Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері, көбею сатылары


Slide 1

Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары.

.

Notes: қ

Slide 2

Жоспар

1. Вирустар туралы жалпы түсінік. 2. Вирустардың көбею сатылары.

3. РНҚ және ДНҚ.

4. Вирустардың жіктелу принциптері

Slide 3

Кіріспе

Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұражды.

Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген.

Slide 4

Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілікиесі екенін тапқан

Slide 5

Д. И. Ивановский

Slide 6

Вирустың көбеюі

Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді:

клеткаға ену;

клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі;

вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы;

одан вирионның түзілуі;

ересек вирустың клеткадан шығуы

Slide 7

Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы «іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады.

Slide 8

Вирустар дүниесі екі үлкен топқа бөлінеді - ДНҚ және РНҚ - құратын топтар. Топтар тұқымдастықтың тармағынан, туыстардан және түрлерден тұрады.

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан -ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.

Slide 9

ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушаларындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi - ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет.

Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады.

Slide 10

Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екi тiзбектiң жолдамасы - антипараллель, бiр тiзбектегi нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған. Спиральдiң бiр айналымына азоттық негiздiң 10 жұбы келедi. Спиральдiң диаметрi 2 нм болады.

Slide 11

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) -молекулалық байланыс; нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады. Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады. Организмде РНҚ ақуыздармен кешенді байланысқан рибонуклеотидтер түрінде болады

Slide 12

Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:1. жай, қарапайым құрылысы - нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы) 2. күрделі құрылысты - нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады.

Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:1. жай, қарапайым құрылысы - нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы) 2. күрделі құрылысты - нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады.

Slide 13

Вирустардың құрлысы

Slide 14

Вирустың жіктелу принципі мына белгілерге негізделген

А. Вирустардың қасиеттері - нуклеин қышқылдары, капсид симметриясының типі, суперкапсидтің болуы және болмауы, вирионның бетіндегі рецепторлық құрылыстардың өзгешелігі, вирионның формасы және өлшемі, оның антигендік сипаттамасы:

Б. Сезімтал өзгерулердің тобы, әртүрлі органдар мен тіндерде тропизмі болады.

В. Инфекцияның әсер ету жолы және географиялық таралуы.

Slide 15

1. Мырзабекова Ш. Б «Ветеринариялық вирусология». А. 2004ж.

2. Интернет желісі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мырзабекова Ш. Б «Ветеринариялық вирусология». А. 2004ж.

2. Интернет


Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары туралы
«Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»
Бактерия клеткасының құрылысы
Вируст ардың жіктелу принциптері. Олардың номенк латурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустар әлемі
Вирустардың таксономиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz