Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сыйымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау



Орындаған: Ахмадиева А. Ж. Тексерген: Жайлаубаева А. Р. Тобы: ВМ-401
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сыйымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау.

Қан
Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реакциясын қамтамасыз етеді.

Қанның буферлік жүйесі
Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының әрекетшіл ортасы әлсіз сілтілік болады (рН-7, 35-7, 45) . Бұл көрсеткіш сутегі (Н+) жөне гидроксил иондары (ОН ) мөлшерінің ара қатынасымен анықталады. Артерия қанының рН-7, 45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7, 35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың, сүт қышқылының т. б. қышқыл алмасу өнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.
Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.
1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий бикарбонаттарынан тұрады.
2. Фосфатты буферлік жүйе; бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.
3. Белокты буферлік жүйе; плазма белоктарынан құралады. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды.
4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) байланысты

Қанның сілтілік қоры
Қанның сілтілік қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.

Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау.
Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван -Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван -Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте -40-60; тауықта-40-52.
Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0, 5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.

Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау (жалғасы) .
Колбаның екінші натрий гидроокисінің 2мл 0, 01 н ерітіндісін қосып бетін жабады. Содан кейін колбаның бірінші бөлігін ашып, ондағы қан сарысуына 5 пайызды 1мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып дереу қақпағын жабады. Айналдыра отырып, сарысумен қышқылдарды араластырады, реакция жүріп жатқан уақытта 3-4 рет араластырады.
Бақылау колбасына натрий гидроокисі ерітіндісінің 0, 01н 2 мл қосып, бетін мықтап жабады. Шағылыстырылған шыны сауыттың екінші бөлігіне күкірт қышқылының 5 пайызды 1мл ерітіндісін қосып тағы да бетін жауып қояды. Жабардың алдында қақпағын дистильденген сумен ылғалдайды. Нақты нәтиже алу үшін сарысудың әрбір түрін шағылыстырылған екі шыны ыдыста зерттейді. Екі -алты сағаттан кейін (12 сағатқа шейін рұқсат етілген ) натрий гидроокисінің ерітіндісі бар шыны ыдысты ашып, фенол фталеиннің 1 пайызды спирт ерітіндісінің бір тамшысын қосып араластырады. (түсі қызылға айналады) . Бұдан кейін шыны ыдыстағы сұйықтықты түссізденгенге дейін 0, 01 н күкірт қышқылының ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді мұқият барлық шыны ыдыста бірдей жүргізу керек. Сілті қорының мөлшерін х=(а-в) х0, 224х 200=(а-в) х 44, 8 формуласымен есептейді. Мұндағы а -тәжірибе жасаған шыны ыдыстағы титрлеуге шығарылған күкірт қышқылының 0, 01 н ерітіндісінің мөлшері; в- бақылау шыны ыдысын титрлеуге шығындалған күкірт қышқылы 0, 01 н ерітіндісінің мөлшері; 0, 224-аталған реакция кезіндегі 0, 01Н күкірт қышқылы ерітіндісінің СО2-ге есептеу факторы; 200-100мл (0, 5) мөлшеріндегі қан сарысуының анализге алынған мөлшерін есептеуге арналған коэффициент. Ірі малдағы қан сарысуындағы сілті қорының мөлшері Кондрахин әдісі бойынша есептегенде 45-55об пайыз СО2 -ні, ал плазмада -46-66 об пайыз СО2 -ні құрады.

Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау (жалғасы)
Қышқылды сілтілік тепе-теңдік бұзылған уақытта ацидоз қышқылдардың өте көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі және алколиз (сілтілік заттардың көптігі) дамуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алколиз РН -тың итеруінсіз ақса, компенсирленген, ал РН-тың итеруімен болса, компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз бен алколиз газы (тыныс алу) және газды емес болуы мүмкін. Газды ацидоз ағзадағы көмір қышқылының өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (ауа тамырлық астма, өкпенің эмфиземасы) нәтижесінде пйда болады. Газды алколиз өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (Энцефаломиелит) нәтижесінде болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz