бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы 1-4 сынып




Презентация қосу
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

СРО
ПӘН:МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
ТАҚЫРЫП:БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА САБАҒЫНЫҢ
ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 1-4 СЫНЫП

ТОП:П-301
ОРЫНДАҒАН:БЕЙСЕНГАЗЫЕВ МЕДЕТ
ТЕКСЕРГЕН: СУЛТАНОВА Н.К

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ.2015 ЖЫЛ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА
САБАҒЫНЫҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 1-4
СЫНЫП
- Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында
музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды
бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы
қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып,
оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
- Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап,
ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен
баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы
болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал)
музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала
классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ ,
ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-
күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін
ұғынады.
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ БАСТЫ
МАҚСАТЫ :
- Музыка өнері арқылы
рухани бай,
шығармашылығы мол,
халық өнерін өмірдің
бейнесі ретінде түсініп,
оны сүйе білетін,
халқымыздың әдет-
ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін қастерлейтін,
классикалық музыканы
және басқа халықтардың
өнерін құрмет тұтатын
жеке тұлға тәрбиелеу.
ТӘРБИЕЛІК ЖӘНЕ БІЛІМДІК МІНДЕТТЕРІ:

1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен
әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің
өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен
ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне
жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың,
орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың
үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен
қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары
және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін
дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
МУЗЫКА ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ БАРЛЫҚ СЫНЫПТАРҒА
ОРТАҚ БІР ТАҚЫРЫП АЙНАЛАСЫНА ШОҒЫРЛАНАДЫ
«ӘН-КҮЙ – ХАЛЫҚ ҚАЗНАСЫ». ОСЫ ТАҚЫРЫП 1-4
СЫНЫПТАРДЫҢ ӘРБІРІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАРЫНАН КӨРІНІС ТАУЫП, ЖҮЙЕЛІЛІК ПЕН
БІРІЗДІЛІК ҰСТАНЫМЫ САҚТАЛЫП, НЕГІЗГІ
ТАҚЫРЫПТАРЫ АШЫЛАДЫ. ОЛАР МЫНАДАЙ
ТӘРТІППЕН ОРНАЛАСҚАН:

- СЫРЛЫ ДА САЗДЫ ӘУЕН
- КҮМБІРЛЕГЕН КҮМІС КҮЙ
- ӘН МЕН КҮЙ ХАЛЫҚ ҮНІ
- АҢЫЗ – ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕГІ ӘН МЕН КҮЙ
- ЭПОС САРЫНЫ
- АҚЫЛЫҢ БОЛСА, ЖЫР ТЫҢДА
- АЙТЫС ӨНЕРІ
- КҮЙ ТАРТЫС
- ҚОС АРНА
- ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК АРНАҒА ҰЛАСУЫ
МУЗЫКА САБАҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ- ХОР
МЕН ӘН АЙТУ.
Ол балаларға әнді ұжым болып орындау
барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге
мүмкіндік береді.Әр сыныптан келесі
сыныпқа көшіуге жүйеле және бірізді жұмыс
жасай отырып, шығарманы тыңдап,оны
түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі
орындағанда, сонда ғана ән айту әдісі
тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту
біртұтас жинақталған процесс болып
табылады.Ән айтуға баланың барлық
организмі: тыныс алуы, нерв жүйесі, бұлшық
еттері,артикуляциялық және дыбыс
шығарушы аппараттары қатысады.Дұрыс
орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері
әсерін тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы
бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық
сыныптар бойына жалғастырылып отырады.
4 ЖЫЛ БОЙЫНА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ МЕН
БАСҚА ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘНДЕРІН, ҚАЗАҚСТАН
КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ӘНДЕРІН ТҮСІНУГЕ, ОҒАН
СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА, КӨРКЕМДІК ТАЛҒАМЫ МЕН
МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА (МУЗЫКАНЫ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ,
ЫРҒАҚТЫ СЕЗІНУІ, ЕСТЕ САҚТАЙ БІЛУ, ОРЫНДАУШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІ Т.Б.) ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕДІ.
ӘРБІР СЫНЫПТЫҢ РЕПЕРТУАРЫНА ӘРТҮРЛІ КӨҢІЛ-КҮЙЛІ ӘНДЕР:
ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ СЕРГЕК, ШИРАҚ ОРЫНДАУДЫ ТАЛАП ЕТЕТІН ӘНДЕР
МЕН ӘУЕНДЕР,БІРҚАЛЫПТЫ, КАНТИЛЕНДІ ӘУЕНДЕТІЛГЕН Т.Б.
БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «СЫРЛЫ ДА САЗДЫ
ӘУЕН».БАЛАЛАР АЛТЫН ҚОРҒА» ЕНГЕН ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ
ӘНДЕРІМЕН, ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫМЕН, САЛТ- ДӘСТҮРЛЕРІМЕН
ТОЛЫҚ ТАНЫСА АЛАДЫ. ОЛАРҒА БЕСІК ЖЫРЛАРЫ; ТҰСАУ КЕСУ,
ТӨРТ ТҮЛІК МАЛҒА АРНАЛҒАН ӘНДЕР, ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ӘНДЕРІ ЖАТАДЫ.
ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА «КҮМБІРЛЕГЕН КҮМІС КҮЙ» АТТЫ
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАЛАЛАР ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫМЕН ТАНЫСУДЫ ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

ЕКІНШІ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН
КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ӘНДЕРІН, ОҒАН ҚОСА « ЖЫЛ БАСЫ КІМ
БОЛАДЫ?» АТТЫ ОПЕРАМЕН ТАНЫСЫП, ЕРТЕГІДЕГІ
КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ.
ҮШІНШІ СЫНЫПТА
ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘНДЕРДІҢ РЕПЕРТУАРЫ
БІРТІНДЕП КҮРДЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ, ЯҒНИ ЕКІ
ДАУЫСТЫ ЭЛЕМЕНТТЕРМЕН ОРЫНДАЙДЫ.

ТӨРТІНШІ СЫНЫПТЫҢ
РЕПЕРТУАРЫНДА ТЕК ЕКІ ДАУЫСТЫ НЕМЕСЕ КАНОНМЕН
АЙТЫЛАТЫН ӘНДЕР ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ОРЫНДАУЫ
ҚИЫНДАУ МАЗМҰНЫ ЖАҒЫНАН ЖӘНЕ ЫРҒАҚТАРЫНДА
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР, ДЫБЫС БИІКТІГІ,ГАРМОНИЯЛЫҚ ЕСТУ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТАТЫН ДИАПОЗОНДЫ КЕҢЕЙТУГЕ
КӨМЕКТЕСЕТІН ӘНДЕР БЕРІЛГЕН.

БАРЛЫҚ СЫНЫПТАРДА ӘНДІ ДҰРЫС АЙТУ ҚАЛПЫНА ТАЛАП
ҚОЙЫЛАДЫ:
ӘУЕНДІ ТАЗА АЙТУ, ДЫБЫСТЫҢ ӘСЕМ, НӘЗІК, ӘУЕЛІ
ДЫБЫСТАЛУЫНА, БІРҚАЛЫПТЫ ДЕМ АЛУЫНА, СӨЗ ТЕКСТІСІН
АНЫҚ АЙТУ, ДАУЫСТЫ, ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫ ДӨҢГЕЛЕНДІРІП
ДҰРЫС ОРЫНДАУ Т.Б.
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ
МУЗЫКА ТЫҢДАУ – МУЗЫКА ПӘНІНІҢ
МАҢЫЗДЫ БІР БӨЛІГІ БОЛЫП
ТАБЫЛАДЫ. ОЛ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАН –
ЖАҚТЫЛЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ,
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМІН ТОЛЫҚТЫРА
ОТЫРЫП, ҚАБЫЛДАУЫН ДАМЫТАДЫ,
СҮЙІШПЕНШІЛІГІ МЕН КӨРКЕМДІК
ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ.
МУЗЫКА ТЫҢДАУ БАРЫСЫНДА ШАРТТЫ
ТҮРДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫН
БЫЛАЙША ТОПТАСТЫРУҒА БОЛАДЫ:
ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫН ЕЛЕСТЕТУ,
ОНЫҢ ЖАНРЫ, ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ
БАСҚА КӨРКЕМДІК ҚҰРАЛДАРЫН
АЖЫРАТУ.
ОҚУШЫЛАР
БІРІНШІ СЫНЫПТА ӘН НЕМЕСЕ КҮЙ ЖАНРЫ ЖӨНІНДЕ
ТОЛЫҒЫМЕН МАҒЛҰМАТ АЛАДЫ:
АЛ, ЕКІНШІ СЫНЫПТА ОЛАР КҮРДЕЛІ ФАКТУРАСЫ БАР « ЖЫЛ БАСЫ
КІМ БОЛАДЫ?» АТТЫ БАЛАЛАР ОПЕРАСЫ МЕН АҢЫЗ – КҮЙ «ЖЕТІМ
БАЛА» ЭПИКАЛЫҚ БІРНЕШЕ КӨРІНІСТЕН ТҰРАТЫН КӨЛЕМДІ
КҮЙМЕН ТАНЫСАДЫ.
ҮШІНШІ СЫНЫПТА ӘН МЕН СӨЗДІҢ ӨЗАРА ТЫҒЫЗ
БАЙЛАНЫСЫМЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
ТҮРЛЕРІМЕН: ТЕРМЕ, ЖЫР, АЙТЫС, КҮЙ ТАРТЫС, АТҚТЫ ЖЫРШЫ –
ТЕРМЕШІ, КҮЙШІЛЕРІМЕН ТАНЫСАДЫ.
ТӨРТІНШІ СЫНЫПТА БАҒДАРЛАМАНЫҢ МУЗЫКА ТЫҢДАУ БӨЛІМІ
ЖҮЙЕЛІ БІРІЗДІЛІКПЕН ЖАЛҒАСЫП ОТЫРАДЫ. ОҚУШЫЛАР ӘН МЕН
КҮЙДІҢ КҮРДЕЛІ МУЗЫКАДА «ЖАҢА ӨМІРГЕ» ИЕ БОЛҒАНЫН КӨРЕ
ОТЫРЫП, КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ АРҚАСЫНДА
ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ТҮРЛЕНІП, ЖАҢА БОЯУЛАРМЕН
НӘРЛЕНГЕНІН БАЙҚАЙДЫ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ
ШЫҒАРМАЛАРЫМЕН ТАНЫСУ МУЗЫКАНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖАНРЛАРЫ
МЕН ФОРМАЛАРЫН БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.
МУЗЫКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ. ОҚУШЫЛАР МУЗЫКАНЫ
ҚАБЫЛДАЙ БІЛУ ҮШІН, ОНЫҢ «ТІРІ» ӨНЕР ЕКЕНІН ӨМІРІМЕН
ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛАТЫНЫН ТҮЙСІНУІ ҚАЖЕТ. МУЗЫКАНЫ
ЕСТИ БІЛУ ТӘЖІРИБИЕСІ БАЛАЛАРҒА 1-4 СЫНЫПТАР БОЙЫНДА
ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫН ОРЫНДАУ МЕН ТЫҢДАТУДА, ҚАЗІРГІ МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КОМПОЗИТОРЛЫҚ ӘНДЕРДІ АЙТУДА,
ХАЛЫҚ КҮЙЛЕРІН,КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА ТЫҢДАТУДА Т.Б. БІР –
БІРІНЕН ӨЗАРА АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫН АЖЫРАТУДА Ы ҚПАЛ
ЕТЕДІ. ӘН АЙТУ КЕЗІНДЕ ЖӘНЕ МУЗЫКА ТЫҢДАҒАНДА БАЛАЛАР
БІРТІНДЕП МУЗЫКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДА ИГЕРЕДІ.
ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН КӨҢІЛ – КҮЙІ ЖӨНІНДЕ
МӘЛІМЕТТЕР АЛАДЫ, МУЗЫКАНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРАЛДАРЫМЕН –
ТЕМП, ДЫБЫС КҮШІ, ӘУЕНДІЛІК, ЫРҒАҚ, ДЫБЫС БИІКТІГІ
ТАНЫСАДЫ. ШЫҒАРМАНЫҢ ЖАНРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ,
МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МЕН ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ
СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТР, ХОР ЖӘНЕ ХОРДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӨНІНДЕ
МАҒЛҰМАТ АЛАДЫ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАН БІЛІМДЕРІ
СЫНЫПТАН СЫНЫПҚА КӨШКЕН САЙЫН ТОЛЫҚТЫРЫЛЫП,
ҰЛҒАЙТЫЛА ТҮСЕДІ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
МУЗЫКАНЫ ТАНЫП БІЛУІ ІС ЖҮЗІНДЕ АСЫРЫЛАДЫ. НОТА САУАТЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СӘЙКЕС 3 СЫНЫПТАН
БАСТАП ЕНДІРІЛЕДІ.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР.ЫРҒАҚТЫ БИ ҚИМЫЛДАРЫ,
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СҮРЕТТЕР САЛУ
КӨБІНЕСЕ 1-2 СЫНЫПТАРДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
2- СЫНЫПТАН БАСТАП БЕРІЛГЕН ТАҚЫРЫПҚА СУЫРЫП –
САЛМАЛЫҚ ОЙНАЙДЫ.
1 – СЫНЫПТА ЖҰМБАҚТАР ШЕШСЕ, КЕЛЕСІ СЫНЫПТАРДА
РЕБУСТАР ШЕШЕДІ, БЕРІЛГЕН ТАҚЫРЫПҚА ШЫҒАРМАЛАР
ЖАЗАДЫ. «ІЗДЕНГІШ ТАПСЫРМАЛАР», «ПРОБЛЕМАЛЫҚ
СИТУАЦИЯЛАР» ТУДЫРАТЫН САБАҚТАР ОҚУШЫЛАРҒА АЛҒАН
БІЛІМІНЕ ТИЯНАҚТЫЛЫҚПЕН ҚАРАУҒА ҮЙРЕТЕДІ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТ ҚАН
ЖЕРДІҢ ЕРКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ
СӘЙКЕС МҰҒАЛІМ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫНА ТҮРЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУІНЕ БОЛАДЫ.

ОСЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АВТОРЛАР (ҚҰЛМАНОВА Ш.
Б.,ОРАЗАЛИЕВА М.А, СУЛЕЙМЕНОВА Б.Р.) СЕГІЗ ЖЫЛ БОЙЫ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАЙҚАУДАН ӨТКІЗГЕН.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені,мазмұндық сипаты
Бастауыш мектепгі музыка сабағыныі типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені, мазмұндық сипаты
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені
Музыканы тыңдау әдістемесі
Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру
бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені, мазмұндық сипаты туралы ақпарат
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ
Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі
Бағдарламаның бөліктері
Музыка. Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі
Пәндер