Астық биттері




Презентация қосу
Тақырыбы: Астық биттері
(Aphididae – Злаковые тли).

Орындаған: Садыкова Айжа
Тексерген: Сагандыков С.Н
Топ: АГ-213
Кіріспе
Астық биті туралы қысқаша түсінік
Негізгі бөлім
2.1. Астық битінің түрлері және оның биологиясы
2.2. Астық битінің зиянды фазалары
2.3. Астық биттерін есептеу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Астық биті – майда сорғыш насекомдарға жатады.
Қанатты және қанатсыз түрлері кездеседі. Қанатты
түрлері қолайсыз жағдайларда пайда болады.
Өсімдік биттеріне тән қасиет, олардың жыныссыз
және жынысты көбею жолдары кезектесе ауысып
отырады. Көпшілігі өсімдік бұтақтарының,
сабақтарының қабықтарында қыстап шығады.
Ересек биттер жабық орындарда (теплица) қыстап,
жазға қарай далаға тартуы да мүмкін. Олардың
көбеюіне құрғақ әрі ыстық ауа қолайлы жағдай
туғызады. Қолайлы жылы биттер 12–15 ұрпаққа
дейін береді. Олар жапырақтардың астыңғы бетіне,
бұтақтарға, сабақ ұшына гүл сабағы мен
бітеугүлдерге шоғырлана жиналып тіршілік етеді.
Өсімдік сөлімен қоректеніп, сілекейімен қоса
өсімдікке әр түрлі ферменттер жіберіп ондағы
физиологиялық процестердің қарқынды жүруіне
кері әсерін тигізеді. Биттің сорған жері
ағарыңқырап, сарғаяды. Сонымен бірге биттер ауру
қоздырғыш вирустардың таралуына, сол
вирустардың өсімдік тканіне енуіне жағдай
туғызады.
Астық биттері ( Aphididae –
Злаковые тли). Тең қанатты
насекомдар отрядының
(Homoptera) бітелер (Aphidoidea)
отряд тармағына жатады.
Қазақстанның барлық жерінде
кездеседі. Олар бидайды, арпаны
және басқа да астықтарды
зақымдайды.
Ең көп таралғандары келесі
түрлер:
- кәдімгі астық биті (Toxoptera
graminuim Rond. - Обыкновенная
злаковая тля),
- үлкен астық биті (Sitobion
avenae F. - Большая злаковая
тля),
- арпа биті (Brachycolus noxius
Mord.- Ячменная тля).
Кәдімгі астық биті (Toxoptera
graminuim Rond. - Обыкновенная
злаковая тля). Қанатсыз «негіз
салушы» ұрғашы биттің ұзындығы
2,7 – 2,9 мм, түсі жасыл,
мұртшалары 6 буынды, шырын
түтікшесі құйрықшасынан
ұзынырақ, жұмыртқасы сопақша,
алғашында ақшыл – жасыл болады
да 2 – 3 күн өткен соң қараяды.
Кәдімгі астық биті өсімдіктің ең
жоғарғы жапырағында
(масақтанған кезде масақта)
колония құрып (шоғырланып)
тіршілік етеді. Олар бидайды,
сұлыны, арпаны, қара бидайды,
күрішті, дәнді – дақылдардыңт
жапырақтарын зақымдайды.
Үлкен астық биті
(Sitobion avenae F. - Большая
злаковая тля). Қанатсыз
«негіз салушы» биттің түсі
жасылдау немесе сарғыш,
аяқтары ұзын, мұртшалары,
шырынды түтікшелері мен
құйрықшасы болады.
Денесінің ұзындығы 2,5 мм
– ден 3 мм – ге дейін болады.
Өсімдіктердің жапырағында,
өркендерінде тіршілік етеді.
Тез қозғалатындықтан
шоғырланып тіршілік
етпейді. Ең алдымен сұлыны,
кейіннен бидайды, арпаны,
сонымен бірге басқа да
дақылдарды зақымдайды.
Арпа биті (Brachycolus noxius
Mord.- Ячменная тля). Қанатсыз «негіз
салушы» биттің ұзындығы 3 мм, денесі
созылыңқы, жіңішке, түсі сарғылт –
жасыл ақшыл тозаң басқан, шырын
түтікшелері ұсақ, рудимент түрінде
сақталған, мұртшалары дене
ұзындығынан қысқа, басы, көкірегі,
аяқтары және шырын түтікшелері
ақшыл – қоңыр түсті болады. Арпа биті
өсімдіктің ең жоғарғы жапырағын
түтікше ширатып, соның ішінде
шоғырлана орналасады.
Арпа биті дәнді дақылдардың
барлығын зақымдайды, әсіресе арпаға
қатты зиян келтіреді. Биттер мекендеген
өсімдіктердің өсуі тежеледі, қатты
зақымданғандарының жапырағы
бұралып қурай бастайды, масағы
деформацияланады, дәні семіп, кәтек
болып қалады.
Астық биттері жұмыртқа күйінде көпжылдық астық
тұқымдас өсімдіктердің немесе күздік бидайдың жапырағы
мен сабағында қыстайды. Көктемде олардан шыққан
личинкалар көп кешікпей – ақ қанатсыз ұрғашы биттерге
айналады. Жаздық егін көктеп шыққан кезде қанатсыз
биттермен қатар қанатты ұрғашы биттер пайда болады да,
жаздық егіске ұшып барып, көбейе бастайды. Олар жаз бойы
партеногенез ( ұрықтанбай көбею ) жолымен өсіп – өніп,
күзге дейін солтүстік аудандарда 8, оңтүстікте 15 ұрпаққа
дейін береді. Биттердің жаппай көбейген кезі – оңтүстікте
дәнді – дақылдардың сабактануы мен масақтану фазасына,
солтүстікте – астық дәнінің сүттену фазасына тура келеді.
Астықтың пісуі жақындаған кезде ( яғни өсімдік
ткані қатайып, қурай бастағанда ) биттердің
қоректену жағдайлары нашарлайды да, сан мөлшері
азая бастайды. Осы кезде қанатты биттер пайда
болып, өсімдіктерге немесе күздікке қоныс аударады.
Қырқүйек – қазан айларында ұрғашы биттермен
қатар еркектері де пайда болады. Одан кейін ұрғашы
биттер шағылысқаннан кейін қыстайтын
ұрықтанған жұмыртқаларын салады.
Биттер мәдени және жабайы өсетін дақылдардың
жұмыртқа фазасында қыстайды. Көктемде
жұмыртқалардан личинкалар шығады, олар
қоректеніп, өніп – өсіп үлкен бірнеше қанатсыз негіз
салушы биттерге айналады.
Астық биті:
1 — қанатты бит;
2 — қанатсыз бит;
3 - дақыл жапырағындағы
жұмыртқа
4 —личинка;
5 — нимфа;
6 — дақыл жапырағындағы биттер
Астық биттерін есептеу әдістемесі.
Популяцияның қыстайтын санағын есептеу әдісін қазан айының соңында және ерте
көктемде күздік дақылдар егістігінде жүргізеді. Барлық егістіктерде, оларды ң алып
жатқан жер аумағының санына қарамастан , 16 үлгісі алынады. 1 м2 жерге өсімдіктерді ң
жалпы саны беріледі. Үлгілер төмендегідей алынады: орман белдеуінің бойымен немесе
егістіктің 15 – 20 м шетінен 4 үлгіні, ал 8 үлгіні егістіктің диагоналіне те ң орналастырып,
ал қалған 4 үлгіні егістіктің шетінен бірінші үлгіге қарама – қарсы орналастырады. Осылай
Z әрпіне ұқсатып орналастырады. Өсімдіктердің аты жазылып, арнайы қаптарға салады.
Талдау жұмыстарын зертханада жүргізеді. Егер күздік есептеуден кейін ауа райы жылы
болса, онда биттер жұмырқасын салуды жалғастыратынын ескеру керек. Келесі жылы ауа
райы қолайлы болса 1м2 жерге 5 – 10 жұмырқадан көбею қаупі туады.
Ересек зиянкестер мен личинкаларды есептеу әдісі егістікте қанатты мигранттармен
белсенді қоректену кезеңінде, екінші рет бірінші қоректенуден кейін үш ай өткен со ң
басталады. Астық биттері аз қозғалатындар қатарына жатады, сондықтан есептеу әдісін
жүргізу және бөлу жіңішке сабақты дақылдарға ( күздік және жаздық бидай, арпа, с ұлы )
үнемі бақылау жасау арқылы іске асырылады.
Есептеу әдісін жүргізу кезінде егілген өсімдіктер мен ондағы битерді ң де ңгейі ескеріледі.
Өсімдіктің орналасу деңгейі бес баллдық жүйемен есептеледі. 1 балл – біры ңғай т үрлер
немесе бірыңғай үлкен шоғыр ( 1 сабаққа 3 – 5түр); 2 балл – шоғырлар (10-15 т үр)
сабақтың ¼ бөлігін алады ; 3 балл – бірнеше шоғырлар сабақтың жартысын алады (20 – 30
түр); 4 балл - бірнеше шоғырлар сабақтың ¾ бөлігін алады (30 – 50т үр); 5 балл – барлы қ
сабақ биттің 50ден жоғары түрімен жабылған. Барлық алынған мәліметтерді арнайы үлгі
бойынша есептейді.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келсем, астық биті – майда
сорғыш насекомдарға жатады. Қанатты және қанатсыз
түрлері кездеседі. Қанатты түрлері қолайсыз жағдайларда
пайда болады. Көпшілігі өсімдік бұтақтарының,
сабақтарының қабықтарында қыстап шығады. Олардың
көбеюіне құрғақ әрі ыстық ауа қолайлы жағдай
туғызады. Олар жапырақтардың астыңғы бетіне,
бұтақтарға, сабақ ұшына гүл сабағы мен бітеугүлдерге
шоғырлана жиналып тіршілік етеді. Өсімдік сөлімен
қоректеніп, сілекейімен қоса өсімдікке әр түрлі
ферменттер жіберіп ондағы физиологиялық процестердің
қарқынды жүруіне кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге
биттер ауру қоздырғыш вирустардың таралуына жағдай
туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Т. Тілменбаев , Г.Ә. Жармұхамедова «Энтомология»

2. Агибаев А.Ж, Тулеева А.К, Сулейменова З.Ш
«Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен
аурулардан қорғау», Алматы. 2010

3. Cулейменова З.Ш «Методические указания по
мониторингу численности вредителей, сорных растений и
развития болезней сельскохозяйственных культур »,
Астана ,Фоллиант 2004

Ұқсас жұмыстар
Бас биттері
Киім биттері
Жәндіктер ТУРАЛЫ
Киім педикулезі
Картоптың таз қотыры
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Электронды - сандық қолтаңба
Астық массасы туралы түсінік. Астық сапасы мен жағдайы
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Астық массасын сақтау кезінде тұрақтылығын көтеретін шаралар
Пәндер