Дағдарыс туралы жалпы түсінік



СӨЖ
Орындаған:Мухтарова И. С.
Тексерген:Кулмышева Н. А

Жоспар :
Дағдарыс туралы жалпы түсінік
Әр жас кезеңінде жас дағдарыстарының болу себептері
Д. Б. Эльконин бойынша балалардың даму деңгейі

Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс - қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді

Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л. С. Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
- жаңа туылу дағдарысы - нәрестелік жас (2 ай-1 жас) ;
- 1 жас дағдарысы - ерте балалық шақ (1-3жас) :
- 3 жас дағдарысы - мектепке дейінгі жас (3-7 жас) :
- 7 жас дағдарысы - мектеп жасы (7-13 жас) ;
- 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)
- 17 жас дағдарысы.

Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала 5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.
Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп кезеңі 3 сатыдан өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтынын көрсететін ерекше дәлел болып есептеледі.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Балалар психологиясы - балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс -әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ - бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ.

Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. А. Н. Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.

Танымдық дүниенің дамуы. Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.

«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа - бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.

1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:
1. Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;
2. Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;
3. Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4. Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5. Жас өспірім 12-15 жас;
6. Жастық кезең 15-18 жас.

Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі. Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келеді.

Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л. С. Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz