Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі – сенсорлық тәрбиесі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті

Мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеудегі – сенсорлық тәрбиесі

Орындаған: П-223 топ студенті
Ақболатова Н.А.
Тексерген: Кошкимбаева Р.Х.

Семей қаласы
2015 жыл.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы
ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселермен озады.
Мектеп жасына дейінгі кезең –
балалардың сезу мүшелерін дамытуға ең
қолайлы шақ.

Баланың сенсорлық дамуы – бұл
заттардың сыртқы қасиеттері туралы
ойларының қалыптасуы және оны қабылдай
білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі,
кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі,
дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық
дамудың мәнін бағалау қиын.
Ф.Фребель М.Монтессори О.Декроли

Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты
шетелдік ғалымдар.

Сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты
Ресейлік өкілдері Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова,
Н.П.Сакулина т.б. толыққанды сенсорлық дамуды
қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке
дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы
ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір
жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды
қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту
үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен
заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың
басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету –
қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты
ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға
сүйенусіз мүмкін емес.
«Сенсорлық мәдениет» ұғымы
мектепке дейінгі педагогикаға
М.Монтессоридің жұмыстарының
арқасында енді. Бірақ, ол мұндай
мәдениетке қол жеткізу үшін
баланың сезім мүшелерін заттардың
түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге
жаттықтырып отыру жеткілікті деп
санаған. Мұндай көзқарас қате еді,
М.Монтессори ол баланың дамуы түбегейлі
жануарлар баласының дамуынан
айырмашылығы барын ескермеді.
Баланың сенсорлық дамуының бір-
бірімен байланысты екі жағы бар:

Біріншісі – заттар Екіншісі –
мен құбылыстардың қоршаған ортаны
әр трүрлі қасиеттері толықтай және
жөніндегі түсініктерді жекелей қабылдауға
меңгеруі; жаңа әрекетін игеруі.
Баланың сенсорлық мәдениеті – адамзат
жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы
жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық
мәдениетті меңгеру нәтижесі.

Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда
сенсорлық этоландары туралы –заттардың сыртқы
қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы
үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде
қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс
пайдаланылады.
Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту
өте қолайлы. Өйткені ойын – тәрбие
құралы.Ол балалардың дүние танымын
дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі.Ойын
арқылы балалар айналасындағы нәрселердің
атын,болмысын ғана танып қоймайды, түр
түсін, не үшін керектігін білетін
болады.Сонымен бірге, ойын арқылы іс-
әрекетін іске асырады.Ойын кезінде ғана
балалардың өзін қоршаған ортаға қатынасы
дамып, танып біледі.
Ойын арқылы заттың қалай пайдаланатынын
түсінеді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын
жоғары бағалай келіп,
А.С.Макаренко:«Бала өмірінде
ойынның маңызы зор, ересек
адам үшін еңбектің, жұмыстың
маңызы болса, олар үшін
ойынның да маңызы бар.Бала
ойында қандай болса, өскенде
жұмыста да көп жағынан сондай
болады.Сондықтан келешек
қайраткерді тәрбиелеу алдымен
ойыннан басталады.»
Ойынның мазмұны түпкі ниеті –
балалардың нені және қалай ойнайтыны,
ойын әрекеттері тәрбиешілер ұсынатын ойын
ережесі.Ойынның мазмұны оны қызықты
етеді, ойнауға деген ынтаны қоздырады.Ойын
кезінде балалардың білімі мен ұғымы
тереңдей түседі.
Ойын – өзінше бір мектеп, сол арқылы
бала дүние туралы түсініктерді игереді.
Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;

Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде
алынған былықты көрсетулерін ретке келтіру;

Байқағыштығын дамытады;

Шынайы өмірге дайындайды;

Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;

Қиялдың дамуына негіз болып табылады;
Зейінін дамытады;

Сенсорлық үлгі-өнегені игеруді
қамтамасыз етеді;
Оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз
етеді;

Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет
тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;

Баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер
етеді;
Көру, есту, бейнелі және т.б есте сақтау түрлерінің
дамуына әсер етеді;
Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық
қабылдауын қамтиды, бір жағынан олар ойнаушылар
әрекетінің жас ерекшелігін, адамгершілік уәждерін,
екінші жағынан – еріктілік қағидасын, өзі таңдау
құқығын, жеке даралығын көрсетуді ескереді. Күнделікті
өмірде бала әртүрлі пішінді бояуларды кездестіреді – бұл
оның жақсы көретін ойыншықтарымен қоршаған
ортадағы заттар. Көркем туындыларды – сурет, мүсіндерді
көреді және ән тыңдайды, бірақ осы білімді игеру
үлкендердің көмегінсіз, табиғи түрде жүргізіледі. Осы
жерде көмекке сенсорлық тәрбие келеді, дәйекті және
жоспарлы түрде балаларды адамның сенсорлы
мәдениетімен таныстырады.
Қорытындылай келе, Әр жастың сенсорлық
тәрбие алдында өзіндік міндеттері бар. Ерте жастан-ақ
түс,пішін, мөлшер туралы ой елестері көбейе түседі.
Осы ой елестерінің әр түрлі болуы өте маңызды. Бұл
баланы түрлі сапалы түс спектрларымен,
геометриялық пішіндермен, шеңбер, сопақ, шаршы,
тіктөртбұрыш,үшбұрыш, дөңгелек, текше,
кірпіштермен таныстыру керектігін
білдіреді.Танымдық және сөздік шеберлігін дамыту,
көру, сезу, қозғалу, салыстыру арқылы түсті, пішінді,
өлшемді анықтау. Қалыптасуымен бірге балаларға
заттарды тексеру тәсілін үйрету керек: оларды түс,
үлгі-нұсқа айналасындағы пішіндер бойынша
топтастыруға, одан да қиын іс-әрекеттерді орындауға
үйрету қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005
2. Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық
зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-
128б
3.Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно
исследовательской деятельности студентов. М..,2005
4.Новиков А.М. Методология образования М..,2002
5.Загвянский В.И., Атаханова Р. Методология и методы
психолого педагогического исследования М..,2003
6. Герасимов И.Г Структура научного исследования М..,
1985
7. http://ds0013.kokshetau.akmoedu.kz/documents

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі
Балаларда заттарды тексерудің көрнекі тәсілдерін қалыптастыру
Александра Платоновна Усова
Ата физикалық мектепке және сурдопедагогикалық ұйымдастыру
Мектепке дейінгі жастағы баланың сенсорлық дамуы
Дене тәрбиесі ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Дене тәрбиесінің әдістері
Пәндер