Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру


Slide 1

Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті СРО Пән:Музыкалық білім беру әдістемесі Тақырып: оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру Топ:П-301 Орындаған:Бейсенгазыев Медет Тексерген: Султанова Н. К Семей қаласы. 2015 жыл

Slide 2

Типтік бағдарлама

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Slide 3

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды. Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады. Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ, ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.

Slide 4

Музыка пәнін оқытудағы тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқаулар

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген: - оқушылардың саны; - оқу орны; - оқыту дәрістерінің ұзақтығы. Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді. Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т. б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденіс жүргізілді.

Slide 5

Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О. А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән: 1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді; 2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады; 3) Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады; 4) Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс; 5) Өзге пәндермен ортақтастығы - онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.

Slide 6

О. А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады: - музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы; - музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы; - музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау; - педагогикалық байланыстардың болуы; - музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану; - жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту; - жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы; - музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту; - музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы; - музыкалық дүниетанымын дамыту; - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру; - музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру; - педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа- қасиеттерін дамыту; - музыка сабақтарын нақты жоспарлау; - музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау; - музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;

Slide 7

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

Slide 8

Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сабаққа әзірлігі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ
Мектепке дейінгі мекемелердегі негізгі құжаттамалар
Сабақты мақсатты талдау
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ
Жас маман
Университеттегі кураторлар жұмысы
Бақылау сабақтары
Әдістемелік бірлестік құру туралы бұйрық
Заманауи сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz