Майлар мен дәрумендер: құрылымы, тамақтанудағы маңызы, жіктелуі және жетіспеушілігі


Slide 1

Майлар және олардың тамактанудағы маңызы. Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі.

Орындаған: Мансұрова Анель, БТ-407

Slide 2

ЖОСПАР:

Майлар

Олардың маңызы

Дәрумендер

Дәрумендердің жетіспеушілігі

Дәрумендер жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Майлар

Майлар - органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады.

Тірі организмдердің жасушалары мен тіндерінің негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі.

Slide 4

Майдың құрамын француз ғалымдары М. Шеврель мен М. Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель майға су қосып, сілті қатысында қыздырғанда, глицерин жәнө карбон қышқылдары (стеарин және олеин) түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция жүргізді (1854 ж. ) Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды. Майды түзуге глицерин және карбон қышқылдары (біртүрлі немесе әртүрлі) қатысады:

Slide 5

Майлардың маңызы

Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттарының ролін атқарады. Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық клеткаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88 проценті тұқымына қор заты ретінде май жинайды. Майлар вегетативтік органдарда да түзіледі, бірақ ол мұнда аз болады.

Slide 6

Дәрумендер

Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа - тіршілік; vitman - тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор.

Slide 7

Дәрумендер жетіспеушілігі

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т. б. ) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды.

Slide 8 Slide 9

Дәрумендер жіктелуі

Витаминдер ерігіштік қасиеттеріне қарай майда (A, D, E, K) және суда еритін болып екі топқа бөлінеді. Көбіне майда еритін, кейбір суда еритін витаминдердің витамерлері болады. Витамерлер - бір витаминге тән физиологиялық әсері бар, химиялық құрылымы ұқсас бірнеше заттар.

Slide 10

Қорытынды

Алғашында витаминдерді тану барысында белгілі бір вита­мин организмде жетіспеген жағдайда пайда болатын аурудың атымен аталып, қай аурудан сақтаса, соның алдына «анти» қо­сымшасы тіркелген. Мысалы: рахит - антирахиттік, скорбут - антискорбуттық, дерматит - антидерматиттік, т. б.

Slide 11

1913 ж. Мак-Коллумның ұсынысымен витаминдерді латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгілей бастады А, В, С, Д, т. б.

Витаминологияның даму барысында әріптік белгілер кеңей­тіліп, сандық белгілер қосылады: В1, В2, В3, т. б. Кейіннен витамин­дердің химиялық құрылымының анықталуына байланысты химия­лық атаулар енгізіледі: тиамин, цианкобаламин, т. б. Химиялық аталым 1956 жылдан бастап халықаралық болып есептеледі.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы

http://kazaksha. info/

wikipedia. org


Ұқсас жұмыстар
Дәрумендер: жіктелуі, физиологиялық рөлі және жетіспеушілігі
Дәрумендер: жіктелуі, химиялық табиғаты және физиологиялық маңызы
Дәрумендер: анықтамасы, тарихы, жіктелуі және клиникалық маңызы
Амин қышқылдары мен дәрумендер: құрылымы, физиологиялық маңызы және өндіріс әдістері
Жағар майлар: анықтамасы, жіктелуі және фармацевтикалық технологиясы
Дәрумендер мен минералдар: физиологиялық рөлі, жіктелуі және жетіспеушілік синдромдары
Дәрумендер: классификациясы, түрлері және физиологиялық маңызы
Тиімді қоректенудің биохимиялық негіздері, қоректік заттардың катаболизмі және дәрумендердің жіктелуі мен жетіспеушілігі
Дәрумендер мен минералдардың жіктелуі, жетіспеушілігінің себептері және клиникалық белгілері
Суда еритін дәрумендер: химиялық табиғаты, физиологиялық рөлі мен клиникалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz