Ария




Презентация қосу
Тақырыбы:

СРО
Музыканы немесе әнді екі әнші
қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі
айтса – трио, төрт кісі орындаса –
квартет, бес кісі айтса – квинтет,
алты кісі орындаса – секстет, жеті кісі
қосылса – септет, сегіз кісі қосылса –
октет дейді. Операда, ораторияда,
кантатада бас кейіпкерлер қосылып
дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын
жағдайлар өте жиі ұшырайды.
Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді.
Ария – итальян тілінде ән деген сөз.
Ария – опералық музыкада әрбір
кейіпкердің ішкі жан дүниесіне
байланысты айтылытын әуен. Орыстың
классикалық опера музыкасында
шығараның идеясын ашып, бас
кейіпкерлердің бейнесін беретін тамаша
ариялар бар. Мәселен, М. Глинканың
«Иван Сусанин» операсынан
Сусаниннің ариясы, П. И.
Чайковскийдің «Евгений Онегин»
операсынан Ленскийдің ариялары; ал
қазақ операларына келетін болсақ, А.
Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай»
операсынан Абайдың арияларын айтуға
болады. Ария тек қана операда емес,
оратория мен кантатада да кездеседі. Ал
кейде, ария жеке адамның айтуы,
аспапта орындау үшін де жазылады.
Балет - көркемөнер жанрларының бір
түрі. Балеттің идеялық және
эмоциялық мазмұны бидің түрлі
пластикалық қимылдары мен оркестрге
арналған музыка арқылы ашылады.

Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта
бар. Биді сүйемелдейтін музыка
болады. Оны би музыкасы дейді. Би
музыкасының әуені мен ырғағы биге
лайық болады. Би концерттерде,
мерекелерде, жиын- тойларда, сауық
кештерінде биленеді.

Вальс - Бидің аты. Батыс Еуропа
музыкадағы романтизм ағымымен
байланысты XIX ғасырда туған жанр.
Жұптасып қалықтап немесе үдемелі
айналуында өтетін би.
Вокалдық музыка – музыка
аспабының сүйемелдеуімен немесе
сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға
арналып жазылған музыкалық
шығарма. Вокальдық музыкаға халық
әндері, жырлары, әлем классиктері мен
қазақ композиторларының ән-хорлары
жатады. Вокальдық музыка, негізінде,
халық арасынан шыққан. Бұған Біржан
сал, Мұхит , Абай, Ақан сері, Жаяу
Мұсаның әндері мысал бола алады.

Гимн - әнұран, салтанатты ән. Жеке
немесе көп дауысты хормен айтылады.
Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің
музыкалық символы, эмблемасы
ретінде қолданылады. Онда елін, жерін,
халқын мақтан етеді
Кантата - әдетте көп бөлімді болып
келетін, жалғыз орындаушы мен немесе
хор және оркестр сүйемелімен
орындалатын шығарма, вокалды
музыка негізгі жанрларының бірі.
Ораторияға қарағанда көлемі
ықшамдау болады.

Камералық музыка – кішкене
вокальдық немесе бірнеше музыкалық
аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға
немесе дауысқа арналып жазылған
музыкалық шығармалар. Камералық
музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет,
квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.

Капелла – ешбір музыкалық
аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылытын
көп дауысьы хор.
Марш - мереке шерулері мен
мемлекеттік қонақтарын салтанатты
түрде қарсы алған кезде, жорықтарда,
солдаттар сап түзегенде ойналады.
Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш-
жігермен орындалатын шығарма.

Нота - музыка дыбыстарын қағаз
бетіне жазатын белгіні атайды. Ән нота
арқылы жазылады. Әннің сөзін буынға
бөліп, ноталардың астына жазады.

Опера - сөз, сахналық көрініс пен музыка
синтезіне негізделетін музыкалық-
драмалық шығарма, музыкалық-театралды
өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде
Италияда пайда болған. Түрлері: опера-
балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-
комик, опера-семисериа, опера-сериа.
Оратория - драмалық мазмұны бар және
концерттік оррындалуға арналған, жеке
әнші, хор, симфониялық оркестр орындаған
бірнеше бөлімді, ауқымды музыкалық
шығарма. Итальян тілінде «айтамын» деген
мағынаны білдіреді.

Романс - аспаппен (көбінесе
фортепиано) сүйемелденетін дауысқа
арналған камералық шығарма. Романс
текстері әртүрлі - лирика, сатира, т.б.
Әнге қарағанда музыкалық
құрылымы өте күрделі. Романстың
жанрлық түрлері: баллада, элегия,
баркарола.
Симфониялық поэма – оркестр үшін
музыкалық поэтикалық шығарма.
Симфониялық поэма көбінесе үш
бөлімнен, кейде бір бөлімнен тұрады.
Бұған П.Чайковскийдің «Ромео мен
Джульетта» сифониялық поэмасы мысал
бола алады.
Симфониялық музыка – симфониялық
оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық
шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам
түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл
аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі.
Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды
пайдаланған сияқты композитор да симфониялық
шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның
дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.
Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық
поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады.
Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада
түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір
сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады.
Сондықтан мұндай шығармаларды программалық
музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская»,
Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада»
симфониялары осындай шығармалар.
Хор – 20-25 немесе одан да көп адамның
қосылып ән айтуын немесе хормен орындалу
үшін жазылған музыкалық шығарманы хор
дейді. Хор бірыңғай балалардан, әйелдерден,
кейде бәрі араласып та құрылады. әнді
хордағы барлық әншілер қосылып бірыңғай
дауыспен айтса, оны бір дауысты хор дейді.
Балалар хоры екі дауысты болып бөлінсе,
оның бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін
альт дейді. Үлкендер хоры екі дауысқа
бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрно,
екінші дауыс тобын альт дейді. Үш дауысқа
бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрано,
екіншісін альт, үшіншісін тенор дейді. Төрт
дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын –
сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор,
төртіншісін бас дейді. Хор операда,
ораторияда, кантатада үлкен орын алады.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Үшінші сұрақ
Халық музыкасы және опера
Арнайы нота жазатын дәптер нота дәптері
Кішкентай шығармасының авторы
Миллион кімге бұйырады
Пәндер