Сайтқа презентация қосу

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология Факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасы.

Пән атауы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1910-1930 жылдар).

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы.

Жоспар:
1. Өмірбаяны. ( 7 - 8 бет ) 2. М.Ж. Көпеев – зерттеуші әрі ауыз әдебиеті үлгілерін

жинаушы. ( 9 - 11 бет ) 3. М.Ж. Көпеев – ақын. ( 12 - 15 бет ) 4. “Оян, қазақ!” идеясын қозғаушы. ( 16 бет ) 5. М.Ж. Көпеев – көріпкел. ( 17 - 18 бет ) 6. Абай мен Жүсіп арасындағы үндестік. ( 19 бет ) 7. Еңбектері. ( 20 – 22 бет ) 8. М.Ж. Көпеевтің 150 жылдығы. ( 23 бет ) 9. Еңбектері. ( 24 - 25 бет ) 10.М.Ж. Көпеев атындағы кесене мен мешіт. ( 26 - 27 бет ) 11.Қорытынды. ( 28 - 29 бет ) 12.Тұжырымдама. ( 30 бет )

Кілт сөздер: ХХ ғасыр, әдебиет, ақын, зерттеуші, фольклортанушы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев [1]

Мәшһүр Жүсіп Көпеев – 1858 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерінде әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында дүниеге келген ақын, фольклортанушы. Ол 5 жасында Баянауылдағы Байжанның медресесінде Нәжімолдин хазіреттен білім алады. 8 жасынан бастап Камараддин хазіреттің қолында 15 жасына дейін оқиды. 1874 жылдан бастап 16 жасынан ұстаз бола бастайды. 20-25 жас аралығында Сарыарқа мен Жетісуды аралайды. Ташкент, Бұқара қалаларына барып білімін жетілдіріп отырған. 1887 жылы алғаш рет Бұқараға барады. Араб, парсы, шағатай тілдерінде еркін сөйлеген. 1931 жылы дүние салады.

Өмірбаяны

Ақынға Мәшһүр сөзінің қосылу себебі – 5 жасынан бастап жиын – тойларда қисса – дастандарды жатқа айтқан көрінеді. 9 жасында бір тойда Мұса Шорман оған “Мәшһүр” деген сөзді қосақтайды. Оны ақын өзінің “Өмірбаян” деген өлеңінде айтады: Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты, Бұл дүние жастай маған келді қатты. Сегіздей тоғызға аяқ басқа күнде, Мұса еді қосақтаған “Мәшһүр” атты.

М.Ж.Көпеев – зерттеуші әрі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, тәрізді батырлар жырларын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “АлтынбасКүмісаяқ” т.б лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. Қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша ту-ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген” сынды шығармалар.

Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген және қанша жолдан тұратынын да айтып кеткен. Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын-Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Найман Түбек, Найман Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.

Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңызәңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақалмәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақынжыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған.

М.Ж.Көпеев – ақын.
Ақынға ақындық өнер 15 жасында қонған екен: Жабысты маған өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не қыласың» — деді таста. Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа. Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша, Он бесте шабыттандым жүйрік атша. Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде, Кеудеме өлең толды сызған хатша.

Ол 1907 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі », «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын бұл шығармаларында қазақ халқына бостандық, беру, елде мектеп-медреселер ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті ойлар толғайды.

«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білді. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс тапты. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдар басым болды. Жолыңнан сыбағалы құры қалма, Жақсыны аты естілген естен салма. Жұртыңның қамы үшін қайрат қылып, Айдалып, атылсаң да арман бар ма ( “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі” өлеңі)

«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттейді. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынайды. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алып көрсетеді. Халықты өнер-білімге, оқуға, мәдениеті күшті ел болуға шақыраы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтай келе: Құдайдың шын нансаңдар бірлігіңе, Ерлердің күш қосыңдар ерлігіңе. Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей, Тілек қыл дін мұсылман бірлігіңе.

“Оян, қазақ!” идеясын қозғаушы.
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы, Айрылмай жақсы менен жаман парқы. Баласы дін мұсылман ояныңдар, Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы. Әркімнің өз пайдасы ойлағаны, Тереңге түсіп жатыр байлағаны. Бостандық деген сөзді жоқ қылам деп, Аш бөрі бізді жеуден тоймағаны. ( “Қара өлең” өлеңі)

М.Ж.Көпеев – мысалшы, жыршы.
Ақын өлең, толғаулармен қатар мысал мен дастан да жазған. “Жарты нан хикаясы”, “Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Аңқау адам туралы”, “Шайтанның саудасы”, “Сәйгелді, сона, бөгелек” атты мысалдары бар. Сондай – ақ, “Жантемір қажы”, “Нүсіпхан”, “Жер мен көк”, “Хаятбақшы”, “Миғраж”, “Пайғамбардың дүниеден өтуі”, “Гүлшат - Шеризат” дастандары бар.

Қазақтың молдасы бар көбелектей, Жүреді қайда от болса төңіректей. Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз, Ұшады тек жел болса, ебелектей ( “Сәйгелді, сона, бөгелек” мысалы) Жігітке құдай берген қиын емес, Болғаным менің ақын биыл емес. Бетіне ақ қағаздың салып шимай, Қиссасын “Гүлшат - Шеризат” қылдым кеңес ( “Гүлшат – Шеризат” дастаны)

М.Ж.Көпеев – көріпкел.
1920 жылы “Сарбұлақ” деген жерге үй салдырады. Ол үйді 1930 жылы тамамдап біткен соң, өзіне зират салдыра бастайды. М.Ж.Көпеев: “Келер жылы дүниеден өтемін, арғы жылы маған ас бермек түгілі қоңыз теріп кетесіңдер”, - деп болжам жасап кетеді. 1952 жылы 10 желтоқсанда “Социалистік Қазақстан” газетінде М.Ж.Көпеев діншіл, ұлтшыл деген мақала шығып, соған байланысты Қазақстан Коммунистік партиясының қаулысы шығып, оның зиратын 2 милиция, 1 трактордың күшімен бұзып тастайды.

Абай мен Мәшһүр Жүсіп арасындағы үндестік. [1] [2]

Қараумен өз бойыма күнімді өткіз, Басқаға көз салдырма патша – құдай. ( М.Ж.Көпеев) Патша – құдай сиындым, Тура баста өзіңе. (А.Құнанбаев)

Жастықта ұмтылып бақ ілгері өтіп, Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп. Қолыңа қармағанмен түк түспейді, Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп. (М.Ж.Көпеев) Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. (А.Құнанбаев)

М.Ж.Көпеевтің 150 жылдығы. [3]
Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Ақынның 150 жылдығына арналып шығарылған жинақ кітаптары. [3]

Еңбектері:
М.Ж.Көпеевтің толық шығармалар жинағы 30 том көлеміндей. М.Ж.Көпеевті Ә.Диваев жан – жақты зерттеген. [3] [4]

Мәшһүр Жүсіп кесенесі. [1]
Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт. [5]
Образец текста Второй уровень


Третий уровень  Четвертый уровень  Пятый уровень

Қорытынды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтен (1858–1931) қалған мол мұра ішінде: әлеумет мәселесіне арналған неше алуан шығармалар, ұзақ оқиғалы хикаялар,   айтыстар, шежірелер, тарихи материалдар, фольклор үлгілері бар. Бұларға қоса ақынның араб, парсы, шағатай тіліндегі көшірмелерін есепке алсақ одан қалған мұра – 30 томдай болады. Мәшһүр шығармалары оның өз қолымен, жиені әрі шәкірті Жолмұрат қолымен, араб әрпімен жазылған. Олардың кейбіреуі қауырсын қаламмен қадимше жазылса, қалғандары кейін қолданылған араб алфавитімен жазылған.

Олардан М.Ж. Көпеевтің қазақ арасында қайнап өскен, халқының ісін, әдет-ғұрпын, салт- санасын жақсы білген ақын екені аңғарылады. Көшпелі сахара қазақтары көрген теңсіздік, әділетсіздік, зорлық-зомбылық Мәшһүр шығармаларынан айырықша орын алған. Ол халықтың ғылымбілімнен шет қалмауын, өнерлі болуын, алдыңғы қатарлы ел болуын тіледі. Патша үкіметінің қара халық басына азап төндірген жайсыз жақтарын әшкереледі. Бұхар, Дулат, Шортанбай, Махамбет, Мұрат, Абай поэзиясымен рухтас келген келелі шығармалар жазды. Мәшһүр – заманының сыншыл, шыншыл, әлеуметшіл ақыны. Ол ұлықтарды, болыстарды, ауылнайларды, отаршыларды сынады, халықтың патша үкіметі құрсауынан құтылуын арман етті.

Тұжырым.

М.Ж. Көпеев шығармаларынан өткен кездегі қазақ халқының өмірін, арманын, күйінішін, сүйінішін, сауық-сайранын, қайғы- қасіретін көреміз; “үйде отырып бос өлмей” ел үшін ерлік етуді армандаған ақын екенін танимыз. Тұжыра айтқанда, М.Ж. Көпеев заманының озық ойлы,алдыңғы қатарлы азаматы болған. Туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, сөйтіп, онымен бірге қуанып, бірге қайғырған өрелі ақын. Сондай-ақ, атадан балаға мұра болар ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жинақтап көзінің қарашығындай сақтаған. Осынау ұланғайыр мол дүние бүгінгі таңда әлі де болса терең зерттеп, жанжақты бағасын беретін әділ насихатшысын күтуде.

Графикалық кескіндемелер мен суреттерге ақпараттық сілтеме.
1. 2. 3. 4. 5.

www.cdo.psu.kz headline.kz mashhur.psu.kz pavlodar.xchat.kz adyrna.kz

Таныстырылымда пайдаланылған ақпараттарға сілтеме.
С 73 Сөз өнерінің зергері, акын, публицист,

этнограф, фольклорист, ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналады. / Құраст,: Қосаева Н.Қ., Күзембаева В. Ред. алқасы: Әбуғалиева К.К. (жауапты ред.), ред.:Нұрғожина Ж.М., Ақашева С.С., Әбенова Л.Д., Бравач О.П.(техн. ред.). - Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2008. - 308 б. ["Ұлы тұлғалар" атты ғылымиғұмырнамалық серия].

Студенттің аты-жөні: Саметқалиева А. Д. Оқу тобы: ФИ – 311 Курсы: 3 Мамандығы: Филология: қазақ тілі. Пән оқытушысы: Қанапияқызы А. Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы. Жылы: 2015


Пән: Әдебиет



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь