ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Презентация қосу
Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Пән атауы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
(1900-1930жж)
Тақырыбы: ХХ ғ басындағы қазақ
әдебиетінің дамуы
Орындаған:Мухамедьярова Д
Тексерген: Жүндібаева А.Қ
Жоспар:
-ХХ ғ басындағы әдебиеттің дамуы
-ХХ ғ әдебиеттің өкілдері
-Мәдениет пен өркениеттің дамуы
Кілт сөздер:
-тарихи жағдай,
-әдеби бағыттар,
-нәзирашылдық дәстүр
-жазба әдебиет,
-зиялы қауым,
-реализм.
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының
тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің
өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы
әдейі тұмшалаған ой-сананың ояну
дәуіріне жол ашқан кезең.
ХХ ғасыр бас кезіндегі жазба әдебиет –
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі
дәстүрлерді дамытумен бірге өзіндік
өрнегін де тапқан әдебиет. Мұнда әсіресе
өмір шындығын, замана
көрінісін,әлеуметтік тұрмысты нақты да
шынайы бейнелеуге ұмтылу көзге айқын
шалынды.
ХХ БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ
ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫДЫ:
Діни- Ағартушы- Ұлт-
ағартушылық демократтық азатшылдық
Діни ағартушылық
бағыттағы ақын-жазушылар
негізінен діни білім алып,
шығыстық өркениетті мұрат
тұтқандықтан замана сыры,
қоғамдық-әлеуметтік
өзгерістерге сол көзқарас
тұрғысынан қарайды.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда
бұл бағыттағы ақындар өздері нәр
алған шығыстың озық үлгілі
әдебиетінен үйреніп қана қоймай,
шығыс шайырларының бірсыпыра
шығармаларын қазақ тіліне
аударды. Шығыс сюжетіндегі
тақырыптарға негіздеп өздері де
өлеңдер жазды. Сөйтіп
нәзирашылдық дәстүрді дамытты.
ОСЫ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕБИЕТ
ӨКІЛДЕРІ:
-МАҚ ЫШ Қ АЛТАЕВ
-ӘБУБӘКӘР ШОҚ АНОВ
НҰРЖАН НАУШАБАЕВ
-МҰСА БАЙЗАҚ ОВ
ШӘДІ ЖӘҢГІРОВ Т.Б
Діни-ағартушылық
бағытта жазылған
туындылар:
М.Ж.Көпеев:
«Хал Ахуал» (1907ж)
«Сарыарқаның кімдікі
екендігі» (1907ж)
«Тірлікте көп жасағаннан
көрген бір тамашамыз»
(1907ж)
Мақыш Қалтаев:
«Қазақтың айнасы» (1910ж)
«Біраз ғибрат сөз» (1910ж)
«Насихат қазақия» (1911ж)
«Бар оқиға»(1912ж)
«Тура жол» (1912ж)
Ағартушы-демократтық
бағыттың құрамында
қаралатын ақын жазушылар
ХХғ әдебиеттің өркендеуіне
өлшеусіз үлес қосты. Олар
қазақ әдебиетін шын мәніндегі
өнери жазба әдебиет деңгейіне
көтеріп, өмір, дәуір сырын
шынайы сипаттап, терең ашуға
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар
өз шығармаларында
ағартушылыққа үндей отыра,
қоғамдағы әлеуметтік
теңсіздіктерді де көре білді.
Сөйтіп демократиялық ой-
пікірлерді алға шығарды. Дәуір
шындығын кең көлемде
суреттей білді.
Бұл бағыттың белгілі
өкілдері:
-Спандияр Көбеев;
Бекет Өтетілеуов:
-Тайыр Жомартбаев;
Әріп Тәңірбергенов;
Сәбит Дөнентаев т.б
Спандияр Көбеев:
Қалың мал (1913ж) «Қиялдарым» (1913ж)
«Орындалған арман» (1954ж) «Уақ-түйек» (1915ж)
«Үлгілі бала» (1912ж) «Екі теке» (1918ж)
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-
жазушылар шығармашылығының
басты міндеті ұлт-азаттығының тірегі
ұлттық сананы ояту болды. Олар өз
шығармашылығында отаршылдыққа
қарсы ашықтан-ашық пікір айтып,
азатшыл күрес идеясын өркениетті
елдердегі саяси күрес тәсілімен
ұштастыруды мақсат тұтты.
Бұл бағыттың қалыптасуына
– ХХ ғасырдың басында жаңа
әлеуметтік күш - ұлтжанды
зиялы топтың пайда болуы
жан-жақты әсер етті.
Бағыттың белгілі өкілдері:
-Нарманбет Орманбетов;
-Ғұмар Қарашев;
Ахмет Байтұрсынов;
Мағжан Жұмабаев;
Бернияз Күлеев т.б
Мағжан Жұмабаев: Ахмет Байтұрсынов:
«Мен жастарға сенемін» «Сауат ашар»
«Оқжетпестің қиясында» «Тіл жұмсар»
«Түркістан» «Әліппе»
«Алыстағы бауырыма» «ересектер әліппесі»
Қорыта айтқанда, ХХ ғ бас
кезіндегі әдеби шығармаларда
қазақ даласының әсем көріністері,
ұрпақтар арасындағы ізгі
сыйластық, адамға деген құрмет
көрікті көркем сөзбен өрнектеліп,
ұлт тағдыры мен тарихына деген
жанашырлық айқын танылды.
ХХ ғ бас кезіндегі әдебиет – шын
мәніндегі алтын ғасыр әдебиеті. Ол –
қазақ әдебиеті дамуы тарихындағы
жазба әдебиеттің мейлінше дамыған, ең
бір өркенді де өскелең кезеңі. Алдыңғы
дәуірлерді жаңашылдықпен дамытқан,
кейінгі кезеңге дәстүр ретінде жаңа
серпін берген өміршең әдебиет.
Демек, ХХ ғ бас кезіндегі әдебиет күрделі
саяси –әлеуметік мәселелерді алға шығарды,
себебі бұл кезде қазақ қоғамының алдында
өзінің болашағын таңдау, тәуелсіздікке қол
жеткізу күн тіртібінлегі басты мәселе ретінде
алға шыққан еді.Әдебиет осы өзекті мәселені
айта білді. Әдебиет өзінің дәстүрлі
классикалық сипатында дамығанымен,
жаңашыл әдебиет өкілдері Ахмет, Жүсіпбек,
Бернияздар өзгеше леп қосып, көркемдік мәнін
биіктетті.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Ө.Әбдиманұлы «ХХ ғ басындағы қазақ
әдебиеті».- А 2012ж .-407б
2.М.Әуезов «Әдебиет тарихы».-А 1991ж.-
240б
3.Б.Кенжебаев «ХХ ғ басындағы қазақ
әдебиеті».- А 1993ж .-248б
4.Р.Нұрғали «Қазақ әдебиетінің алтын
ғасыры».-Астана 2002ж.-528 бет
5.Д.Ысқақұлы «Әдебиет алыптары».-Астана
2004.-506б
6.Әдебиет өкілдерінің фотосуреттері
www.google.kz сайтынан алынды
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz