Қиярдың пероноспорозы


Slide 1

Қиярдың пероноспорозы

Орындаған: Нүкенова Айнур Аг-213

Slide 2

Жоспар:

1. Қиярдың биологиялық, морфорлогиялық ерекшелігі, қолданылуы

2. Көкөніс дақылдарының аурулары

3. Қияр пероноспорозы

4. Күресу шаралары

5. Ауруға төзімді сорттары

Slide 3

Қияр- (лат. Cucumis sativus ) - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, ұзындығы 1, 5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі - қияр, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Сонымен қатар шырынын судың орнына ішуге болады. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеген. Косметика саласында да қияр үлкен орын алған. Қияр көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны - Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі. Құрамында 95-96% су, 4-5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2-25% қант, 1% белок, 0, 1% май, 0, 7% клетчатка, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар.

Қиярдың биологиялық, морфорлогиялық ерекшелігі, қолданылуы

Slide 4

Көкөніс дақылдары саңырауқұлақтармен (қара мойнақ, түйін ауруы, пероноспороз), бактериялармен (талшықтық, кілегей бактериоз), вирустармен (мозаикалар), фитоплазмалармен (столбур) зақымданады. Аурулар жемістерді, сабақтарды, жапырақтарды, тамырларды, тұқымды зақымдап үлкен шығын келтіреді, өнім түсімін төмендетеді. Ауру өсімдіктердің жағдайын нашарлатады, жапырақтардың ассимиляциялық қабілеті төмендейді, өсімдіктердің өсуін тежейді және мүшелерін өзгеріске ұшыратады, кейде өсімдіктер өліп қалады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрылықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет.

Көкөніс дақылдарының аурулары

Slide 5

Қияр переноспорозы немесе жалған ақ ұнтақ ауруы - бұл қиярдың өте кең тараған ауруларының бірі. Бұл ауру өсімдіктің өмірін тоқтатып, өнімділікті төмендетуге әкеліп соғады. Ең алғаш бұл ауру Украинаның Харьков қаласында 1972 жылы егістік алқаптарында пайда болған. Осы күнге дейін селекционер ғалымдар бұл аурудың емін таба алмай келеді.

Переноспорозбен ауратын қиярды анықтау қиын емес. Ол өсімдіктің жапырақтарында қоңыр түс пен сары түс аралығындағы дақтары арқылы білуге болады. Бұл дақтардың өте тез тарауы соншалық жапырақтарының кеуіп кетуіне дейін әкеледі. Бұл аурумен жылы жайда өсетін қиярлар да, ашық грунтта өсетін қиярлар да аура береді.

Бұл ауру тек қана қиярды ғана емес асқабақты, кәдіні, қауын-қарбызды зақымдайды.

Slide 6

Күресу шаралары

-егістік алқаптарын өсімдік қалдықтарынан тазарту;

-егіс алқабына отырғызар алдында дезинфекция жасау;

-ауруға төзімді сорттарды таңдау керек;

-тұқымды фунгицидпен дезинфекциялау қажет;

-жылыжайларды желдетіп отыру керек;

-Фитоспорим немесе Алирин биопрепараттарымен профилактикалық өңдеу жүргізу қажет;

-өсімдіктің тамыр үсті бөлігін микроэлементтермен, иммуностимулятормен (силк, эпин) үстеп қоректендіріп отыру қажет;

Slide 7

F1 Алфавит, F1 Букет, F1 Буян, F1 Вирента, F1 Зеленая волна, F1 Изумрудный город, F1 Кузнечик, F1 Мальчик с пальчик, F1 Марьина роща, F1 Муравей, F1 Первый класс, F1 Подмосковные вечера, F1 Фокус, F1 Чистые пруды

Ауруға төзімді қияр сорттары


Ұқсас жұмыстар
Қияр
Қызанақ дақылы
Асқабақтың аталық гүлі Асқабақтың аналық гүлі
ОҚО қиярдың селекциялық зерттеуі
КӨШЕТТІК ӘДІСТІҢ МАҢЫЗЫ
Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар
Көшетті ұйымдастыру технологиясының ерекшеліктері
Алтын күз бізге нұр төгіп
Көкөністердің ауыспалы егістік танабы мен өсіру әдістері
Көкөністі балық консервісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz