Шиншиллдарды өсіру


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. Шиншиллдарды өсіру Орындаған:Қанапьянова А.

Тексерген: Тугамбаева С. м. Семей 2015

Slide 2

Глоссарий Қақпан - аңшылық құралы. Темірден жасалады. Бала Қ. қарсақ, түлкі, суыр, т. б. ұсақ аңдарды ұстауға, ал қазақ Қ. мен тісті Қ. қасқыр, аю, сілеусін, қабылан аулау үшін құрылады. Аңшылық - түз жануарларын аулау кәсібі. Тұзақ - қоян мен құс ұстауға арналған құрал. Аң өсіру - құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту; мал шарушылығының бір саласы.

Slide 3

Жоспар Ι Кіріспе Шиншиллдар туралы жалпы мәлімет ΙΙ Негізгі бөлім 1. Шиншиллдарды өсіру мен күту 2. Жем беру 3. Көбейту ΙΙΙ Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Шиншиллалар кеміргіштер жасағына жатады. Оның екі түрі белгілі: кішкентай ұзынқұйрықты немесе жағалаулық шиншилла және қысқа құйрықты немесе үлкен шиншилла. Денесінің ұзындығы 22-38 см, құйрығы 7-15 см., басы ірі, көздері үлкен, құлақтары дөңгелене біткен 5-6 см-лік, вибриссалары 8-10 см. Артқы аяқтары төртсаусақты, алдыңғылары бессаусақты, аяқтары қолдарынан екі есе ұзын, алдыңғы қолдарының саусақтары жармасқыш болып келеді. Ауыздарында 20 тісі бар, оның 16-сы өмірінің барлық кезеңінде өсе беретін түбірлі тістер. Шиншилла терісі - сән индустриясындағы аң терісі бұйымдарының ішіндегі ең қымбаттарының бірі.

Slide 5

Бұл кішкентай аң түнде тіршілік етуге бейімделген, ұрғашылары еркегінен ірілеу болып келеді. Қалыпты түрі әр қылшығының өзінше бөлек түстері біріге келіп, соншалықты әдемі сұрқай көк түстегі агутиді қалыптастырады. Алайда, генетикалық жұмыстар нәтижесінде шиншиллалардың қара барқыт, сарғыш, ақ, эбони, сапфир, күлгін, көк барқыт, қоңыр барқыт және т. б. түстері туындаған.

Slide 6

Шиншиллаларды өсіру мен күту.

Шиншиллаларды ең дұрысы -қараңғылау және тыныш жерге қойылған торда ұстау. Тор әрі кең, әрі бірнеше қабатты болғаны дұрыс. Тордың ішіне үйшік, бұталар мен кішкентай баспалдақтар қойылады. Сонымен қатар ол жерде мезгілімен ауыстырылатын және елеуден өткізіліп тұратын майда құмы бар шомылуға арналған астауша болуы керек. Күнделікті құмға шомылу шиншиллалар үшін су рәсімдерін алмастырады, әрі жүндерін тазалап отыру үшін қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері немесе нығыздалған жаңқалар пайдаланылады. Оны аптасына бір рет ауыстырады, ал торды бастан-аяқ тазалау мен дезинфекциялау жұмыстарын айына 1-2 рет жүргізіп отырады.

Шиншиллаға дәретке отыруды үйретуге болады, сол үшін арнайы бұрышқа ағаш үгінділері немесе толтырғыштар салынған астау қойылады. Тордың температурасы 25ºС-ден жоғары болмауы керек, өйткені одан жоғары деңгей аңның өмір сүруін тоқтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Slide 7

Жем беру. Шиншиллалар шөп қоректі жануарлар, сондықтан да олардың азықтық мәзірінің негізгі бөлігін өсімдіктер құрайды. Оларға күн сайын көк және аралас жемдер, шөп, түрлі қоспалар қажет болады. Бұл жануарларды дұрыс азықтандыру өте маңызды, өйткені олардың тең жартысы асқазан-ішек ауруларынан өледі.

Аралас жемдерге дәнді, бұршақты, майлы өсімдіктер және олардың өңделген өнімдері (кебек т. б. ) жатады. Көк жемдерге жататын жас шөп пен сұлы өскіндері де шиншиллаларға өте пайдалы. Шиншиллаларға жем ретінде шалғындық және қарапайым шөптерді: жылқы қымыздық, бақбақ, қалақай, жолжелкен, түйежапырақ, бүлдірген жапырақтарын да беруге болады. Алайда көк азығы- бұл бар болғаны негізгі тағамға деген қоспа ғана. Шиншилла торында шөп жыл бойы (тәулігіне25 г. ) жатуы тиіс. Мәзірде шөп қарастырылмаған болса, ол жануардың өліміне апаруы мүмкін. Шиншиллаларға арналған арнайы фабрикаларда дайындалатын түйіршекті дайын жемдер де бар.

Slide 8

Көбейту. Шиншилла 6-7 айлығында жыныстық пісіп-жетіледі де жылына 2-3 қияласқа мүмкіндігі бар, олардың әрбірінде 1-ден 5-ке дейін күшіктері, орта есеппен 2-3 күшігі болады.

Шиншиллалар түнде қосылады. Жүктілік мерзімдері 106-114 күн. 18 жыл өмір сүреді, оның 12-15 жылында белсенді түрде көбейіп отырады.

Күшіктеуге 10 күн қалғанда ұялық жәшікті төсенішпен (шөп немесе собық) толтырады да ұрғашысы шөптерді шашып тастамас үшін саңылауын жоғары қаратып қояды. Күшіктеуге бірнеше күн қалғанда тордан құмдық шомылуға арналған ыдысты шығарып тастайды. Күшіктер көздері ашық, тістері жарылған, мамыққа оранған күйінде туылады, алғашқы күннен-ақ олар емін-еркін қозғала алады. Жаңа туылған шиншиллалардың таза салмағы 30-70 гр.


Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын өсіру әдістері
Жасанды қоректік ортада өсетін клеткалардың артықшылықтары
Температураға байланысты саңырауқұлақтардың өсу коэффициенттері
Уыт өсірудің морфологиялық және физикобиохимиялық процестері
Латона сорты Романо сорты
Өсімдік клеткаларын өсіру
Клеткаларды өсіру әдісі
Каллус клеткаларын алу және өсіру
Клетка культурасы
Жануарлар жасушаларын өсіру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz