңтүстік Кореядағы ең ірі компаниялар тобының бірі. Әлемдік нарықта тұрмыстық техника, аудио және видео құрылғылар шығарушы ретінде белгілі.

Slide 3

Компанияның негізі қалай қаланды?

Samsung халықаралық концернінің тарихы Тэгу қаласындағы шағын қоймадан бастау алады.

1930-жылдары Ли Бен Чхоль атты кәсіпкер өз кәсібін ашады. Ол кезде күріш ұнын тартып, өзінің дүңгіршегінде жұмысын дөңгелетіп жүреді. Бұл уақыт Кореяның Жапония колониясы болған кез еді. Ел ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысу өте қиын болған.

1938 жылдарға қарай бизнесмен құрамында 40 адамы бар сауда фирмасын ашады. Кәсібі - Кореядан Қытай, Манчжурияға күріш, қант, кептірілген балық экспорттау.

Slide 4

SAMSUNG GROUP

Азық-түлік өнімдерін жеткізу жұмысы жақсы дамығаны сонша, Samsung Trading Company енді сауда белгісі ретінде ресми тіркелді. Корея үшін компания атауы тың болса да, бұл кәсіпкердің жоспарының ауқымдылығын байқатқандай болды.

Корей тілінен аударғанда Samsung (тәжірибелік транкскрипциясы бойынша «самсон») «үш жұлдыз» дегенді білдіреді. Компанияның алғашқы логотипінде үш жұлдыз орын алған еді. Бұл атау Ли Бён Чхольдың үш ұлының құрметіне аталуы да мүмкін деген нұсқалар бар.

Samsung қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның халықаралық ықпалы мен құдіреттілігінің синониміне айналып үлгерді.

Slide 5

Екінші Дүниежүзілік соғыс Samsung-тің одан әрмен дамуыаһна үлкен үлес қосты. АҚШ әскері Корей түбегіне тоқтап, Оңтүстік Кореяны жапондықтардан құтқарады. Бұл уақытта Ли Бён Чхольдың күріш арағы мен сырасын өндіретін ірі зауыты жұмыс істеп тұрған. Кәсіпкер Америка құрлығымен арада сауда байланысын орнатуға даяр еді. Бірақ, 1950 жылы Корей түбегінде азамат соғысы басталып кетті. Компанияның негізгі қоймалары майдан сызығында қалып кетеді. Бұл Ли Бён Чхольдың кәсібін қиратқан жағдай еді. Қоймалар мен зауыттар тоналып, бизнесменнің үйі өртке оранады. Бірақ, Ли Бён Чхольдың кәсібі көп ұзамай қайта жанданады.

Slide 6

Ли Бен Чхоль

Slide 7

Жеңіл өнеркәсіп

Аңыз бойынша, компанияның қайта өрлеуі 1951 жылы кәсіпкердің күл-қоқыстың арасынан ақша тауып алғанынан басталады. Ол бірден табылған ақшаны тоқыма фабрикасы, қант зауыты мен сақтандыру компаниясына секілді жаңа істерге салады.

Samsung Cheil Industries - 1954 жылы негізі қаланған компания. Бұл тоқыма мануфактурасы ретінде Оңтүстік Кореяның сән индустриясында көшбасшысы болады. Сонымен бірге химиялық материалдар: синтетикалық шайыр және жартылай өткізгіш дисплейлер жасауға арналған қоспалар жасаумен айналысады. Аталған компания Bean Pole, Galaxy, Rogatis және LANSMERE атты корей киім брендтерін шығарады.

1950 жылдары Оңтүстік Кореяның президенті Ли Сын Манмен жақсы қарым-қатынаста болған Ли Бён Чхоль елдегі ең бай әрі атақты бизнесмен боп шыға келеді. 1960 жылдары Кореяда адам басына орта есептегі табыс көлемі 80 долардан аспайтын. Сол уақытта тіпті елордасы Сеулдің өзінде тұрақты электр қуаты болмаған.

Компанияның бұл өрлеу кезеңі қаншалықты екпінді боса, соншалықты өткінші болды. Әскери төңкеріс нәтижесінде Ли Сын Ман қызметінен кетеді. Оның жақын араласқандары репрессияға ұшырап, Ли Бён Чхольды қамауға алады. Оған себеп - пара алушылық пен президентпен арадағы жақындық

Slide 8

Корей соғысынан кейінгі Samsung

Екі рет кәсібі суға кеткен кәсіпкердің жұлдызы үшінші рет жанады. Оңтүстік Кореяның жаңа президенті генерал Пак Чон Хи өндірістік және экономикалық реформалар бастайды. Экономиканың өндірістік секторын дамытуға арналған бағдарламалар жасалып, АҚШ-пен арада экспортқа бағытталған тығыз байланыс орнатылады. Шетелден қарыз алып, шикізат пен заманауи технологиялар алу жоспарланады. Қолға түскен табысты қайтадан шикізат, технологияларға салып отыру керек болалы. Корей реформаторлары тұраты экономиканың ірі концерндерге арқа сүйеуі тиіс деген байламға келеді. Бірақ, ірі концерндерді қысқа мерзім ішінде ашу керек болады. Кореяның алдыңғы қатарлы бизнесмендеріне несиелер мен қарыздар беріліп, компаниялар мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіледі. нақты құқықтық және салықтық босаңдық кіші кәсіпорындардың ауқымын кеңейтуге үлкен жол ашады.

Нәтижесінде 30″чеболь» құрылады. Яғни, бизнестің флагмандары. Олардың ішінде Goldstar (LG), Hyundai, Daewoo және Samsung бар. Басшылыққа түрмеден шыққан Ли Бён Чхоль келді. Реформаторлардың ойынша, әр чеболь экономиканың нақты бір бөліміне жауап беруі тиіс еді. Samsung - электроника, Hyundai - құрылыс, Daewoo - автокөлік шығару, Goldstar - тұрмыстық техника. Компания өзі үшін жаңа саланы меңгеруге асқан құлшыныспен кірісті.

1960 жылдары Ли әулеті өз бизнесін кеңейтті: Азияда тыңайтқыш өндіретін ірі фабрика салады. Joong-Ang газетінің негізін салып, кеме жасаумен, қонақүй, университет, ауруханалар салып, азаматтарды сақтандыру жүйесін жасайды.

Slide 9 Slide 10

Хронология

1973 жылдың тамыз айында корпорацияның бас кеңсесі Сувон қаласына көшіріледі. Желтоқсанда тұрмыстық техника жасайтын зауыттың құрылысы аяқталады. Осы уақыт ішінде компанияға Korea Telecommunications Co. қосылады. Нәтижесінде кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштардың жаппай шығарылымы басталады.

1974 жылдың қыркүйек айында алғашқы Samsung ауа салқындатқышы жарыққа шығады.

1976 жылы компания жеке компрессорлар өндірісін ашады.

1977 жылы Samsung Electronics компаниясының экспорттық көлемдері 100 миллион доллардан асады.

1978 жылы АҚШ-та Samsung-тың алғашқы өкілдігі құрылады.

1790 жылдардың соңына қарай орын алған экономикалық дағдарыстың әсерінен Samsung Electronics шығын әкеле бастайды. 1979 жылы алғашқы тұрмыстық бейнемагнитофон шығады. Тауар бағасының жартысын жапондықтарғ беруге мәжбүр болады. Себебі, технология мен дизайн солардан алынған еді. Басқа елдерде Samsung өнімдері басқа брендтермен немесе өте төмен бағаларда сатылып жүрді.

1983 жылы Samsung Electronics өзінің алғашқы дербес компьютерлерін (моделі SPC-1000) шығара бастайды. Осы жылы мыналар да шығарылды: 64 Мбайт жады бар 64М DRAM микросхемасы, CD-ROM, VIDEO-CD, PHOTO-CD, CD-OK оқи алатын ойнатқыш.

Slide 11

1984 жылы Англияда сауда өкілеттегі ашылады. АҚШ-та дыбыс және бейне құрылғылар өндіретін зауыт салынады. Сонымен қатар, қысқа тоқында пеш зауыты салынады (жылына 2, 4 млн дана) .

1986 жылы Samsung Electronics Корей менеджмент қауымдастығынан «Жылдың үздік компаниясы» аталымын жеңіп алады. Осы жылы компания он милионыншы түсті телевизорын шығарып, Канада, Аустралияда сауда өкілеттігін, Калифорния мен Токиода ғылыми-зерттеу зертханаларын ашады.

1987 жылы компания басшылығына Ли Бён Чхольдың кіші ұлы Ли Гонхи келеді. Оның келуімен жаңа реформалар орын алады. Ол шығарылатын өнімнің сапасына баса мән берді. Осыған дейінгі көптеген дәстүрлерге өзгеріс енгізді. Өзгерістер компанияның қаржылық ахуалына жақсы жағынан әсер етеді. Samsung Electronics табысы тағы көтеріледі.

1988 жылы Samsung Сеулдегі Олимпиада ойындарының Ұлттық демеушісіне айналады. 1988 жылдың күзінде Samsung Semiconductor & Telecommunications Co. қосылады.

1988-1989 жылдары Франция, Тайланд, Малайзияда өкілдік ашылады. 1989 жылға қарай Samsung Electronics әлем бойынша жартылай өткізгіш өнімдерді шығарудан 13-орында тұрады.

1990 жылдары Samsung Electronics өзін жан-жақты дамытты. Менеджмент құрылымын жақсарту мақсатында 1992 жылдың желтоқсан айында Samsung Electronics-те президенттік басқарудың бірыңғай жүйесі енгізіледі.

1991-1992 жылдары дербес мобильді құрылғысы секторы бір жолға қойылады. Сонымен қатар, ұялы телефон жүйесі жасалады.

Slide 12

1994 жылы сауда көлемі 5 млрд АҚШ доларына жетеді. Ал, 1995 жылы экспорт көлемі 10 млрд доллардан асып түседі.

1997 жылы Samsung Эрмитажбен серіктеске айналады. Компания Мемлекеттік Эрмитажға материалды-техникалық қолдау көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Компания мақсаты
Препараты железа
Заманауи технологиялар және олардың мүмкіндіктері
Сілтемелер тобының батырмаларын жазыңдар
Жаңғыру жәнаңғыру және Әлеуметтік өзгерістердің Қоғамдық қозғалыстардың урбаңизацияе урбаңизация бастаулары
Оңтүстік Корея инновациясы
Кесте байланыстары, Конструкторды қолдану арқылы кесте құру
SELECT инструкциясын қолданудың мысалдары
КОМПЬЮТЕРЛІК КОМПАНИЯ AKCESS
Түрі Еншілес компания
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz