Өздігінен білімін жетілдіру - педагогтың кәсіби өсу шарты




Презентация қосу
*
.
ӨЗДІГІНЕН БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ-
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ӨСУ ШАРТЫ.

Орындаған: Әмірғазы Т.Б.
Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені
бере алмайды, өйткені өзі дамыған,
тәрбиелі, білімді болмаса,
басқаларды дамыта, тәрбиелей,
білім бере алмайды.

А.Дистервег
Қазақстан Республикасы «Білім»
туралы Заңының 51 бабының
5- ші тармағында «Мұғалім өзінің
педагогикалық шеберлігін,
парасаттылығын ,
шығармашылық және жалпы
ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп
отыруға міндетті»- делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі
ұтқырлығымен, күрделілігімен және
жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл
оның терең және кәсіптік білімінің,
білік-дағдыларының болуын қажет
етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен
тыс мұғалімнің тұлғалық және
кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Өздігінен білімін жетілдіру –
саналы түрде дербес
шұғылданатын танымдық
қызмет.
Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?

Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден,
мұғалімнің іс -әрекетінің спецификасы, оның
әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру
беталыстар және шынайылығымен
байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін
педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның
сұраныстары, ғылым мен практиканың
эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі,
оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және
парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге
дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді
шеше білуі.
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал
ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері
мынадай:
-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс
жүргізу.
-творчествоны қалау.
-заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен
өсуі.
-қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер.
-бәсекелестік.
-қоғамдық пікір.
-материалдық ынталандыру.
-ынта-ықылас.
Өздігінен білімін жетілдіру процесінде
педагог қолданатын іс-әрекеттер:

-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау;
-өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;
-бағдарламаны жүзеге асыруға
байланысты атқарылатын жұмыстар;
-бағдарламаның орындалу нәтижелері
бойынша өзіне өзі талдау жасау;
-алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.
Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің
кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты
бағдарлама әзірлеу болып табылады.
Бағдарлама жасау принциптері:

-ғылымилылық, болжамдау;
-өзектілік;
-оңтайлылық;
-шынайылық;
-тұтастық;
-бақылау мүмкіндігі.
Мынадай аспектілер дербес сипатта көрініс табуы тиіс:
-кәсіби өсудің мақсаты;
-психолгиялық-педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттерді зерделеуге уақыт бөлу;
-оқу-тәрбие процесін бағдарламалық-әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз ету жолдарын белгілеу;
-консультациялар алу;
-туындаған проблемаларды әріптестерімен бірге
талқылау;
-бір-бірінің сабақтарына кіру;
-алған білімді практикада сынақтан өткізуге
байланысты жұмыстар;
-мектептің әдістемелік жұмыстар жүйесіне қатысу;
-өз жұмыс нәтижелерін өзі қорытындылау;
-өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісу.
Өздігінен білім жетілдіру бастаулары.
Мұғалім әр түрлі дерек көздерінен өздігінше білім
жинайды, оны кәсіптік қызметінде, өзінің
тұлғалық даму сатыларында пайдаланады.
Бұл қандай білім көздері?
-ақпараттық құралдар;
-әдебиеттер(әдістемелік, ғылыми-танымдық,
публистицистикалық, көркем және т.б.)
-интернет;
-ақылы курстар, біліктілік арттыру курстары;
-семинарлар мен конференциялар;
-шеберлік сыныптары;
-тәжірибе алмасу шаралары;
-экскурсиялар, театрлар, музейлер, саяхаттар,
концерттер.
Өздігінен білім жетілдіру формалары:

-жеке;

-топтық(ӘБ қызметі, семинарлар,
практикумдар, біліктілікті арттыру
курстары).
Өздігінен білім жетілдірудің құрамдас бөлігі
болып табылатын процестер.
-әріптестер сабағына кіріп, тәжірибе
алмасуларға қатысу;
-өз кәсіби қызметіне мезгіл-мезгіл өзі талдау
жасау;
-классикалық және қазіргі заманғы
психология мен педагогика саласында өз
білімін жетілдіріп отыру;
-қазіргі заманғы экономика мен саясаттағы
және мәдени өмірдегі оқиғаларды жүйелі
түрде қадағалап отыру;
-өз эрудициясын, құқықтық және жалпы
мәдениетінің дәрежесін көтеру.
Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің
•пәнді оқыту сапасын жетілдіруі.
тізімі
•(оқыту санасы мен тиімділігін анықтауға
болатын көрсеткіштерді көрсету)
•шығарылған жинақтар, мақалалар
•оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын
әзірлеу;
•дидактикалық материалдарды, тестілерді,
көрнекіліктерді жасау;
•әдістемелік нұсқауларды жасау;
•тренингтерді, семинарларды,шеберлік
сыныптарын өткізу;
•зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені
жинақтау
Өздігінен білім жетілдіру нәтижелері:

-конференцияларда, «дөңгелек стол»
мәжілістерінде шығармашылық есеп беру;

-баспасөз бетінде жарық көрген
жарияланымдар;

-жұмыс тәжірибесі бойынша брошюра
шығару.

Ұқсас жұмыстар
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзіндік дамуы туралы ақпарат
Кәсіби белсенділік
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы ақпарат
Педагогтардың біліктілігін арттыру - өзін-өзі жетілдіру формасы ретінде
ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫ
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың кәсіби өзінөзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың кәсіби өзін–өзі тану және өзіндік дамуы
Пәндер