Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi


Презентация қосу



Вирустар компьютермен жұмыс iстеу
кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың
туындауына әсер етедi. Олар
- Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу
жылдамдығы кемидi;
- Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден
орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi;
- Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады;
- Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда
жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi
азаяды;
- Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық
эффектiлер пайда болады және т.б
Вирустар бүлдiру тәсiлдерiне
қарай резиденттi және резиденттi емес болып
екiге бөлiнедi. Вирус жұққан программа iске
қосылғанда, резиденттi вирустыңкөшiрмесi
компьютердiң жедел жадында жазылып қалады
да, олар операциялық жүйеде жұмыс
жасаған барлық программаларға жұғады.
Резиденттi вирустар компьютер жедел жадында
орын алып тұрады да, компьютер iстен
шығарылғанға немесе қайта iске қосылғанға
дейiн өз жұмысын атқарады. Резиденттi
емесвирустар компьютердiң жадында
орналаспайды және олардың жұмыс iстеу
уақыты шектеулi болып келед
Вирустардың деструктивтi мүмкiндiктерiне қарай, яғни
олардың атқаратын iс-әрекеттерiне байланысты
оларды мынандай топтарға бөлуге болады:
- қауiпсiз вирустар әсерi дискiдегi бос орынның
азаюымен және графикалық, дыбыстық, басқа да
эффектiлердiң кемуiмен шектеледi (оның тарау
нәтижесiнде тек дискiнiң бос жады кемидi);
 - қауiптi вирустар компьютердi жұмысынан
жаңылыстыратын көңiл аударарлық зиянды әрекеттер
туғызады;
- өте қауiптi вирустар әсерiнен көптеген
программалар, мәлiметтер, жедел жадының жүйелiк
аймақтарына жазылған компьютер жұмысына қажеттi
ақпараттар жойылып кетедi.
Вирус алгоритмдерiнiң ерекшелiктерiне қарай оларды мынадай да топтарға
бөлуге болады:
- компаньон-вирустар (companion) – файлдарды өзгертпейтiн вирустар, бiрақ олар
осы атқарылатын .EXE-файлға ұқсас кеңейтілмесі .COM болып келетiн орындалатын
файлдар жасап шығарады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшiнXCOPY.COM атты тағы бiр
файл пайда болады. Вирус осы .СОМ-файлға жазылады да, .ЕХЕ-файлды өзгертпейдi.
Бiрақ XCOPY файлын орындау қажет болғанда, алдымен вирусы бар .СОМ-файл
орындалып, тек сонан кейiн ғана .ЕХЕ-файл орындалады.
- құрттар (worm) – компьютерлiк желi арқылы таралатын және компаньон-вирустар
сияқты файлдарды, дискiдегi секторларды өзгертпейтiн вирустар. Бұлар желi арқылы
компьютердiң жадына орнығып алады да, басқа компьютерлердiң желiлiк адрестерi
бойынша өз көшiрмелерiн таратады. Кейбiр жағдайларда мұндай вирустар дискiлер
жүйесiнде жұмыс файлдарын құрып алғанмен олар компьютер жадынан өзге
ресурстарын пайдаланбайды.
- "паразиттiк"  топқа кiретiн вирустардың әсерi тиген дискiлiк секторлар мен
файлдардың мазмұндары өзгерiп кетедi. Құрт немесе компаньон-вирустарға жатпайтын
басқа вирустар паразиттiк топқа кiредi;
 "студенттiк" – вирустарға болар болмас әсер ететiн,
резиденттi емес, қателер саны өте көп вирустар тобы кiредi;
- "стелс"- вирустары (көрiнбейтiн вирустар, stealth)  дамыған
программалар тобына жатады, зақымдалған файлдар
өңделуге тиiс сәттерде олардың орнына мәлiметтердiң ауру
жұқпаған бөлiктерiн орналастырып, оларды да зақымдай
бастайды. Оның үстiне бұл вирустың жұғу алгоритмi күрделi,
әрi жоғарғы деңгейде болғандықтан антивирустық
программаларға оларды тауып зақымсыздандыру оңай емес;
- полиморфик – вирустар (өздiгiнен өрбитiн немесе елес-
вирустар) – өте қиын табылатын вирустар тобына жатады.
Көп жағдайларда бiр полиморфик-вирустың екi түрлi бейнесi
бiр-бiрiне сәйкес келмейдi.
-макро-вирустарға – мәлiметтердi (мәтiндiк редактор және
электрондық кестелер) өңдеу жүйелерiне ендiрiлген
макротiлдердiң мүмкiндiктерiн пайдаланатын вирустар тобы
жатады. Қазiргi кезде Microsoft Word редакторының
құжаттарынбүлдiретiн макровирустар көп тараған.
Кейбiр вирустардың таралуы әсерiнен
программалардың жойылуы,
мәлiметтердiң  немесе жадының жүйелiк
аймақтарында жазылған ақпараттардың
өшiп қалуы сияқты қолайсыз жағдайлар
кездесiп отырады. Осыларды болдырмау
үшiн немесе бола қалған күнде де олардан
арылу мақсатында вирустармен күресуге
арналған арнайы антивирус, яғни
вирустарға қарсы күресетiн программалар
қолданылады
Антивирустық программалар – компьютерді вирустан
қорғау, дискілерде жазулы программалар мен
берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды
жою сияқты әрекеттерді орындауға арналған
программалар.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын антивирустық
программалар: Aidstest, DrWeb, NDD, Antiviral Toolkit Pro (AVP),
Kaspersky Antivirus және т.б.
Жұмыс барысында антивирустық программалар:
-  жедел жадты (DOS, XMS, EMS);
-  архивтелген (сығылған) барлық файлдарды;
-  жүйелiк секторларды (Master Boot Record), жүктелушi секторды
(Boot-сектор) және дискiнi бөлу кестелерiн (Partition Table) тексередi;
- иiлгiш, жергiлiктi, желiлiк және CD-ROM дискiлерiн;
- обьектiлердiң өзгергенiн немесе өзгермегенiн және т.б. тексередi.
Антивирустық программалар
келесі топтарға бөлінеді:
Детектор-программалар – тек бұрыннан белгілі вирус
түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз
боп келеді.
 Доктор-программалар – вирус жұққан программалар мен
дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу»
арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді
 Доктор-ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар
арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді
анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп»
бастапқы қалыпты жағдайға түзейді.
 Фильтр-программалар – компьютердің оперативтік жадында
тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне
әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп
отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.
Вакцина-программалар – компьютердегі программалар
жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп
модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл
программаларды пайдалану онша тиімді емес.
Назарларынызға рахмет!!!



Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь