Нұрғиса Тілендиев




Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы:
Нұрғиса Тілендиев.

Мақсаты: Нұрғиса Тілендиевтің
өмірі мен шығармашылық
жолымен танысу. “Әлқисса”
күйін тыңдау.Өткен
«Саржайлау» әнін қайталау,
«Әке туралы жыр » әнімен
танысу. Сазгердің қалаған
әндерін айту.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар ( жаңа тақырып )
Ой толғаныс ( музыка тыңдау )
Ән айту.
Тілендиев Нұрғиса
Атабайұлы (1925-1998)

1982жылы «Отырар сазы» әйгілі күйші композитор,
оркестрін құрып,жетекші- дирижер,дәулескер домбырашы
лік етті,
Алматы облысының
«Қазақфильм» кино-
Іле ауданында туған
студиясында бас
редактор болды

Нұрғиса Тілендиев

Әндері:
«Ақ құсым»,
Күйлері: «Әлқисса», «Ата толғауы»,
«Саржайлау», «Алатау»,
«Фараби сазы», «Көш керуені», (1925-1998)
«Өз елім», «Әке туралы жыр« “Махамбет», «Аққу», «Аңсау»
ІІІ. Ой ашар ( жаңа
тақырып )
Тілендиев Нұрғиса
Атабайұлы (1925-1998) -
дирижер, композитор, домбырашы, ССРО
және ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің
еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚазССР-нің
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. П. И.
Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік
консерваториясының дирижерлік
факультетін (профессор Н. П. Аносовтың
класы) бітірген. 1981 жылы “Отырар сазы”
қазақтың мемлекеттік фольклорлық -
этнографиялық оркестрін құрып, өмірінің
соңына дейін соған жетекшілік етті.
Тілендиев - “Алтын таулар” (Қ.
Қожамияровпен бірлесіп) операсының,
“Достық жолымен” (Л. Степановпен
бірлесіп) балетінің, “Ата толғау”, “Аққу”
оркестрлік поэмасының, 40 шақты ән мен
романстардың авторы. Тілендиев 100
спектакльге, көркемдік құжатты және
мультипликациялық фильмдерге музыка
жазды. Тілендиев шығармаларынан
қазақтың халық музыкасына тән әуезділік,
лиризм,азаматтық пафос пен динамизм
ерекше үндестік тапқан.
Отырар сазы - Қазақтың мемлекеттік халықтық
музыкалық аспаптарының фольклорлық этнографиялық
оркестрі. 1980 жылы ансамбль ретінде қазақ
филармониясының жанынан құрылған

Оркестрдің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас
дирижері КСРО-нің халық артисі Н. А. Тілендиев. 1982 жылдан
оркестр “Отырар сазы” деп аталады. Музыкалық шығармалар ерте
кезден белгілі қазақтың ұлттық аспаптарында орындалады, олар
музыкатанушы, жинаушы Б. Ш. Сарыбаевтың зерттеулері арқылы
қалыпқа келтірілген. Оркестрдің репертуарында: халық күйлері-
“Кеңес”, “Сары өзен”, “Сал күрең”, халық композиторларының
шығармалары “Қосбасар”, “Саржайлау”, Тәттімбеттің “Сылқылдағы”,
“Ерденнің күйі”, Ықыластың “Қамбар батыры”, М. Төлебаевтың “Еске
алуы”, Н. Тілендиевтің “Ата толғау”, “Қош керуені”, К. Күмісбековтың
“Қорқыт күйі”, “Фараби сазы” және т. б. бар.
ІV Ой толғаныс ( музыка тыңдау )

« Әлқисса» (Нұрғиса
Тілендиев)
V Ән айту
Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
а
Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Жан әке, шертіп сезіп Домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп Сен тұрасың

Бұл күнде мен де Өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
VІ Ой қозғау.
Венн диаграммасы
IV. Қорытындылау
«Тілендиев жазған күйлер тыңдаушысын қуанта да
алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып
ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді,
онда атадан балаға мирас болып келе жатқан
адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері,
мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды;
ионда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік
пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше,
Тілендиевтің күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай
бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан
кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды;
өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман
– мақсатымен сабақтас».
Нұрсұлтан Назарбаев
V. Үйге тапсырма
Сазгердің
шығармашылығы жайлы
қосымша оқып келу, «Әке туралы
жыр» әнінің 1-2 шумақтарын
жаттау.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар!

Ұқсас жұмыстар
ЖЕТІСУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ
”Қыз Жібек” жыры бойынша бекіту сабағы
Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
Өнер құдіреті мәңгілік
ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы
Слайд
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Бердібек Соқпақбаев “Менің атым- Қожа”
Пәндер