Әлемдік нарықтағы қор биржасы


Slide 1

Әлемдік нарықтағы қор биржасы

Орындаған:Қасымжанова А. Е

Тексерген: Нурмадиева Г. Д

Slide 2

Қор биржасы

Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, осы сауда саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуға тиіс. Қор биржасының мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Slide 3

Қор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады.

Slide 4 Slide 5

Қор биржасының қызметі

Қор биржасы құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

- қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаз-дарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;

- ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және несиелендіру;

- жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.

Slide 6

Қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру үрдісінде қызмет етуші қор биржасы экономиканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық үрдісіне ықпал жасайды.

Slide 7

Қор биржасы өзінің қызметін келесі қағидаларға сай құрады:

- брокер және тұтынушы арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде ресімделеді;

- биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен ашықтық;

- сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Slide 8 Slide 9

Қор биржасының мақсаты

Бағалы қағаздардан сауда жасау үшін көпшілікке қолайлы жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын салушы жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.

Slide 10

Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;

2) Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып

отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;

3) Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге

де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру;

4) Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де

қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу;

Slide 11

5) Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу; 6) Өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету; 7) Бағалы қағаздар нарығы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу; 8) биржасындағы сауда саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын жүзеге асырады.

Slide 12 Slide 13

Қор биржасының мүшелері

Қор биржаларының мәмiлеге қатысушыларын, яғни алып сатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екiге бөледi. Аюдың әдетi - табанымен таптау. Төмендетуді ойлайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өзінде әлі жоқ акцияларды мәміле жасасқанда белгіленген курс бойынша мерзімге сатады және мәміле мерзімі біткенге дейін барынша төмен курспен құнды қағаздарды сатып алуға және жедел мәміле шартында белгіленген барынша жоғары бағамен сатуға үміттенеді.

Slide 14

Ал бұқа деп атау - жағымсыздық әдетi - қарсыласты мүйiзiне iлу. Жоғарылатуды ойлайтын делдалдардың(«бұқалар») керісінше құнды қағаздарды курстың жоғарылауы күтілетін мерзімге сатып алады және кейіннен оларды табысты сатуға үміттенеді. Сонымен, биржада ойыншылар - “аю” бағалы қағаз курсының төмендеуiне, ал “бұқа” оның жоғарылауына iс-әрекет жасап ойнайды.

Slide 15

Нью-Йорк қор биржасы - әлемдегі ең ірі және АҚШ-тың бас қор биржасы. АҚШ-тың қаржы қуаттылықтың және жалпы қаржы өнеркәсібінің нышаны. Биржада бүкіл әлемге танымал Доу-Джонстың өнеркәсіптік серіктестер үшін акциялар, NYSE Composite және NYSE ARCA Tech 100 Index қор индекстері анықталады.

Slide 16

Тарихы

1972ж 17 мамырында қаржы құралдарымен жұмыс істеген 24 нью-йорктік брокерлер және олардың лондонық әріптестер Нью-Йорк қор биржасын құру туралы «Платан астындағы келісім» құжатына қол қойды.

1975ж бастап 1366 жеке мүшелердің меншігінде болған коммерциялық емес корпорацияға ауысты. Корпорациядағы мүшелер орындары сатыла алады, әрбір орынның құны қазіргі кезде 3 миллион АҚШ долларына тең.

2006жылдың наурыз айының басында NYSE Archipelago Holdings электрондық биржасымен қосылуын аяқтады және өз тарихында бірінші рет инвесторларға акцияларын ұсынды, сөйтіп, коммерциялық ұйымға айналды. NYSE Group акцияларының сауда-саттығы биржаның өзінде жүргізіледі; капиталандыру 2007жылдың 5желтоқсанына қарай $22, 6 млрд. құрды.

2006 жылдың маусым айының басында Нью-Йорк қор биржасының болашақта еуропалық Euronext қор биржасымен қосылып кетуі туралы жарияланды. Бұл қосылу 2007 жылдың 4сәуірінде болды.

Slide 17

Қызметі

Биржада акциялар мен басқа да құнды қағаздармен операциялар жүргізіледі. Биржада бағалы қағаздар 3мың серіктестермен баға белгіленеді. NYSE-де сататын серіктестіктерінің жалпы капиталандыруы, 2006 жылдың соңына қарай $26, 5 трлн. құрады.

NYSE директорлар кеңесі төрағадан, президенттен, биржаның он мүшесінен және іскерлер тобының он өкілдерінен тұрады.

Биржа ғимараты Wall Street, 11адресі бойынша танымал Уолл -стрит көшесінде орналасқан.

Slide 18

Токио қор биржасы

1878жылы құрылды

Түсімі жоқ мүше және өзін өзі басқаруда кең құқыққа ие заңды ұйым болып саналады.

Бұл биржа Азиялық қор биржасының Федерациясына кіреді.

Токия қор биржасындағы саудаға түсетін барлық құнды қағаздардың бағасы 5трлн. доллардан асады.

Slide 19

Биржа қызметі


Ұқсас жұмыстар
NYSE 1792 жылы Баттонвуд келісіміне Уолл - стриттің сыртында
БИРЖА ТҮРЛЕРІ
Түрі Еншілес компания
ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Гонконг қор биржасы
Деривативтер нарығы
Қазақстан қор биржасы
Қазақстандағы қор биржасы
Үндістан Ұлттық Қор биржасы
Тауар саудасының Тауар саудасының ұйымдасқан формасы ұйымдаспаған формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz