Қ АЗАҚ СТАН КӘ СІПКЕРЛЕРІ

Қ АЗАҚ СТАН КӘ СІПКЕРЛЕРІ

Орындаған: Серикова А Тексерген:Алимжанова А.М

Қ азақ стандық бай кә сіпкерлер
Әлемнің ең бай адамдарының қатарында Бес қазақстандық бар

АҚШ-тың танымал Forbes іскерлік журналы 2015 жылы наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасап шығарды. Аталған рейтингке Қазақстанның бес азамат ілікті . Рейтингке қазақстандықтардың ішінде бес азамат – Болат Өтемұратов, Әлижан Ибрагимов, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким кіріп отыр.

Болат

Өтемұратов

- Қазақстанның

ең

бай

бизнесмендерінің қатарында көш бастап отыр. Өтеумұратовқа Қазақстандағы Beeline Kazakhstan, Burger King желісі компанияларының үлесі кіреді. ForteBank және Банк Kassa Nova-ны бақылайды. Одан бөлек оған Самрұқ-Қазына әл-ауқат қорының 79,88 % жай акциялары мен „Темірбанк„ АҚ 16% акциясы тиесілі.

Болат Өтемұратов
Дәулеті: $2 200 000 000 Кіріс көзі: Банк, инвестор, телеком, мыс. Жасы: 56
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, сонымен қатар Қазақстан теннис федерациясының президенті. Forbes журналының 2008 жылғы дәулетті адамдар тізіміне енген (1 млрд АҚШ доллары бар)

Өтемұратов Болат Жәмитұлының өмірбаяны Өтемұратов Болат Жәмитұлы 1957 жылы дүниеге келді. Атырау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 1981-1982 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, 1982-1983 жылдары - Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986 жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорының орынбасары, директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары - Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары - Экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бөлім, басқарма бастығы.

1992-1993 жылдары Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры. 1993-1994 жылдары - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары - ҚР Президентінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 20032006 жылдары - ҚР Қаупсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары - ҚР Президентінің Іс басқарушсы. ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бері.

Ең бай қазақстандық деп ҚР Теннис федера-циясының президенті, кәсіпкер Болат Өтемұратов танылды. 57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2,6 млрд. долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2,2 млрд. долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов 714-орында тұр.
Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы – "АТФ Банк" компаниясы болды. Оны кәсіпкер Италияның "UniCredit" компаниясына сатып, мол табыс тапты. Кейін микронесиелер беретін "Kassa Nova" мен кәсіпкерлерге қызмет істейтін "ForteBank" банктерін ашты. Былтыр миллиардер "Самұрық-Қазына" қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын. Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелі-гінде Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі бар.

Назарларыңызға рахмет!!!


Пән: Статистика


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь