Дін рухани мәдениеттің бөлігі



Дін рухани мәдениеттің бөлігі

Дін жайлы түсінік
Діндарлық адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым - қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән - мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен - саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш - үрей де, сүйіспеншілік те, ата - бабаларды қастерлеу де және т. е. с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» - (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме - дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Дін адам жан - дүниесінің талап - талпыныстары мен арман - мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым - қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

Дамыған діндердің ортақ мүддесі - қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы - иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт - тыныш өмір сүрудің кепілді бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін - бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды».

Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат - мүделлі іс - әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу - діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс - бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Адамның діни сеніміне құрмет пен
оның таңдауына құрмет ретінде қарау.
ОРЫНДАҒАН: Хаметова. М. Ж Е - 415 топ ТЕКСЕРГЕН: Жакпарова. Г. А.

Еліміздегі діни сенім ахуалын барлаудан бұрын Елбасы Н. Назарбаевтың заман ағымына сай ұсынып отырған тағылымға толы сөздерінен: « . . . біз тәуелсіздік жылдарында дінімізге қайта оралып жатырмыз. Қарап отырсаң, қазақ ешқашан дінінен айырылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, дінімен қайта қауышты да, әрі қарай жалғастырып жүре берді» - делінген үзіндіге байыптап қарасақ, шынымен - ақ республикамыздағы діни ахуал көп түрлілігіне қарамастан зайырлы мемлекеттік тұрпатқа сәйкес даму үстінде екенін көреміз.

Біздің қазақ қауымы мыңдаған жылдар бойы жан - жақтан әр алуан діндердің, нәсілдердің, мәдениеттердің айнала қоршап тұрған ортада өмір сүргендіктен ықпалдастыққа ыңғайласа қалыптасқан дәстүрлерінің кеңпейілдік, мейірмандық, арлылық т. б. жауапкершілікті талап етер тұстары мол. Атаның сүйегін қорлатпайтын, өз жерін, өз суын сүйетін, кең даланы бір басының меншігіндей қасиеттеп, қастерлеп отыратын жауапкершілікті қасиеттеріміздің ешқашан тозуы, ұмыт болуы мүмкін емес. Оның үстіне қазақ халқының көп нәрсеге ынтыққыш, көп нәрсені білгісі келіп тұратын елгезектігі, табиғат жағдайындағы өзгерістерге оңай икемделе қоятын, жағдай талғамайтын төзімділігі және бар. Мұның осы заманғы индустриялық, постиндустриялық қазіргі кездегі технологиялық жетістіктерді тез арада, жан - жақты игеруімізге пайдасын тигізері сөзсіз. Мұның бәрі рухани кепілдікке жетуімізге мүмкіндік береді, ол - рухани жауапкершілігімізді арттыру деген сөз.

Халқымыздың бойындағы қолбайлау болатындай теріс мінез, кемшіліктерін азайтуға, ал бұрын жасампаздығын ойдағыдай таныта алмай келген жақсы қасиеттерін одан әрі дамытуға тиіспіз. Ондай жақсы қасиеттерге тұрмыстағы шүкіршілік пен қанағатшылдыққа баулынған тұтынушылық минимализмді, соның арқасында кіріптарлыққа бас ұра қоймайтын рухани максимализмді - арлылық пен намысшылдықты және жауапкершілікті жатқызамыз. Сонымен бірге, кең далада оқшаулана беруге жол бермейтін «у ісшең руыңмен ішуге» мәжбүр ететін қауымшылдығымыз, оған басыбайлы бас ұрғызбай, өзіңді - өзің тежей білу арқылы жүгінетін абыройлы жауапкершілігіміз де мәнді қасиеттер. Әрине, қасиеттеріміздің барлығын да заманның талабымен тығыз үйлесімдікте игеруіміз қажет.

Қазіргі кезеңдік мәселелер мен қайшылықтық ахуалдар біздің көршілес елдеріміз бен әлемдік діни ілімдерге байланысты болып отыр. Сондықтан діндер ерекшеліктерін білу діни ахуалға немқұрайлы емес, аса сақтықпен қарауға үйретеді. Оның үстіне мәдениет, өнер және ғылымның барлық салалары діни сезімдермен тікелей байланысты. Өз сеніміңнің негіздерін білмей жатып, өз ұлтыңның ойшылдарын, жазушыларын, өнер және мемлекет қайраткерлерін түсіну мүмкін емес. Өйткені, діни бейнелер барлық елдердің шығармашыл адамдарының ой - болмысын қамтиды.

Қазақстанда көп конфессиялы жағдай қалыптасқан - әрбір діни бірлестіктердің уағыздаушылары өз сенімдеріне қазақстандық жастарды көптеп тартуға күш салуда. Олардың көпшілігі өздерінің діни парыздарын орындауда, бірақ кейбір бірлестіктер жетекшілері діни топтарды өз қара басы мақсаттарына құрал есебінде пайдалануға ұмтылуы мүмкін. Сондықтан мұндай «орға» түсіп қалмас үшін діндер жайлы, әсіресе соңғы кездердегі жаңа бірлестіктер туралы білу қоғамдық қажеттілік деп санаймыз.
Кез келген халықтың діни сеніміне және дәстүрлі ұстанымдарына құрметпен қарау - мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді. Дәстүрлі әдет - ғұрыптарға немқұрайды қарау білімділікке жатпайды. Кейбір діни ұстанымдары мінез - құлықтық тәртіпке айналған елдерде оны дөрекі түрде елемеу немесе бұзу соттық іске әкеліп тіреуі әбден мүмкін. Қазіргі күндері өтіп жатқан діни ұстанымдардың қарулы қақтығыстарының куәгерлері болып отырмыз.

Жауапкершілік - адамның қарапайымдылық, сақтық, батылдық, тәкаппарлық қасиеттері сияқты жеке тұлғалық мінезінің қасиеті. Және де ол тек қана адамның мінез - құлқында ғана көрініс таппайды, сонымен бірге оның сезімдік жүйесіне, саналы түрде сезінуіне, көзқарасына қатысты әр түрлі тұрпатқа ие. Сондықтан жауапкершілікті ең алдымен жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін сипаттайтын қасиеті ретінде қарастыруымыз керек. Жауапкершілік сыртқы және ішкі тұрпатты құрайтындықтан оған не қоғамдық қатынастар немесе әлеуметтік - психологиялық бақылау критерийі қажет. Бұл функцияны басқа қоғамдық сана формаларымен қатар діни сана деңгейінің жауапкершілікті мәнін жетілдіру арқылы жүзеге асыруға болады деп санаймыз.

Жалпы діндар адамдардың мінез - құлықтарындағы, әсіресе, саналарындағы ортақ ұқсастықтар мен нысандарға қарамастан олардың арасында діни сенімдерінің ерекшеліктері мен дүниетанымдарына орай діни әрекеттерінде нақтылы айырмашылықтар бар екендігі белгілі жайт. Шет елдік ғылыми ортада олардың діни сенімдерінің тұрақтылығы мен тереңдігіне, діни белсенділігінің деңгейіне қатысты жеке тұлғаларды әртүрлі діншіл топтарға бөліп қарастыру қалыптасқан. Бұл арада ағылшын ойшылы Оллпорттың ұсынған тұжырымдамасын мысалға алуға болады. Ол діндар адамдардың екі тобы бар деген қағидаға сүйене отырып дінді тек өздерінің өмірлік мақсаттарын жүзеге асыру үшін тұтынатындар мен өздерінің барлық мінез - құлқын діни норма мен рәсімдерге бағындыруға тырысатындар деп бөліп қарастырады. Ал, американдық ғалымдар Д. Бэтсон мен Л. Вентис діни бағыттардың қай - қайсының болсын адамның мінез - құлқына және санасына әсер ететіндігін нақтылай отырып қосымша бір үшінші бағыт - «ізденіс бағытын» енгізді. Бұл бағыт экзистенциалдық сұрақтардың шешімін тауып, адамның рухани дамуына әсер етеді деп есептейді. Біздің пайымдауымызша, осы тұжырымдамалардың заңды жалғасы ретінде діни жауапкершілік мәселесін ғылыми тұрғыдан саралауымыз аса қажетті, заман талабынан туындаған ілімдік бастау деп санауымызға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz