Суретпен жүргізілетін жұмыс түрлері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Суретпен жүргізілетін жұмыс түрлері.
Дайындаған:Дуйсембаева Д.С.
Тексерген: Таттимбетова С .
Тіл дамыту жұмысына суретпен
жүргізілетін жұмыстар да кіреді.
Суретпен жұмыс істеу арқылы қазақ тілінде
сөйлем құрастырып үйретуге, жаңа сөз
жаттатқызуға болады. Бұл үшін
оқулықтағы немесе қосымша басқа
суреттер пайдаланылады. Өтілетін суреттің
мазмұны бойынша сөздік плакат жасалады.
Мысалы, «Қысқы ойын» деген сурет
бойынша жұмысқа тоқталайық. Сөздік-
плакатқа мына сөздерді жазамыз:
Шаңғы-лыжи
Шана-сани
Аққала-снежная баба
Сүйреп келеді-тянет
Сырғанақ-каток
Жасап жатыр-
лепят(делают)
Теуіп жүр-катаются(на
коньках)
Сырғанап жүр-
катаются(на санках)
Қыстық-зимние
Сондай-ақ сұрақ-жауап
плакатқа төмендегідей
сөйлемдерді жазамыз:
1. Суретте жылдың қай мезгілі
бейнеленген?
Суретте жылдың қыс мезгілі
бейнеленген.
2. Кім шанамен таудан түсіп
келеді?
Асан шанамен таудан түсіп
келеді.
3. Кім шананы тауға қарай
сүйретіп келеді?
Марат шананы тауға
қарай сүйретіп келеді.
Класта суретпен жұмыс жоғарыда көрсетілген
сөздік, сұрақ-жауап плакаттарында жазылған
сөз, сөйлемдер бойынша жүргізіледі. Мұғалім
плакат бойынша жаңа сөздердің мағынасын,
аудармасын түсіндірген соң, сөйлеммен жұмыс
істейді. Ең алдымен плакаттағы сөйлемді оқи
тұрып, көрсеткішпен бұл сөйлем қай суреттегі
кайсы затты білдіретінін сұрайды. Мысалы,
қыс көріністері бейнеленген сурет бойынша
балалардың үстінде қандай киімдерінің бар
екендігін, аққла жасап жатқандардың
әрқайсысының не істеп жатқандарын бөлек-
бөлек сұрау керек, соңынан жеңіл сөйлемдер
құрастыруға болады.
Плакаттағы сөйлемдерді оқып, аударып, суреттерді
жақсылап қарап алғаннан кейін осы суреттер бойынша
әңгімеге ат қойылады. Сондай-ақ жұмбақ текстері бойынша
да жоғарғыдай суретпен жұмыс өткізіледі. Алдын-ала
жүргізілген жұмыстан кейін (жұмбақтың мазмұнын
ашатындай сурет болған жөн), оқушылар жұмбақтың тексін
түсініп, шешімін тауып, оны екінші тілге аударады.
Көптік жалғауын пысықтау үшін
берілген суретпен жұмыс қалай
өткізіледі екен, соған тоқталайық.
Мұнда сабақтың мақсаты-суретпен
жұмыс істеу арқылы көптік жалғауын
сөйлемде қолдана білу, сөздік қорды
молайту, байланыстырып сөйлеуге
жаттығу. Сөздік плакатқа төмендегі
сөздер жазылады:
Шомылып жүр-купается,
купаются
Теріп жүр-собирает,
собирают
Тартып отыр-играет, играют
Су құйып тұр-поливает,
поливают
Қосылып-вместе
Көмкшілер-помощники
Себет-корзинка
Сұрақ-жауап плакатқа мынадай
сөйлемдер жазылады:
1. Кім шомылып жүр?
Мұрат шомылып жүр.
2. Кімдершомылып жүр?
Балалар шомылып жүр.
3. Кім саңырауқұлақ теріп жүр?
Марат саңырауқұлақ теріп жүр.
4. Кімдер саңырауқұлақ теріп жүр?
Қыздар саңырауқұлақ теріп жүр?
5. Кім бақшаға су құйып жүр?
Асан бақшаға су құйып жүр.
Оқушылар сурет бойынша
жоғарғыдай сөйлемдер ойлау арқылы
қазақ тілінде сөйлем құрастыру
тәртібі (сөздердің орын тәртібі)
сұраулы сөздің орнына жауапты
сөздің келетіндігі (кім-Мұрат, кімдер-
балалар т.б.) сөйлем соңында келетін
баяндауыштың орыс тіліне аударылу
ерекшелігі (қазақ тіліндегі етістіктің
жіктелу ерекшелігі) сияқты
мәселелерді қамтиды.
Әрбір сөйлемді оқып, суретті көрсетіп
тұрғанда мұндай ерекшеліктерді қоса
айтып, түсіндіріп отырған жөн.
Мысалы, қазақ тілінде жекеше, көпше
бірдей мағына беретіндігі.
Плакаттағы сөйлемдерден басқа да, күн
райы, жыл мезгілі, бақшадағы өсімдіктердің
түрлері, тоғайда не өсетіндігі туралы жай
сөйлемдер құрауға болады. Мұндай
сөйлемдерді плакатқа жазбай-ақ,
оқушыларан ауызша әңгімелесу ретінде
сұралады. Оқушылар мұндай жағдайда
бұрынғы білетін сөздерін пайдалана отырып,
сөйлем құрастырады. Жұмыстың бұл түріне
бүкіл сыныпты қатынастырып отырған
дұрыс. Мұндай жағдайда сабақ тұтас бір
әңгіме өткізу арқылы ауызша шығарма
жазғандай болады.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz