Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау
Орындаған:Каримова. Н Тексерген:Есенбекова. З. Ж Топ: Бл-409


Мотель Казнур



Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Алакөл аймағында мотель ашуды қарастырады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс табу болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерін тұтыншылар - жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Алакөл аймағына демалуға келетін туристер болып табылады. Қонақ үй ретінде 3-қабатты ғимарат салу, сондай-ақ қонақ үй бөлмелері мен кафе үшін жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- жаңа жұмыс орнын құру, бұл тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;
- туристерді қоса алғанда қонақ үй қызметтерін көрсету үшін жаңа мотель құру Үржар ауданының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Әлеуметтік әсерлердің арасынан:
- халықтың қонақ үй қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруды;
- туристер мен саяхатшыларды бір мекеннен екіншісіне қатынайтын алыс сапарларда талаптарын қанағаттандыру үшін демалыс, тамақтану және басқа сервистік қызметтерді ұйымдастыруда жағдайлар жасауды бөліп көрсетуге болады.

Кіріспе
Бүгінде ізеттілік индустриясы - бұл өңірдің немесе туристік орталықтың шаруашылығының қуатты жүйесі және туризм экономикасының маңызды бөлігі.
Қонақ үй бизнесі туризм және ойын-сауық индустриясы депаталатын ауқымды сегменттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы тұрғындарға уақытша тұратын үй ұсыну болып табылады.
Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде айқындауға болады, ол қонақ үй өнімін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде сату-сатып алуды қамтамасыз ететін сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.
Қонақ үй қызметтері нарығы қонақ үй кәсіпорындары мен қонақ үй қызметтерін сатып алушылар ретіндегі субъектілердің болуымен сипатталады.
Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.
Республиканың бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылық, барынша ашықтық және оның ынтымақтастыққа дайындығы - осының бәрі туристік сияқты қонақ үй саласының да жедел дамуына ықпал етеді.

Жобаның тұжырымдамасы

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Барлық қонақ үйлерде алты негізгі қызмет топтары қарастырылған:

Қандай қонақ үйдің болмасын қажетті шарты екі негізгі қызметінің болуы: орналастыру және тамақтандыру.
Орналастыру қызметін ұстау біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері), екіншіден қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар және т. б.
Қонақтарға қызметтер көрсету әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау), сауда (пайдалану үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату), сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері) .
Қосымша және басқа қызметтерге бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті, және басқалары кіреді.
Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие болуда.
Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара қонақ үй корпорациясы болсын барлық отельдердің негізгі міндеті қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді, сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.
Мотель - отельдің бір түрі, шағын қонақ үй. Мотель жол бойы қонақ үйін білдіреді.
Ғимарат тек номерлерден ғана тұрады. Мотельдің айырмашылығы - номерлердің есіктері парковка жағына шығады. Номерлердің жағдайы қарапайым, бір түнеп шығып, сапарды одан әрі жалғастыруға арналған.
Мотельде ақы төлеу жеке әкімшілік корпусында орналасатын тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.
Көптеген адамдар үшін, әсіресе өз автомобильдерімен үнемі жүріп-тұратын, мотельдерде тіркеу рәсімінің ұзақ уақытты алмайтындығы ыңғайлы болып келеді, машинаң да көзіңнің алдында тұрады; даладан бірден номерге кіру де мүгедектер үшін өте қолайлы. Мотельдің кемшілігі қауіпісіздік деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ қызмет көрсету түрінің аздығы болып табылады.

Өндірістер бағдарламасы
Көрсеткіш
2 019
2 020
2 021
2 022
2 023
2 024
Стандарт номерлерінің саны
25
Толтырылуы
85%
Люкс номерлерінің саны
10
Толтырылуы
60%
Кафеге келушілер саны
50
55
60
63
68
70
Сату, мың
100 000
105 200
105 300
106 200
107 558
107 798
1-кесте - Жылдар бойынша жоспарланатын өндірістік бағдарлама
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (ұсынылатын стоматологиялық қызметтер ретінде тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағалар мен өнімнің өзіндік құнына негізделген.

Кірістер баптары
2019
2020
2021
2022
2023
2024
Қонақ үй
мәні
6 679
6 679
6 679
6 679
6 679
6 679
1 номердің құны, теңге
15 000
15 000
15 000
15 000
15 000
15 000
15 000
Люкс
60%
60%
60%
60%
60%
60%
60%
1 номердің құны, теңге
25 300
25 300
25 300
25 300
25 300
25 300
25 300
Кафе
мәні
1 149
1 207
1 267
1 330
1 397
1 467
Орташа түбіртек, теңге
500
500
500
500
500
500
500
2-кесте - Қонақ үй қызметтерінің жоспарлы бағасы
Бағаны қалыптастырған кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорынның сату бағасына қатарлас әсер ететін болады


Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
Қазақстанда қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарын дамытудың негізгі үрдістері:

Маркетинг стратегиясы

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсетуді мынадай принциптерді ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:

Жарнама науқаны әр түрлі бағыттарда қалыптасады:

Сыртқы орта
Мүмкіндіктер
Қонақ үйдің жұмыс жасауын кеңейту.
Қызмет түрлерін ұлғайту
Қатерлер
Бәсекелестердің көбеюі
Ауа райы қолайсыздығы(цунами, жер сілкінісі)
Ішкі орта
Басымдықтар
Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану.
Кемшіліктер
Қонақ үйдің жаңаруы (жаңа жоба) .
Туристер мен саяхатшыларға тәуелділік.

Техникалық жоспарлау
1. Техникалық процесс
Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға қызмет көрсету ерекшеліктерімен және технологиясымен айқындалады.
Қонақ үй қызметін көрсетудің технологиялық процесі мыналарды қамтиды:

Ғимараттар мен құрылыстар
Жалпы алаңы 700 шаршы метр қонақ үйге арналған орын-жайды салу.

№
Атауы
саны
Кафе үшін
Мақтадан жасалған жібек дастархандар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz