Қазақстандағы қуыршақ театрының тарихы мен дамуы


Slide 1

Қуыршақ театры

Табиғат. Б

Slide 2

Қазақ қуыршақ театры - қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер ұжымы. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі.

Slide 3

Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған

Slide 4

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі. 11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді.

Slide 5

Ресейде қуыршақ театрының пайда болуы скоморохтар ойынымен тікелей байланысты. Қуыршақ театры Кеңес Одағында да кең қанат жайды. 1930 ж. 25 мемлекеттік қуыршақ театры жұмыс істеді. 1931 ж. Мәскеуде бүкіл Кеңес Одағындағы қуыршақ театрының дамуына зор ықпал жасаған Мемлекеттік Орталық қуыршақ театры ашылды.

Slide 6

Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен. 1935 ж. Алматы қаласында қазақтың қуыршақ театры ұйымдастырылды. 1938 ж. театрға республикалық қуыршақ театры дәрежесі берілді. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қалаларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықаралық фестивальдің (1979) лауреаты атанды. 1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнамда, Кампучияда болды. 2002 ж. Алматыда Қазақстан қуыршақ театрларының 1-фестивалі өтті. Қуыршақ театры, негізінен, балалар аудиториясына арнап спектакльдер қоюмен шұғылданады. Кейбір ұжымдардың қойылымдарында үлкендерге де арналған пьесалар бар.

Slide 7

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Балалар музыкалық театрының тәрбие мен тіл дамуына әсері және Қазақстандағы дамуы
Қазақстандағы нан өндірісінің тарихы мен қазіргі дамуы
Психология ғылымының тарихы және Қазақстандағы дамуы
Волейбол: тарихы, ережелері және Қазақстандағы дамуы
Робототехниканың тарихы, дамуы және Қазақстандағы қолданылуы
Қазақстандағы математика: тарихы, дамуы және ғылыми институттары
Психолингвистиканың тарихы, теориялық бағыттары және Қазақстандағы дамуы
Психолингвистиканың қысқаша тарихы және Қазақстандағы дамуы
Жеңіл атлетика: халықаралық тарихы және Қазақстандағы дамуы мен жетістіктері
Жеңіл атлетиканың тарихы, түрлері және Қазақстандағы дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz