НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКА ЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК


Slide 1

НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Slide 2

ЖОСПАР

МАКРОЭКОНОМИКА ЛЫҚ ТЕПЕ ТЕҢДІҢ ДЕГЕНІМІЗ?

ТЕПЕ ТЕҢДІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҒАЛЫМДАР

Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар

Slide 3

Макроэкономика (грекше μακρός - ұзын, үлкен, οἶκος - үй және Nόμος - заң) -

экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпыэкономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.

Slide 4

ҒАЛЫМДАР

Slide 5

Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады

Slide 6

. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын алға тартанын осындай идеяны А. Смит, Д. Рикардо, Дж. Ст. Милль, А. Маршалл және А. Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық теорияның өкілдері жақтайды. Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды.

Slide 7 Slide 8

Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік Е нүктесінде кейнстік үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік жиын-тық сұранысты реттеуге негізделген және мемлекеттің экономикаға араласуын талап етеді.

Slide 9

Ұлттық экономика шеңберінде тұтыну, жинақтау және инвестиция деңгейлерін қолда бар табыс пен пайыз мөлшерлемесі көрсеткіштері анықтайды. Классикалық макроэкономикалық үлгіде жинақтау мен инвести-ция деңгейлері пайыз мөлшерлемесі арқылы автоматты түрде ретке келіп отырады, олай болса, қолда бар табыс факторы екінші орынға қойылып, пайыз мөлшерлемесіне шешуші мән беріледі. Кейнстік макроэкономикалық үлгіде көбінесе экономикалық агенттердің психологиялық факторлары мен мінез-құлықтары ескеріледі. Тұтыну мен жинақтау функцияларын қолда бар табыс деңгейі анықтайды, ал инвестиция көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады.

Slide 10

Тұтыну - қолда бар табысқа байланысты ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсайтын тауарлары мен қызметтерінің жиынтық құны. Жинақтау - ел азаматтарының ағымдық қажеттіліктерін қана-ғаттандырып болғаннан кейінгі қалған қолда бар табыстың тұтыныл-майтын бөлігі. Ұлттық экономика шеңберінде жасалатын жалпы ішкі өнімнің құрамындағы инвестицияларды талдаудың маңызы аса зор.

Slide 11

Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator - көбейтуші) - табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 жылы ағылшын экономисі Ричард Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс «Жұмыспен қамтудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қор инвестициясы
AD-AS үлгісі
Ұлттық Экономикалық
Химиялық тепе - теңдік константы
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні мен динамикасы
Макроэкономикалық тепе - теңдік және оның үлгілері
ҚР-дағы экономикалық өсу себептері,факторлары
ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ЛАУРЕАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Қазақстан экономикасына тарихи экскурс
Макроэкономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz