Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу



1. Жүн және тері, ішіктік заттардың микрофлорасы. ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2. Қи микрофлорасының сандық құрамы. Қидағы микробиологиялық үрдістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Орындаған:Махметов Н. М
Тексерген:Омарбеков Е. О

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1Жүн микрофлорасы
2. 2Тері микрофлорасы
2. 3Қи микрофлорасы ж/е сақтау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жүн- қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі. Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2 - 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1 - 35 мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады.

Тері - жануар денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.

Жүн өнімділігі
Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.
Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.

Жүннің микрофлорасы

Тері, аң терісі ауру малдікі болса, инфекция таратуы мүмкін, кейде ауру тудырушылар тері бетіне ұшаны мүшелегенде және басқа жолдармен түседі. Қоздырғыштары спора түзетін мал аурулары адам үшін өте қауіпті, өйткені олар ұзақ уақыт қоршаған ортада сақталады және ауру тудыруы мүмкін.

Мал терілерінің атаулары мен түрлері
Малдың әр бөлігінде терісі жұқа, қалың, жүнді болып келетіндігіне байланысты жондық, қабырғалық, үйектік, пұшпақ мойын, таңлақ деген бөліктерге бөледі.
Ірі қараның терісін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп атаған. Жылқы терісі - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлінеді. Түйе терісін атан тері, бота терісі дейді. Қой терісі жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ тері, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбысқы деп бөлінеді.

Теріде болатын микроорганизмдер құрамы әр түрлі болады. Микробтардың шар тәрізді, таяқша тәрізді формалары, саңырауқұлақтар, аэробтар, анаэробтар кездеседі

Тұздамай құрғақ кептіру. Бұл әдіс кішкентай терілерді сақтау үшін қолданылады. Теріні төбеге не арнайы кептіргіште кептіреді. Теріні ашық аспан, жерге жайып, үй шатырында кептіруге болмайды. Күн көзі түсетін жерде кептіргенде тері қыртыстанады. Кептіру процесінде теріде су мөлшері кемиді, ылғалдығы 15%-ке дейін кемиді, бұл микробтардың тіршілік әрекетін тежейді. Ылғалдығы артса тері микробтардың дамуына қолайлы ортаға айналады. Және тері бұзылуына себеп болады. Тері бетінде бациллалар, кокктер, сирегірек саңырауқұлақтар кездеседі.
Тоңазыту. Төменгі температурада микробтардың тіршілік ету әрекетін, ферменттік процестерді тежейді және соның арқасында жаңа сыпырылған теріні бұзылудан сақтайды. Төменгі температурадада үнемі сақталса тері көпке дейін бұзылмайды. Температураның көтерілуі не өзгеруі терінің тез жібуіне және бүлінуіне соқтырады. Бұның салдарынан тері ақаулықтары пайда болады және тері сапасы төмендейді.

Қи Микробиологиясы

Қи микробиологиясы. Қида көп органикалық заттар болады, осыған байланысты қида микроорганизмдер дамуына өте қолайлы жағдай туады. Микробтар қидың қоректік заттарын пайдаланумен қатар оны қалыптастырады. Микробтар тіршілік әрекетінің арқасында қи органикалық тыңайтқышқа айналады.

Қиды сақтау әдістері:
Мал астында сақтау
Тығыз сақтау
Борпылдақ сақтау
Борпылдақ тығыз сақтау

Мал астында сақтау - мал астында тығыздалады, микробиологиялық процес баяу жүреді, Пайдалы заттар көп сақталады
Тығыз сақтау - қи қоймасына қатарлап салып үйеді, тығыздайды. Қи үйіндісінде анаэробты жағдай туады, онда микробиологиялық процесс баяу жүреді және температура сәл көтеріледі. бұндайда қида байилла ж/е актиномициттер аз болады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz