Әлеуметтанудың әдістері: экологиялық және салыстыру әдістері


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Экологиялық әдіс

Орындаған: Тогызбаева Мариям Тобы: Е-415 Тексерген: Оралбекова Б. С

Сөж

Slide 2

Жоспар:

1. Әлеуметтануның даму тарихы

2. Әлеуметтану туралы

3. Әлеуметтану туралы ғалымдардын көзқарастары

4. Мысал

5. Салыстыру әдісі

6. Деректердің салыстырымдылығы

7. Салыстырудың мысалдары

8. Пайданылған әдебиеттер

Slide 3

Әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огююст Конт (1798 - 1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамдас бөлігі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын

Slide 4

Жалпы әлеуметтану -қоғам туралы түсінік. Сондықтан да әлеуметтану осы қоғамды түрлі сипатта алып қарастырып, өз әдістерін қолдану арқылы оған жалпылама сипаттама беріп, қоғамдағы болып жатқан барлық өзгерістерді қарастырады. Әлеуметтану ғылымы өзі зерделейтін пәнді ғана емес, өз пәнін тануда және алынған білімді тексеруде пайдаланатын әдістерді қамтиды. Әдіс-ғылымның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда ғылымды әдіс пен теорияның диалектикалық бірлігін айтуға болады. Әдісті білім жүйесі ретінде ғылымнан бөліп алуға болмайды. өйткені әдістің өзі шындыққа қалай керектігі туралы білім болып табылады. Әлеуметтану әдісінің өзгешелігі ең алдымен осы ғылым пәнінің ерекшелігімен айқындалады.

Slide 5

Ғылым ретінде әлеуметтану туралы әр түрлі және қарама-қайшы түсініктер болатындыңы сияқты оның әдісін түсінуге де алшақтықтар бар. Әлеуметтану әдісін түсінудегі алшақтық Марковичтің пікірінше, бірқатар факторларға байланысты. Әлеуметтану әдісі туралы түсінікке ең алдымен ғылымға тән қоғамды түсіну ықпал етеді. Әлеуметтаныдың дамуы барысында қоғамның мәні жөнінде бір-біріне қарама-қайшы бірнеше көзқарас қалыптасқанжәне олардың әрқайсысы әлеуметтану әдісін түсінуге ықпал еткен. Енді осы әлеуметтанудың өзіндік ерекшеліктерін түсіну үшін бірқатар жалпылама ережелерді алып қарастырған жөн:

Маркович

Slide 6

1. Әлеуметтану әдісін әлеуметтік философияның әлеуметтануға және басқа да қоғамдық ғылымдарға қатысты әдістемелік рөлін мойындамайынша дұрыс түсіну мүмкін емес. Бірақ әлеуметтік-философиялық әдіс әр түрлі көрініс табады, қандай да бір қоғамдық ғылымның объектісі мен пәні өздерінің ерекшеліктеріне қарай жаңғырып отырады. Ж»әне бұл орайда әлеуметтану- ең алдымен тұтас әлеуметтік жүйе ретінде қоғамды жан-жақты зерделеудің әлеуметтік-философиялық әдісінің ерекше көрінісі, нақтылануы.

Slide 7

2. Әлеуметтануда қоғамды нақтылы тұтас әлеуметтік жүйе ретінде және оны субъектілік қызметтік жағы тұрғысынан зерделеу осы ғылымның құрылымдық-функционалдық талдау әдісін кеңінен пайдалануға болатынын алдын ала анықтайды, соған сәйкес қоғам өмірінің әрбір саласы мен оның әрбір субъектісі ішкі жүелер деп қарастырылады және оның жүйе ретіндегі қоғамдағы орны мен рөлі, олардың іс-қимылы мен өзара әрекеттестігі айқындалады. Әлеуметтану әдісі қоғамды оның құрылымы, қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан зерделеуді талап етеді.

Slide 8

3. Нақты айтқанда әңгіме әлеуметтану туралы емес әлеуметтаныдың әдістері туралы болуға тиіс. Әлеуметтану әдісі ұғымы жинақтаушы, тұжырымдаушы мағынасында қолданылады. Әлеуметтану әдісінің құрылымына қоғамды макродеңгейдегі, яғни тұтас әлейметтік жүйе ретіндегі және орта деңгейдегі, яғни олардың жеке елементтері, ішкі жүйелері деңгейіндегі және микродеңгейдегі, яғни тұлғаралық өзара әрекет деңгейіндегі әлеуметтік зерттеудің әдістемелік принциптері кіреді.

Slide 9

4. Әлеуметтану әдісінің маңызды сипаттамаларының бірі-әлеуметтанудың әлеуметтік шынайылықты зерттеуде эмпирикалық зерттеуге сүйенетіндігінде. Мұндай зерттеу шеңберінде әр түрлі әдістер пайдаланылады:бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, эксперимент және т. б. Қалай болған күнде де эмпирикалық жолмен тексерілетін әлеуметтік фактілерді зерделеуге және олардың өлшемдеріне тікелей немесе жанама түрде сүйенетін әлеуметтану зерттеуі ғана нағыз және толыққанды болып табылады.

Slide 10

5. Әлеуметтану білімі мынандай құрамдас бөліктерді қамтиды:фактілер, болжамдар және теориялар. Әлеуметтану әдістері сонымен қатар ережелер мен амалдар ретінде қарастырылады, олардың көмегімен фактілер, болжамдар және теориялар өзара ұштасады. Әлдеуметтану әдісі проблемасының маңызы ең алдымен дәл осы әдістің талаптарын қатаң сақтау негізінде алынған әлеуметтану білімінің нағыз ғылыми білім болып танылуында.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
MFLOPS: анықтамасы, өлшеу әдістері және салыстыру мәселелері
Ондық бөлшектерді салыстыру әдістері: сабақ жоспары мен тапсырмалар
Балабақшада дамыта оқыту технологиялары және экологиялық тәрбие әдістері
Сапалық клиникалық зерттеулер: әдістері, сандық талдаумен салыстыру және мақалаларды бағалау критерийлері
Экологиялық білімнің формалары, әдістері және құралдары
Өнім сапасын басқарудың американдық тәжірибесі: TQM әдістері және жапондық менеджментпен салыстыру
Қоршаған ортаны бақылау және экологиялық мониторинг: түрлері, әдістері, стандарттары, экологиялық паспорт пен экспертиза
Өндірістің экологиялық шығындарын анықтау және экожүйелік тәуекелдерді бағалау әдістері
Экологиялық деректерді жинау мен өңдеудің математикалық әдістері және экожүйелерді модельдеу
Санитарлық-экологиялық және биосфералық мониторинг: мақсаттары, әдістері мен құжаттық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz