Геодезиялық теодолиттердің техникалық сипаттамасы және 3Т, 4Т сериялы модельдердің техникалық параметрлері


Slide 1

Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы. Теодолит

Дайындаған:

Исабекова Камила

ГК-308

Slide 2

Теодолит (грек. theadomai - қараймын және dolichos - ұзын) - горизонталь, вертикаль бұрыштарды және жіптік қашықтық өлшеуіштің көмегімен ара қашықтықты өлшеуге арналған маркшейдерлік-геодезиялық аспап. Зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған теодолиттер, әдетте буссольдармен, ал олардың кейбіреулері дүрбісінде цилиндрлі деңгейлеуіштер және қашықтық өлшеуіш саптамамен жабдықталады.

Slide 3

Теодолитттің бұрыш өлшеуіш дөңгелектері металл мен шыныдан жасалады. Біріншілерінің санақ тетігі - микроскоп-микрометрлер шкалалы микроскоптар, ал екіншілерінде - оптикалық микрометрлер, шкалалы және штрихты микроскоптар болады.

Slide 4

Шыны дөңгелегі бар теодолиттер - оптикалық теодолиттер деп аталады. Осьтерінің құрылысы бойынша теодолиттер - қарапайым және бұрыштарды қайталаулар әдісімен өлшеуге мүмкіндік беретін қайталауыш болып бөлінеді. Теодолиттер дәлдігіне қарай: жоғары дәлдікті, дәл және техникалық болып үш топқа бөлінеді.

Slide 5

3Т сериялы теодолиттер

3Т сериялы теодолиттерге - 3Т2КП және 3Т5КП теодолиттері жатады. 3Т2КП теодолиті триангуляцияда, полигонометрияда, геодезиялық толықтыру тораптарында, қолданбалы геодезияда, астрономиялық-геодезиялық өлшеулерде горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылады.

Slide 6

3Т сериялы теодолиттер

3Т5КП теодолиті - бұрыштарды геодезиялық толықтыру тораптарында, қолданбалы геодезияда, іздену жұмыстарында, теодолиттік түсірістерде, жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарда қолданылады

Slide 7

Техникалық сипаттамалары

3Т2КП

3Т5КП

Дүрбінің үлкейтуі, есе

Объективтің жарықтық диаметрі, мм

Көру өрісінің бұрышы, град

Көздеудің кіші ара қашықтығы, м

Вертикаль, дөңгелек компенсаторы жұмысының ауқымы

Санақ микроскобының дәлдігі

Горизонталь бұрыш өлшеудің орташа

квадраттық қателігі

Вертикаль бұрыш өлшеудің орташа квадраттық қателігі

Теодолит массасы, кг

30

40

1°35

0, 9

4

1"

2

2, 4

4, 7

30

40

1°35

0, 9

5

1'

5

5

4, 3

Slide 8

Carl Zeiss (ГДР) теодолиттері

THEO 010B микротриангуляция, полигонометрия, геодезиялық толықтыру тораптары, қолданбалы және инженерлік геодезия, арнайы геодезиялық жұмыстар, құрылыс, астрономиялық-геодезиялық өлшеулерде горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылады.

Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігі - 1. 5", ал вертикаль бұрышы 2" құрайды. Көру дүрібісінің ұлғайтқыштығы 30х, тура бейнелейді. Ал вертикаль дөңгелек компенсаторларының жұмыс істеу ауқымы 5'-тен аспайды, оптикалық центрир, теодолит массасы табанымен бірге 4, 5 кг құрайды.

Slide 9

4Т - сериялы оптикалық теодолиттер

4Т-сериялы оптикалық теодолиттер горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу мен көру дүрбісіндегі деңгейлеуіш көмегімен нивелирлеу үшін қажет. Бұл теодолиттер тахеометриялық, теодолиттік түсірістерге және жоғары дәлдікті қажет етпейтін жұмыстарда қолданылады. Олар қолдануға ыңғайлы, әрі қарапайым. Аспап тұғырында оптикалық центрир бар, ол штативті жүйе бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Slide 10

4Т - сериялы оптикалық теодолиттер

Теодолиттердің ерекшеліктері:

көру дүрбісінің тура бейнелеуі;

лимбты арнайы бұранда арқылы бұрап қоюы;

кез келген ауа райында жұмыс істеу қабілеті;

салмағы жеңіл, әрі қазіргі заманғы дизайн.

Теодолиттің жинақтамасында: аспап, шпилька, үлкен бұрауыш, кіші бұрауыш, паспорт, қабы бар.

Slide 11

Техникалық сипаттамалары

4Т30П

4Т15П

Көру дүрбісінің үлкейтуі, есе

Көздеудің ең кіші қашықтығы, м Вертикаль, дөңгелек компенсаторының жұмыс ауқымы,

Санақ микроскопы шкаласының бағасы Горизонталь бұрышты өлшеудің орташа квадраттық кателігі

Вертикаль бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қателігі

20

1, 2

4

1”

20”

30”

3, 5

20

1, 2

5

1’

15”

15”

3, 5


Ұқсас жұмыстар
Геодезиялық аспаптардың техникалық сипаттамасы: теодолит, нивелир және электрондық тахеометр
Геодезиялық аспаптарды пайдалану және техникалық тексеру ережелері
Самосвалдар: құрылымы, жіктелуі және карьерлік модельдердің техникалық сипаттамалары
Геодезиялық тірек тораптары: жалпы түсінік, классификациясы және техникалық сипаттамалары
Құрылыстық тордың классификациясы, техникалық сипаттамасы және қолданылуы
ОВЕН БЛК сериялы бағдарламаланатын логикалық контроллерлер: құрылымы, техникалық көрсеткіштері және қолдану салалары
Ресей электронды тахеометрлері: 3ТА5Р моделінің техникалық сипаттамасы мен қолданылуы
Радиозондтар: аэрологиялық бақылаудың принциптері, тарихы және техникалық сипаттамасы
Құрылыс машиналары және жүк көтергіш крандардың түрлері мен техникалық сипаттамасы
Жылжымалы компрессорлық қондырғылар мен ортадан тепкіш сорғылардың техникалық сипаттамасы және қауіпсіздік талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz