Абай жолы романындағы тарихилық пен көркемдік


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Филология факультеті

СӨЖ

Орындаған: Құмарова Ғ. М. , Қ-213

Тексерген: Ақтанова А. С.

Slide 2

«Абай жолы » романындағы тарихилық пен көркемдік

«Абай жолы » романындағы Абай мен Құнанбай бейнелерін сомдаудағы ерекшелік

«Абай жолы » романындағы қазақ қыздарының бейнесі

Жоспар:

Slide 3

«Абай жолы » романындағы тарихилық пен көркемдік

Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған. М. Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.

Slide 4

Абай - бай әрі дүниеқор феодал Құнанбайдың ұлы. Ол туған ауылына оралғанда, әкесі оны өзінің ісіне баулымаққа ұмтылды. Құнанбайдың елшісі ретінде Абай ауыл-ауылды аралап, әкесінің жарлығын орындады. Осы көріністе Абайдың әкесі сияқты аты шыққан бай боларлық келешегі байқалады, бірақ Құнанбай күткендей және талап еткендей болмады. Өйткені Абайды билік те, байлық та қызықтырмайды, ол жеке басының амандығы мен игілігін әділдік пен шындыққа құрбан етеді. Абайдың осындай әділдік пен шындықтың құрбаны болуына оқуға деген махаббаты түрткі болғаны сөзсіз. Автор оның шығыс әдебиетін сүйіп оқығанын жазады. Абайдың көзқарасының қалыптасуына оның әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның ықпалы да зор болды. Абай өзінің халқына зор сүйіспеншілікпен қарады. Ол заңсыздық пен қылмыс арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді қаламады, оған көптеген қатал патриархалдық заңдар ұнамады. Әкесімен қақтығыс баяу әрі ауыр болды. Абай өсе келе оның әкесімен қатынасы тіптен нашарлап кетті. Әкесінің пікіріне аса қарсылық білдірген бірінші жағдай - ол кедей әрі еш кінәсі жоқ Қодардың өлім жазасы. Осы жағдайдан кейінгі қу Құнанбайдың жағына Абай шықпады. Абай есейген сайын әкесіне және оның жақтастарына, кейінірек ізбасарлары: Тәкежанға, Оразбайға, Майбасарға және т. б. деген қарсылығы күшейе түсті.

Slide 5

Кесек, ірі сомдалған тұлғалардың бірі - Құнанбай.

Ол ескі өмірдің қаймағы шайқалмауын, заман тізгінін қолынан кетірмеді, әкімшілік-биліктен айрылмауды, елге Құнанбайлық әмірін жүргізуді көздейді және осы ниетінен қайтпайды. Өз қарауындағы елді құрығында ұстап, көнбегендерге Құнанбайлығын істейді, тізесін батырады. Мұның барлығын өз қолымен емес, басқалар арқылы істейді, өзі тасада қалады. Ол азуы кере қарыс Алшынбайды да ''Алшеке'' дей отырып, өз керегіне жаратады. Ол шариғатты да, ''құдайшылықты'' да дегені үшін құрбандыққа шалады. Құнанбай уысынан шығар пенде жоқ, өйткені онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын, малды, сөзге жүйрік. Мінез бен іске де алғыр. Осылардың бәрі өз ортасын бойымен басып жығып беруге себеп болды. Демек, романда Құнанбай қулығына құрық жетпес, ақылы мен түлкілігі, айласы мен амалы астасып жатқан терең шыңырау болып бейнеленген. Жазушы оның сол әрекетін нақтылы оқиғалар арқылы шығарманың бүкіл бейнелі құрылымында образдар жүйесінде көрсеткен.

Құнанбай айла-амалы, өзгенің қолымен от көсейтіні ру басшыларын да осы қылмысқа ортақ етуінен анық танылады.

Slide 6

Қазақ қыздарының бейнесі

М. Әуезовтің «Абай жолы» романында тамаша сомдалған аяулы әже, асыл ана, сұлу әйел образдары -адамдықтың, адал махабаттың, пәк сезімнің иелері. Бойынан қазақ қызына тән ибалық, имандылық, қайсарлық пен батырлық қасиеттері қатар өрілген халық нанымындағы ерекше бейнелерді сомдау дәстүрі Әуезов шығармашылығында да өз жалғасын тапты. Эпопеяда жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Характер жасауда қаламгер оларды жинақтай отырып даралаған, даралай отырып жинақтаған.

Slide 7

Дәмежан бейнесі

Қарымды қаламгер Әуезов те - әйелдің ішкі жан иірімдерін беруде өзіндік соқпағын салған жазушы. Оның әрбір туындасындағы әйел бейнесі (мейлі ол қыз бала, ана, кейуана) өзіндік рухани тазалығыман құнды. Қазақ қызы арын таптатпаған, намысын қорлатпаған. Жазушы әйел бойындағы адамдық қасиетті биік шыңға көтере отырып, оның арманы мен мақсатын білуге ұмтылады. Романда кесекті бейне болып көрінбегенімен бізді Дәмежан бейнесі ерекше қызықтырды. Сондықтан да Дәмежен бейнесін де жазушы шығармашылығындағы табыс қатарында көрсеткіміз келеді. Ең бастысы оның өмірде бар болғандығы. Жазушы оның маңындағылардың негізгілерін тірек ете отырып, әдеби бейне сомдап шыққан.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
“Абай жолы” романындағы тарихилық
М. Әуезов Абай жолы романы туралы ақпарат
М.әуезовтің “қилы заман”повесінің тарихи және көркемдік негіздері
Абай жолы романындағы кейіпкерлер психологисы
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
М.Әуезов Абай жолы романы
Абай жолы роман
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы арнайы мектеп-гимназия интернаты
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz