Педагогикалық құзіреттілік



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Педагогикалық құзіреттілік
Орындаған: Тайболатов Қ. М.
Тексерген: Оралбекова Б. С.
Семей - 2015

Жоспар:
Құзіреттілік және құзірет ұғымдарының арақатынасы
Құзіреттілік түрлері

«Құзыр» (компетенция) - қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.
Құзірет дегеніміз (латынша “competentia” - компетенция) - құқы бойынша қандай да бір мекеменің немесе адамның өкілет шеңбері, адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері.
Құзірет - адамның компетенттілігінен көрінетін ішкі, потенциалды, жасырын, психологиялық жаңадан пайда болған түр (білім, түсінік, әрекет алгоритмі, құндылықтар мен қатынастар жүйесі) .
“Құзірет” ұғымы

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде құзыретке келесі дәстүрлі сипаттамалар берілген:
- Саяси және әлеуметтік құзырет, өзіне жауапкершілік алуға және біріге шешім қабылдауға байланысты.
- Құзырет, шыдамсыздықты жоюға, әртүрлілікті түсінуге, мәдениеті, тілі және діні басқа адамдармен өмір сүруге қабілеттілік.
- Құзырет, бұл қоғамдық өмір мен кәсіби әрекетте жазбаша және ауызша түрде қарым-қатынасқа түсу.
- Құзырет, ақпараттық қоғамның пайда болумен байланысты: жаңа технологияларды игеру, олардың күшті және әлсіз жақтарын жетік түсіну.
- Құзырет, өмір бойында үйренуге ұмтылу, тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар жекелей және қоғамдық өмірде.

Құзіреттің түрлері
әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы
интеграциялық құзырет
азаматтық құзырет
әлеуметтік әрекеттестік құзіреті
ақпараттық технология құзыреті
адамның өзін-өзі жетілдіру құзыреті
қарым-қатынастағы құзырет
танымдық іс-әрекет құзыреті
іс-әрекет құзыреті
адамның денсаулығын сақтау құзыреті

«Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврлардың түйінді құзыреттеріне қойылатын талаптар:
- педагогикалық процестің даму заңдылықтарын ойша елестете білуі керек;
- білім берудің жалпы заңдылықтары мен өзіне тән ерекшеліктерін оқыту, тәрбие және дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін, педагогиканың және психологияның ұжымдық концептуальды аппаратын білуі керек;
- теориялық білімдерді практикалық кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек;
- педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап жүзеге асыру және оларды ЖОО, колледж, мектеп жұмысында психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысы болуы керек;
- білім беру сапасының тиімділігін жақсарту мен арттыруды; педагогикалық-психологиялық мәселелерді қою және шеше білуді жетік білуі керек.

Құзіреттер адамның мінез-құлқында, іс-әрекетінде көріне отырып оның жеке тұлғалық сапалары мен қасиеттеріне айналады. Барлық құзіреттер жинақтала келе құзіреттілікке айналады. Құзіреттілік әлеуметтік болып табылады, өйткені ол социумда ғана қалыптасады.
Құзіреттілік және құзірет ұғымдарының айырмашылығы

«Құзіреттілік» анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегі нәтижесін, жеке тұлғаның сапасын, жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерініске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын, т. б. білдіреді.
«Құзіреттілік» сөзі француз тілінен «заңға сай», ал латын тілінен «сай болу», «қабілет», «талап қою», ал ағылшын тілінен «қабілетті», «жетік» деген мағынаны білдіреді.
“Құзіреттілік” ұғымы

Құзыреттілік (компетентность) - хабардарлық, жете білушілік.
Құзіреттілік - 1) білімі мен дағдысы арқылы мәселені өз бетінше шеше алуға мүмкіндігі бар жеке тұлға; 2) теориялық, танымдық және тәжірибелік іскерлігін меңгеру дәрежесін анықтайтын тұлғаның білімділік деңгейі.
Құзіреттілік - белгілі бір мәселені жан-жақты білу.
Құзіреттілік - білім берудің нәтижесі ретінде мотивациялық-құндылықтық, когнитивтік, дүниетанымдық, коммуникативтік құрамалардың жиынтығы.
Педагогикалық ғылымда құзіреттілік - адамның өз білім дағдысын нақты жағдаятта тиімді пайдалануының саналы қабілеті деп түсіндіріледі.
“Құзіреттілік” ұғымы

Негізгі құзіреттіліктер социумда адамға қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін жоғарыда берілген құзырлықтар;
Кәсіби және оқудағы құзіреттілік адамның кәсібі мен оқуы барысында қалыптасады және көрініс береді;
Әлеуметтік (тар мағынада) құзіреттілік адамның қоғаммен, социуммен, басқа адамдармен өзара әрекетінде сипатталады.
Құзіреттіліктің түрлері

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т. б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі келесі компоненттерге бөлінеді:
Мотивациялық-еріктік (мотивация - себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
Функционалдық (лат. functio - орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz