ДЭЕМ - нің жабдықтары туралы ақпарат




Презентация қосу
Орындаған:Мұхамедияров
М.Б

ДЭЕМ - НІҢ
ПРОГРАММАЛЫҚ
ЖАБДЫҚТАРЫ
Программалық жабдықтар ЭЕМ-
нің жұмысын қамтамасыз ететін
барлық программалар жиынынан
тұрады. Оларды программалық жүйе
деп те атайды. Програмаларсыз ЭЕМ-
нің жұмыс атқаруы мүмкін емес.
Программалық жабдықтар ЭЕМ-ді
толық пайдалануға арналған
программалар мен олардың қолдану
ережелерін сақтайтын құжаттар
жиыны.
Қолданбалы программалар - белгілі бір
мамандық саласындағы арнаулы есептерді
шығаруға арналған программалар тобы.
Қолданбалы БЖ келесі бағдарламалар
класстарына бөлінеді:

Жалпы қолданыстағы бағдарламалар;
Арнайы қызметтегі бағдарламалар;
Кәсіптік деңгейдегі бағдарламалар.
Текстік программалар – текс түрінде
дайындалып, операциялық жүйенің
басқаруымен бірден орындалатын
программалар жиыны.

Тестілік программалар деп компьютердің
жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны
жасап шығару кезеңінде аппараттық
құрылғыларының қызметін толық
бақылауға арналған программаларды айтады.
Жүйелік программалар –
компьютерді толық қамтамасыз
етіп, оның мүмкіндіктерін жетік
пайдалану жұмысын атқарады.
Олар операциялық жүйелерден,
шеткері құрылғыларды басқару
программалары – утилиттерден,
драйверлерден (сервистік
программалар) және программалау
тілдерінен тұрады.
Жүйелік
Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда
шақырылады, компьютер жұмысын басқарады,
құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді,
жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды,
қолданбалы программаларды орындайды.
Операциялық жүйе – бұл компьютерді іске қосқанда
жүктелетін және оның барлақ құрылғыларының
жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
ОЖ – компьютердің аппараттық бөлігі мен
қолданбалы бағдарламаларды, пайдаланушымен өзара
әсерді басқаруды қамтамасыз ететін
бағдарламалық орталардың жиынтығы
ОЖ – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс
істеуін ұйымдастырушы және түрлі бұйрықтарды
орындауы арқылы пайдаланушының машина
жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік
бағдарламалар.
Операциялық жүйелердің басты қызметі – бұл
ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс –
компьютер аппаратурасы
Операциялық жүйе құрамы:
базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен
программа жұмыстарын басқарады, о ған жетуге жол
ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу;
командалық процессор – пернетақта арқылы т үсетін
қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және
орындайды;
шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың
жұмысының процессормен келістілігін программалы
қамтамасыз етеді;
қосымша сервистік программалар (утилиттер) –
қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты
әрі ыңғайлы етеді.

Утилиттер – жұмысты жеңілдететін
программалар тобы. Олар
программалардың мазмұны көруді, оларды
көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.
Мұндай программалар берілгендер қорын
басқарушы жүйелерде, түрлі
программалау тілдерінде жиі кездеседі.
Мәліметтерді қысатын (архивтейтін),
компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін
болса, оларды жоятын программалар да
утилиттер болып табылады.
Драйверлер – белгілі бір сыртқы құрылғыны
басқаруды ұйымдартыратын айрықша арнайы
программа. Олар процессорды принтермен,
пернетақтамен, дискілермен байланыстырады.
Драйверлер компьютерді басқаратын
операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows,
Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер,
сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер,
пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік,
т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың
мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс
жұмыс атқаруын жүзеге асырады.
Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі
ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді
байланыстыратын формальды тілді айтамыз. Әр т үрлі белгілер
бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген программалау
тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға жақынды қ дәрежесі
бойынша жіктеу болып табылады. Осы белгісі бойынша
программалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді:
машинаға тәуелді тілдер;
машинаға тәуелсіз тілдер;
Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай бөлінеді:
машина тілі;
машинаға бағдарланған тілдер;
Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар деп те аталады.
Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар:
символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар;
макротілдер.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Дербес электронды есептеуіш машинаныі программалық жабдықтары.Программалар
ДЭЕМ – нің программалық жабдықтары туралы
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары туралы ақпарат
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.Программалар
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары жайлы ақпарат
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар - 2 нұсқа
IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары
ДЭЕМ­нің программалық жабдықтары
Дискідегі информация жинақтауыш
Пәндер