Әуезов хаттарының тарихы




Тақырыбы:
М. Әуезов хаттарының тарихы

М. Әуезов, шәкірт кезінде қазақтың көзі ашық зиялыларына арнап хат жазған екен. арада ғасырға жуық уақыт өтті. Бірақ, сол хат, өзінің маңыздылығын әлі жоймаған тәрізді. Еліміздегі жағдайларды ескере отырып, бұл хат әлі жүз жыл бойына өз маңызын жоймас деп ойлаймын.

М. Әуезов 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді. Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады. 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан] » және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады.

Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.

Кемеңгердің бір хаты
М Әуезовтың көзқарасын қалыптастырған тағы бір үлкен саяси мектеп бар. Ол - Алаш идеясы. «Бұл бала Мұхтардың көзі ашық, көкірегі ояу кезіне тап келді. 20 жасар Мұхтар Әуезов «Алашорда» үкіметінің мақсат-мүддесін өмір¬лік мақсатым деп түсінді әрі оның жұмысына белсене араласты»
«Ендігі халық болумызға ұйытқы болатын нәрсе - құрыш құрсаулы әділ, қатал билік. Ендігі хакімнің негізге құрылған законы болмаса, жуан атаның еркі ел ішінде жүрмеуі керек. Әлі де жуан ата билеп-төстеп, қадірлі болатын болса, автономия деген, бөлектік дегеннің бәрі де сырты бүтін, іші түтін болады. Бірақ мұн¬дай күйді бұрынғы уақыт көтерсе де қазіргі уақыт көтермейді… . Біз әлі шикі жұртпыз, талай өзгеріске мойын ұсынамыз. Заман еріксіз мойын ұсындырады… Бұл халді әркім ескеру керек»- деп М. Әуезов ашық хат жазумен айналыса бастады

«Осы күнде не қылса да оқығандардың бәрі де барын салып еңбек қылып, осы өкіметті сендіру керек. Сонымен бүгінгі мекеме атаулыда бос қалып жүрген қазақтардың мұңмұқтажын орындау керек. Қашып бағудың ешбір себебі жоқ. Совет өкіметі үлкен жазығы бар адамдарды да қатарына кіріп, пайдалы қызметтерді істеймін десе - қумайды. Егер қазақ оқығандары Совет өкіметінің қабағынан қорқып қашса, айтатын сөзіміз осы: Оқығанның қайсысы болса да азғантай пайда келтіре аларлығы болса, тезірек қалаға келіп қызметке кіруі керек… Қазақтың қамын жейтін оқыған болса …бос жүргеннің бәрі келуі керек».
1919 жылдың 1 желтоқсанында Семей губерниялық революциялық комитеті жанынан қазақ бөлімі ашылып, Мұхтар Әуезов соның бір бөлімін басқарды. Жоғалғаны табылып, өшкені жанғандай еді. Енді халық үшін қызмет ететін шақ туды деген ойға келді. Және бұл көзі ашық, сауатты жастардың бәріне ортақ міндет деп есептейді. Осылай Мұхаң «Қазақ оқырмандарына ашық хат» жазды.

Мұхтар Әуезов халық трагедиясын өз трагедиям деп білді. Ащы шындықты ашық айтады, батыл айтады. Мұндай тақырыпты, әрине, жүрегінің түгі бар, ұлтжанды адам ғана қозғай алар еді. Міне, осындай жағдаяттар Мұхтар Омарханұлының жанын күйзелтті, мұндай қылмысты көру де, оған ортақтас болу да өліммен пара-пар еді. Сондықтан да Ташкентке барып, Орта Азия университетінің дәрісханасына отырды, бұдан кейін де пайыз таба алмай Ленинградтағы университетке ауысып кетті. Елден кеткенмен ел елесінен кете алмады. Біраз әңгімелері, атап айтқанда «Қыр суреттері», «Жас жүректер», «Заман еркесі», «Кім кінәлі», атты шағын хикаяттары бірден Мұхтар Әуезовтің атын шығарды. Топ жарып шыға келген жас дарынға біреулер қуанып, біреулер кектеніп қарады. Оның үстіне 1922 жылы «Шолпан» журналында Мұхтар Әуезовтің «Қазақтағы қалам қайраткерлеріне» атты ашық хаты жарияланды.

Мұхтар Әуезов халық трагедиясын өз трагедиям деп білді. Ащы шындықты ашық айтады, батыл айтады. Мұндай тақырыпты, әрине, жүрегінің түгі бар, ұлтжанды адам ғана қозғай алар еді. Міне, осындай жағдаяттар Мұхтар Омарханұлының жанын күйзелтті, мұндай қылмысты көру де, оған ортақтас болу да өліммен пара-пар еді. Сондықтан да Ташкентке барып, Орта Азия университетінің дәрісханасына отырды, бұдан кейін де пайыз таба алмай Ленинградтағы университетке ауысып кетті. Елден кеткенмен ел елесінен кете алмады. Біраз әңгімелері, атап айтқанда «Қыр суреттері», «Жас жүректер», «Заман еркесі», «Кім кінәлі», атты шағын хикаяттары бірден Мұхтар Әуезовтің атын шығарды. Топ жарып шыға келген жас дарынға біреулер қуанып, біреулер кектеніп қарады. Оның үстіне 1922 жылы «Шолпан» журналында Мұхтар Әуезовтің «Қазақтағы қалам қайраткерлеріне» атты ашық хаты жарияланды. . Онда жазушы баспасөздің қоғамда алатын орны һәм оқырманға қа¬лам-гер қандай материалдар ұсыну қажеттігі туралы бүкпесіз ойын айтады. Әрі ұлттың басындағы жа¬ғымсыз әдеттерді сынап мінейді.

…«Бұл баспасөздің басылуы, күшейген уақыты деуге болады. Бірақ, қалың қазақтың тілегіне келгенде бұл, саны бар, сапасы жоқ сөздерге ұқсайды. Өте көп, өте қиын жаңа сөздер сөйленіп жатыр. Солардың әдебиет арқылы бірде-бірі қазақтың миына кеп, рухына сіңді ме? Сіңген жоқ. Себебі, бұл сөздер суықтық қылып отыр. Елдің қышулы жерін тауып, өзінің керек боларлық орнын білмегендіктен, оқушыны таба алмай отыр.
…Біздің осы күнгі баспасөзімізден арзан сөз жоқ…
…Жазушының міндеті: ел неге қызығады, нені көксейді, қандай рухы бар, соны ұғып алу, һәм соған лайықтап сөз жазу.
…Қазіргі кейбір баспасөздерде көбіне, қазақтың мақтаншақтығы шығатын болды.
… Шығып жатқан газеттердің бұндай істерге жамандау мен мақтаудан қолы тимейтін болса, оларға бетіңнен жарылқасын дейік… Таза әдебиетке бір жол салу, бет түзеу де бүгінгі күннің қарызы сияқты…»
(«Шолпан» 1922 ж. №. 2, 3. А., «Анарыс» 2010ж., 70-71 б. ) .

Мұхтар Әуезовтің бұл хаты биліктегілердің шамбайына тигені анық еді. Ашық ойдан жау іздеу қара шегіркедей қаптап, қоюланып келе жатты. Енді әдебиеттегі «жолбикелермен» күрес мемлекеттік саясаттың бір тармағына айналды. Әрине, мұндай мақала үшін өкімет Әуезовті қалай жақсы көрсін. «Жолбикелермен» күрес басталды. Өкіметтің «жолбикелері» дегендері кімдер еді? Олар - Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Даниал Ысқақов, Жанша Досмұхамедов, Қошке Кемеңгерұлы сияқты Алаш ардақтылары болатын.
Осылай Мұхтар Әуезов пролетарлық әдебиеттен шошынған, ескі дәуірді аңсайтын, оның құндылықтарын жаңа заманның парасат биігінен жоғары қоятын қаламгерге айналып шыға келді. «Қарагөз» трагедиясы сол садақ қадалатын жамбыға айналды. «Қайран елім қазағым, қайран жұртым…». Ақыры «Қарагөз» сахнадан алынып тасталды. «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Қарагөз», «Бәйбішетоқал» сынды классикалық шығармалар арқылы Мұхтар Әуезов қоғам мен адам арасындағы тағдыр таласы туралы трагедиялық шешім арқылы, тұспалды ой айтты.

ОҚУДАҒЫ ҚҰРБЫЛАРЫМА
Өзіміз көріп жүрген қандай үлкен нәрсені алсақ, сол үлкенді үлкен қылып тұрған, біраз ғана жиылып шоғырланған алғы кішкене нәрсе. Осы кішкене нәрселер мықты болса, ана үлкендеріміз де мықты болмақ. Ол морт, сынғақ осал болса, әлгі үлкен нәрсе де осал болмақ. Бұл бірді-бірге себеп қылып тізіп, жалғастыра жаратқан жаратушының шебер қолының дүниенің ісіне кіргізген өзгеріссіз жолы. Жә, осыған қарағанда ұлт тізгінін ұстап тұрған оқығандарымыз, солардың істерінің таудай болып үлкейіп, дабырайып көркеймегіне не шарт? Әрине, бірінші - сол оқығандардың бірлік, берекеде болып шоғырланбағы шарт. Екінші - (олардың) істері маңызды, орнықты, табанды болуы үшін әрбір оқығанның ақтығы, екпіні, білімі (шарт) . Рас туғаннан білімді, ұлт ісіне екпінді ақжүрек болып туа қоймалық, бірақ, алдыңғы оқыған қамқор ағалар не ойлап, нені істеп, нені арман қылып жүр. Соны біз істемесек те білу, бетін ұғу керек емес пе? Біздің мақсатымыз - мал табу, шен тағу емес, надандық неше батпан (болып), үстіне артылып зілдей қылып жатқан ауыр халқымызды өрге сүйреудің әдісін, тәсілін табуға тырысу керек екенін ұмытуға жөн бе? Қашан да болса адам махаббат, мархамат, ақтыққа жастай шөлдесе, жастай сағынып талпынса сүюге, ұлтшылдыққа, адамшылыққа жеткізбекші емес пе? Бұл жүректің сіңіргіш таза уақытын өткізіп алсақ, үлкейгенде жыласақ та, қалай өзімізді күйінішке жегізсек те әлгі нәрселер келер ме? Осы туралы өзіміз ретті оқып жүрген бір буын құрбыға айтатын аз назымыз бар. Бұл мезгіл халқымызға ақыры тез. Бұдан кейінгі мінез өмір бойы мінез болып қалады емес пе? Осыған қарағанда біздің көбімізде халыққа мінезімен жақсы болмақ түгіл, оқығандар деген атқа кір жұққызатын, жаман мінездер көп. Оның бірі - карта, газет бетіне қарамайтын, қазақ ісінен хабарсыздық, басы кұралмайтын берекесіздік, үзілмейтін маскарад. Жас уақытын мұнымен өткізген жігіттің үлкейгенде отты, қажымайтын отаншыл болуы дүдәмал. Жігіттер! Ендігі уақыт жазғытұрғы күншуақтай жанға жайлы емес пе? Осы рахымды күннің жылуына қызып біз де аз ғана білімімізді, аз ғана қайратымыздың кішкене қызметін адамшылық жолына салып, ақтыққа жұмылайық. Қала-қаладан ұйым ашалық. Халықты түзетуді жол қылайық. Бұрынғы жаман әдетті тастауға тырысалық, әйтпесе болыстық тигізетін інілеріміз жетіп келеді деген алдыңғы ағалардың қуанышын күйінішке айналдырып, «қарғайын десе жалғыз, қарғамайын десе жалмауыз» болып жүрмелік. Онда біздің оқымағанымыз, болмағандығымыз артық. Мұхтар Әуезов. 1917 жыл, 14 қыркүйек «Сарыарқа» газеті

Әлем ғалымдарының хаттары
Луи Арагон: «Эпикалық роман «Абай» менің ойымша ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. …Әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын».
Леонид Соболев: «Мұхтар Әуезовтің «Абайы» − бұл нағыз роман, басқаша айтқанда өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құш¬тарлықтың, махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы суреттерін жасаған және ең бастысы, есте қаларлық жарқын образдар ар¬қы¬лы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап».

Альфред Курелла: «Сіз әлі Абайды оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз… Сіз сол дәуірді көзіңізбен көргендей айна-қатесіз танисыз. …Қандай тұнық поэзия! Проза формасымен басылған осынау қалың-қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы!».
Бенжамен Матип: «Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы керемет «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!»
Иә, бүгінгі қазақтың өмірі де, әлем картасында алып отырған орны да бөлек. Абай армандаған, Әуезов армандаған егемен Қазақстанның жаңа тарихы жазылып жатыр. Оның ұлттық паспорты ретінде Абай сол жылнаманың басында тұр. Қазір М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұлы жазушының 50 томдық толық шығармалар жинағы мен «Әуезов» энциклопедиясын шығарды. Бұл ұлттық қазына, ғылыми қазына.
Абай дегенде - Әуезов, Әуезов дегенде Абай көз алдыңа келіп тұра қалатыны бүкпесіз шындық.
- «Сіз Әуезовті әлі оқыған жоқсыз ба? Онда әлі ештеңе оқымаған екенсіз…».

Бұл хат жазылғаннан кейінгі жарты ғасыр бойы Қазақстаннан тыс жерде сақталған. Тек 1977 жылы, яғни, Әуезовтің туғанына 80 жыл толуы қарсаңында бұл хаттың түпнұсқасын Латвия КСР-нің бір ғалымы жазушының Алматыдағы мұражай үйіне мәңгілік сақтауға жіберіпті.
Біздің алдымызда заманымыздың ұлы суреткері Мұхтар Әуезовтің бұдан 80 жыл бұрын еліне жазған бір хатының көшірмесі жатыр. Ұясын қорғаған қарлығаштай, та¬лант иесінің елі үшін, туған жері үшін жүрекжарды тілегі бұл хатында қалтқысыз көрініс тапқан. Тегінде, әр жазушы алдымен елімен, халқымен іргелі десек, Әуезов шығармашылығы да жаңарған қазақ елімен біртұтас дүние.

мақсаты:
Әкем Мұхтар Әуезовтің бес хаты табылды. М. Әуезовтің рухани жазба мұрасы - шексіз мұхит. Енді мұхтартану ғылымы алға өрлейді», - дейді Мұрат Әуезов.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz