Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың формасы


Slide 1

Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың формасы

Тексерген: Кошкимбаева. Р. Х

Орындаған: Қаныш. А. Қ

Тобы: П-403у

Slide 2

Жоспары:

1. Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі

2. Лидерлік қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа шығармашылық пен жетекшілік ететін жеке тұлға

Slide 3

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде.

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жариялануы болса, Президентіміз Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.

Slide 4

Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру.

1. Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық ғылыми әдебиеттермен толықтырып отыру.

2. Іс-қағаздарды жүргізу.

3. Үлестірмелі және дидактикалық материалдар дайындау.

4. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер жұмысын жинақтау.

5. Аудандық, облыстық байқау-сайыстардың материалдарын жинақтау.

6. Баспасөз, журналдармен толықтырыпотыру.

7. Көрме, фотостенд ұйымдастыру

Slide 5

Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс. Білім беру жүйесінің қазіргі заман талабы қатардағы әдіскерден жаңашыл болуды, кәсіби шебер, өмірге бейімділікті, қызметте жақсы нәтиже көрсете білуді талап етеді. Білім жетілдіру жүйесінің басты міндеті - маманға көмек көресту.

Білім беру жүйесіндегі бұл категория - өз қызмет талабына байланысты әдістеме ілімімен кәсіби шұғылданатын педогогикалық қызметкер.

Әдіскер белгілі бір педагогикалық жүйені әдістеме жағынан қамтамасыз етеді, педогогикалық кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруге қатысады.

Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез-құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.

Slide 6

Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі

Кәсіби шеберлігі

1. Ғылыми-педагогикалық ойлауда жаңаша стиль қалыптасқан, шығармашылық шешімдер қабылдай алатын.

2. Адамдардың психологиясын зерттей алатын.

3. Өз жұмысына нақты талдау жасайтын

4. Қатал талап ете алатын және демократиялық тұрғыда басқара алатын.

Жеке қасиеттері

1. Рухани мәдениетті, сендіре білетін, адамдарды белсенділікке тәрбиелеуші.

2. Шынайы зиялы.

3. Сыншыл және өзіне сыни қарайтын.

4. Педагогикалық сезімтал, жаңашыл еңбек сүйгі

Slide 7

Лидерлік қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа шығармашылық пен жетекшілік ететін жеке тұлға

Нәтижелілігі

1. Мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоспарланған нәтижеге жету.

2. Педагог мамандар тұрақтылығы мен шығармашылық жетістіктер

4. Қабылданған шешімді уақытында орындау.

3. Ұжымдағы адамгершілікті- психологиялық ахуал.

Slide 8

Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор - адам және жеке тұлға болып қала бермек.

Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер т. б. дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін-өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген .

Slide 9

Кәсіби біліктілігі

1. Еліміздің білім беру сясатының стратегияларына түсінген.

2. Басқару жұмысы туралы теориялық және әдістемелік білімі бар.

. Қазіргі технологиялардың деңгейінде кәсіби ойлауға қабілетті.

.

Slide 10

Мектепке дейінгі білім мекемелері басшылары алдында тәрбие мен білім беру ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұр. Осы заманғы басшы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері, сонымен қатар әдістемелік қызметті басқару мәселелерінде білікті болуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның жұмысын білім беру бағдарламалары міндеттерін шешуге бағыттайтын болғандықтан басқару ісіне жатады.

Басқарудың тиімді тәсілі- менеджменттік басқару. Ю. Конаржевский «Менеджмент және мектепішілік басқару» кітабында «Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады» дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.

Slide 11

Балабақшаның жылдық міндеттерін орындау.

Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай оқу жоспарын енгізу.

Тәрбиешілердің іс-қағаздарының сауатты жүргізілуі

Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Slide 12

Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол - әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балаларды қарпайым математикаға үйретудегі әдістемелік жетекшілік
ТІРЕК ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Ерте және мектеп жасына дейінгі, балалар дене тәрбиесінің негіздері
Психологиялық диагностика практикалық психологтардың әрекетінің басты бағыты
Қарапайым суреттер жаттығуы
А.П. Усованың мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан үлесі
Дамыту технология Рөлдік технологиясы ойындар
Білім беруде әдіскерлік жұмыстың формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz