Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. (Бесік тәрбиесі)
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ
ҰСТАНЫМДАР. (БЕСІК ТӘРБИЕСІ)
ОРЫНДАҒАН : АЙТМАҒАНБЕТОВА Ж.Т
ФМФ. Т-413ТОП
• Қазақ халқының ұлы жазушысы ғұлама ғалым М. Әуезов кезінде «Ел
боламын десең бесігіңді түзе » деген ұлағатты сөзінің мән мағынасына
ой салсақ, тәрбие ұрпақты дүниеге келтруден басталады: сол тәрбиенің
дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарламаларын әрбір ұстаз,
әрбір ата-ана жан-жақты пайдаланып, әрбір жас буынның бойына
даналықпен дарыта білуіміз керек. Сонымен бірге халқымыздың рухани
қазына байлықтарының бірі салт-дәстүрлеріміздің кейбір түрлерін бүгінгі
жаңарған өмір салтына енгізу арқылы жастар санасына құя білуіміз керек.
Дана халқымыз ертеден бала тәрбиесіне бесігінен бастап үлкен мән
бергеніне, бүгінгі таңға дейін жеткен осы бір асыл мұрасының шоқтығы
биік мүлкінің бірі-бесіктің өміршеңдігі дәлел бола алады.
Бесік - ата-бабаларымыздан қалған ғасырлар бойы қолданып келген ата
мүлкі болып саналады. Бесікті – бүгінгі күні қазақи тәрбиемен бала-
шағасын, немерелерін, шөберелерін бөлеп, әрбір ата-ана қолдана білгені
мен тамыры терең бесіктің тәрбиелік мәні мен тарихын біле бермейді.
Кіндігі түскен баланы 5-7 күннен кейін бесікке салынады. Ал
бесікке салу тойы 40 күннен кейін жасалынады. Бұл дәстүр,
күні бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Дегенмен қала
мәдениетіне сай тәрбие беріп жатқан кейбір ата-аналар
(оқыған, тоқыған, шоқынған т.б.) өз балаларымен
немерелерін бесікке салып тәрбиелеуден аулақ болып, төрт
дөңгелекті арбаны кеңінен пайланып жатқаны жасырын
емес. Бүгінгі күні өз мағынасын жоймаған, қайта жаңарып
отырған бесік тойында Республикамыздың әр өңірінде
бесікті безендіруге ерекше мән беріп тойлап жатқан
дәстүріміз өз жалғасын табуда.
• Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің
қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай
жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты
қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немер,
шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.
Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Азия, Кавказ, Үндістан,
Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып,
оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден
сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу
ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен
қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді.
Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-
бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын
айқын көреміз: 1) ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап
тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да, аударылып
кетпейді;
2) тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-
қарсылы шайқалмайды;
3) жыл әрі таза.
КӨШПЕЛІ ӨМІР КЕШКЕН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСА ҚАСТЕРЛЕП ҰСТАҒАН МҮЛКІ
БЕСІКТІҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІН КІМ БІЛМЕЙДІ? БЕСІК – ӨМІРГЕ ЖАҢА КЕЛГЕН ПЕРІШТЕ-
СӘБИДІҢ АҚ ОТАУЫ, ОНЫҢ ЕР ЖЕТКЕНДЕ АЛАҢСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫН ЕСІНЕ
ТҮСІРЕТІН АРДАҚ ТҰТАР АСЫЛ БҰЙЫМЫ ЕМЕС ПЕ?! ҚАЗАҚТАР БЕСІКТІ
ҚАРАҒАЙДАН, ҚАЙЫҢНАН, КӨБІНЕ ТАЛДАН ЖАСАЙДЫ. БЕСІКТІ «ТАЛ БЕСІК» ДЕП
АТАУДЫҢ СЫРЫ ОСЫНДА. БЕСІК КӨШІП-ҚОНАТЫН ҚАЗАҚ ТІРШІЛІГІНЕ ӨТЕ
ЫҢҒАЙЛЫ. ОНЫ ТҮЙЕ ҮСТІНЕ, ӨЗГЕ ЖҮКТЕРМЕН ҚОСА АРТЫП ЖҮРЕ БЕРЕДІ. КЕЙДЕ
БАЛА БӨЛЕНГЕН БЕСІКТІ ДЕ ОСЫЛАЙ АЛЫП ЖҮРЕТІН БОЛҒАН. БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ
«БАЛАНЫҢ ҰЙҚЫСЫН БҰЗҒАН ПЕРІШТЕНІҢ ҮЙІН БҰЗҒАНМЕН БАРАБАР» ДЕГЕН
ҰҒЫМЫНА ТОЛЫҒЫМЕН САЙ КЕЛЕДІ.
• Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де
болған. Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп
есептеген. Мұны бабаларың Төле бидің мына бір әңгімесінен
байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған
ел таулы жаққа қарай босып, үдере көшкенде, екіқабат жас
келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төлемен
қатар келе жатқан кісі : «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап,
бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», — дегенде, Төле би:
«Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», — деген екен.
• Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік
жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады,
жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді.
Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың
әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі.
Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін
емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр.
Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын
айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін
өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби
ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып
тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне
назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік
жырының ұмытылуында болса керек.
• Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…»
дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегi
кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті
жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек
көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр. Дәлелдің
қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде,
жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады?
Оның ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз.
• Ең алдымен айтарымыз, бесік – қасиетті құранда аты аталған бұйым.
Алла Тағала әкесіз туылған Иса Пайғамбар туралы мынадай аят
түсірген: «Ол бесігінде де, ержеткенде де адамдарға сөйлейді. Әрі
ізгілерден болады. («Әли-Имран» сүресі, 46-аят). Осы аяттағы «мәһд»
деген сөзді көп тәпсіршілер «бесік» деп түсіндірген. Араб тілінен
аударғанда, бұл сөздің түбірі «төсеу», «түзету» деген мағыналарды
білдіреді.
БЕСІККЕ САЛУДЫҢ ЗИЯНЫНАН ПАЙДАСЫ
КӨП АЙТАЛЫҚ:
• Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы
тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық
жетілмейді.
• Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер
етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан
бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
• Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып,
рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс
сыйлайды.
• Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы
үйренеді.
• Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды.
Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай
болып өседі.
• Алтыншыдан-бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың
жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
• Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез
қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
• Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден
сақтайды.
• Тоғызыншыдан-бесік анаға баланы ұйықтатуы үшін көмек болады;
• Оныншыдан-тербетілгенде бала жерге құлап қалмай, қауіпсіз жатуы үшін
бесіктің қоршауы болады.
Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана.
Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып
жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», т.б. жоғалды. Үлкен жазушы
Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін
айтпаған шығар
• Мұсылман ғалымдары бесіктің осындай пайдаларын санап шыққан.
Сондықтан кезінде Мәриям анамыз Иса Пайғамбарды босанғанда, көп
кешіктірмей оны бесікке бөлеген деген ойдамыз. Өйткені елі оны
күнәлі, азғын іс жасадың деп айыптап жатқанда, ол бір ауыз тіл
қатпай, бесіктегі баланы нұсқады деген мағынадағы аятты Құраннан
кездестіруге болады. Қашаған ақынның «Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш» деп жырлауы да тегін болмаса керек.
• Ең бастысы мұсылман екенімізді ұмытпайық. Бала тәрбиесіне көңіл
бөлейік ол біз бен сіздің келешегіміз екенін естен шығармағанымыз
жөн.Абай атамыз айтады емепе бұл өмірге адам есті болып келмейді
деп.Еліміздің келешегін ойлар тәрбиелі жастарымыз көп болсын.
ЕШҚАШАН БЕСІК ЖЫРЫН ҰМЫТПАЙЫҚ.
•Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, ақ бөпем….
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz