Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфоло­ гиясы, қоректенуі


Slide 1

СРО

Тақырыбы: Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфоло-гиясы, қоректенуі.

Орындаған: Ақан Е. С. БТ-407

Тексерген: Мирашева Г. О.

Slide 2

Жоспары:

Көбеюі

Морфологиясы

Қоректенуі

Жоспар:

Slide 3

Саңырауқұлақтар да вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар жасушаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар - қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.

Slide 4

Саңырауқұлақтардың өсуі

Slide 5

Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 1-дай түрі кездеседі.

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофиліболмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге өсімдіктер.

Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Slide 6

Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз талшықтар болмайды. Алайда жалған талшықтар жиі кездеседі, олар өз ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған ұлпа гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері болады.

Мицелийлердің сыртқы - экзогенді және ішкі эндогенді болып екіге бөлінеді.

Экзогенді мицелийлер субстраттың үстінде.

Эндогенді мицелийлер субстраттың ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында, тірі өсімдіктер денесінің ішінде жатады.

Slide 7

Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі - жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.

Slide 8

Саңырауқұлақтар хлорофилі болмағандықтан сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстраттар мен органикалық қалдықтарға шоғырланады. Паразитті саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі және тірі ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.

Slide 9

Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің құраған бөліктері, жануарлардың, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.

Slide 10

Қоректенуі

Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.

Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе айналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.

Төменгі түрдің саңырауқұлақтарына хитридиевтар, оомицеттер, зигомицеттер кластары жатады, ал жоғарғы түрдің саңырауқұлақтарының құрамына аскомицеттер, бази-диомицеттер, дейтеро-мицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар кіреді.

Саңырауқұлақтардың хлорофилі болмағандықтан, олар өздерінің қоректену

іне керекті көміртегін тек қана дайын органикалық қоспалардан ала алады, демек олар - гетеротрофтар. Ашытқылар мен қарапайым төменгілерден басқа саңырауқұлақтардың жіңішке бұтақталған гифтерден тұратын вегетативті денесі (мицелийлері) болады

Slide 11

Назарларыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі
Саңырауқұлақтарың морфологиясы
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер
Фитофтораның өмірлік циклы
Саңырауқұлақтардың биогеоценоздағы маңызы
Миксомицеттер немесе кілегейлілер
Саңырауқұлақтар әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz