Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар




Презентация қосу
Табиғи және техногенді
сипаттағы төтенше
жағдайлар

Орындаған:Төлеуғалиев Қуаныш
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі
қауіпке байланысты елбасы немесе парламент
жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты,
соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі
толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай
уақытта азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт
кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар
шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып
мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті
өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз
қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық
кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет
жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай
жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке
берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел
Конституциясында анықталады.
Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық,
биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған
болып бөлінеді.
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
§ қоршаған ортаның зиянды заттардан ластануы;
§ жарылыс,өрт;
§ көлік комуникациясындағы ТЖ;
§ әскери саясаттық сипатта болатын;
§ стихияға әкеліп соғатын.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі,
сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен
малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және
ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын
туғызатын төтенше жағдайлар.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік
авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін
улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды
тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен
қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-
энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту
құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.
Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір
аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу
аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті,
өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Техногендік сипаттағы
төтенше
жағдай адамның
өндірістік қызметіне
байланысты және ол
қоршаған ортаның
ластануы және де
ластамайтын жағдайда
болуы мүмкін. Қоршаған
ортаны ластауы өндіріс
орындарының апаты
әсерінен радиоактивті
химиялық және
биологиялық қауіпті
заттардың ауаға
тасталуына байланысты.
Радиоактивті
заттарды
тастау қаупіне
жататын
апаттарына атом
станцияларындағ
ы ядролық
қондырғылардағы
, атом
кемелеріндегі
және тағы басқа
апаттары жатады.
Химиялық зиянды
заттарды тастау
қаупіне жататын
апаттарға
химиялық
өндірістер мен
обьектілердегі
химиялық улану
заттар
қоймаларындағы
апаттар және сол
сияқтылар
жатады.
Биологиялық
зиянды заттарды
тастау қаупіне
жататын апаттарға
өндіріс орындары
мен зерттеу
орталықтарындағы
бактериалдық
құралдарды даярлау,
жасап шығару,өндеу
және тасымалдау
кездегі апаттар
жатады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны
бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы
технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі,
сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес
жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды
экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар
қиындатып жіберді.
Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны
талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары
технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын
тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық
отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен
жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
Қорытынды:
- зардап шеккен аумақтағы тосқауылдарға кіру жолдарын жасау
- газ комуналды энергетика, су жүргізу және техникалық жүйелердегі апаттардың болмауын жою
- қирайын деп тұрған ғимараттар мен үйлерді құлату немесе қолпына келтіру күштері (апатты құт қару жұмыстары)
- байланыс сымдарын қалпына келтіру
- жарылыс қаупі бар заттарды табу, оны залалсыздандыру және жою.
Соңы

Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері және классификациясы
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
ТЕХНОГЕНДІ ТӨТЕНШЕ
Жер сілкінісі болған кезде медициналық және өрт қауіпсіздігінің жағдайын бағалау
Апаттар медицинасының ұйымдастыру принциптері
Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы
Қаладағы экстремалдық жағдайлар және олардың түрлері
Пәндер