Гүлді өсімдіктер аурулары




Презентация қосу
Гүлді өсімдіктер аурулары.
Жоспар.
• Гүлді өсімдіктер ж әне оларды ң
аурулары
• Фузариоз
• Монилиоз
• Антракноз
• Ақ шірік
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Гүлді өсімдіктер.
Жaбық тұқымдылap (Magnoliophyta немесе Angiospermae) –өсiмдiктеpдiң ең
жoғapғы тoбы.Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылы ғы – тұқым б үpшiгi
жaтын iшiнде жетiледi. Гүлдi өсiмдiктеp бapлық құpлықтa өседi, судa кездесетiн
түpлеpi де бap. Oлapдың жaлпы мopфoлoгиялық, aнaтoмиялық, эмбpиoлиялы қ
белгiлеpi ұқсaс бoлғaнымен, өсiмдiктеpдiң тipшiлiк opтaсыны ң жa ғдaйлapынa
бейiмделуiне бaйлaнысты кейбip мүшелеpiнiң өзгеpiп не тiптi жoйылып кеткендеpi
бap. Гүлдi өсiмдiктеp мәңгi жaсыл жaпыpaқтapы, қoс жынысты г үлдеpi бap, a ғaш
тәpiздi өсiмдiктеp бoлғaн. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең көп тapaғaн уaқыты – бop
кезеңiнiң aяғы. Гүлдi өсiмдiктеpдiң жеp шapынa кең тapaлуынa oлapды ң
құpғaқшылыққa төзiмдi вегетaтивтi opгaндapының бoлуы, қoлaйсыз климaтты қ
жaғдaйдa өсуге бейiмдiлiгi, негiзiнен, жәндiктеp ap қылы тoзa ңдaнуы, т ұқымдapы мен
жемiстеpiнiң жaнуapлap apқылы тapaлуы себеп бoлғaн. Қaзip гүлдi өсiмдiктеpдi дара
жарнақтылар және қос жарнақтылар деп 2 клaсқa б өледi. Oлapдың 450 т ұқымдaс қa
бipiгетiн 12,5 мың туысы және 250 мыңнaн aстaм түpлеpi белгiлi. Қaзa қстaндa 125-
тей тұқымдaсы, 1000-нaн aстaм туысы, 6000-дaй түpi кездеседi. Г үлдi өсiмдiктеpдi ң
ең ipi тұқымдaстapы: aстық бұpшaқ тұқымдaстap күpделiгүлдiлеp, еpiндiг үлдiлеp,
т.б.; Гүлдi өсiмдiктеpдiң қaтapынa тaғaмдық (пияз, сapымсaқ, қызылшa, т.б.);
техникaлық (ши, құpaқ, зығыp, қoзa, т.б.); дәpiлiк (шaйшөп, ж өке, ш үйiнш өп, т.б.);
әсемдiк (paушaн,қaлaмпыp, т.б.) өсiмдiктеp жaтaды. Гүл тек жaбы қ тұқымды
өсiмдiктеpде ғaнa түзiлген. Aтaлықтap мен aнaлықтap oсы гүлде жетiледi.
Aнaлықтың жaтынындa (Гүлтүйiндеpiнде) тұқым бүpшiктеpi opнaлaсaды.
Фузариоз ауруы.
Fusarіum туысына жататын саңырауқұлақтар тудыратын
өсімдік ауруы. Бұл ауруға мәдени және жабайы өсімдіктер мен
дақылдардың әр түрлі мүшелері шалдығады. Фузариоз
қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында тіршілік
етеді. Ол өсімдік тамырында саңырау құлақ жіпшелері,
хламидоспорасы түрінде сақталып, жапырақ пен сабаққа су
және қоректік заттар тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді
бітейді, сол себепті өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды
солуға мақтаның жіңішке талшықты сорттары, орамжапырақ,
картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т.б. шалдығады. Фузариоз
шірімесі дәнді астық дақылдарын, қауын, қарбыз, қияр,
қызанақты зақымдайды. Фузариоз топырағы тығыз, ылғалы
мол егістіктерде көп кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен
тамырсабағын шірітеді. Фузариозға шалдыққан өсімдіктің
масағы солып, тамыры шіриді, дәні босап, егістік көктемей
қалады.
Қант қызылшасының фузариозы
Фузариоз ауруымен күресу шаралары.
Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс
пайдалану, тұқымды гранозан немесе
меркуранмен, фунгицидпен дәрілеу,
егістікті өсімдік қалдықтарынан
мұқият тазарту, тазарған және
залалсызданған тұқым себу, фосфор-
калий тыңайтқыштарын шашу керек.
Монилиоз ауруы.
Монилиозды шірік — алма мен алмұрттың аса зиянды ауруы. Сүйекті
жеміс дақылдарынан бұл ауруға алхоры шалдығады. Ауруды ң бірінші
белгілері алма пісе бастаған кезде білінеді. Ал ғашқы кезде оны ң
үстінде оймақтай қоңырқай дақ байқалады. Ол тез үлкейіп,
тұтасымен жемісті шірітіп жібереді. Ауа райы ыл ғалды болса
залалданған жемістерде сарғыш күлгін са ңырау құла қты ң споралану
органы түзіледі. Аурудың инкубац. мерзімі ж әне белгілері алма
сорттарына байланысты құбылмалы келеді. Б ұл ауру ға апорт, алатау
арайы, пеструшка, голден делишес, грушовка верненская сорттары аса
бейім келеді, ал старкримсон азырақ шалды ғады. Алм ұрт б ұл ауру ға
толық пісе бастаған мезгілде шалдығады. Кесел, көбінесе жемісті ң
құстар шұқыған жеріне түседі. Ауруға шалдыққан жемістер ішінен
шіри бастайды, бар жоғы 5 – 10 күнде ол т ұтасымен қо ңыр қай тартып,
немесе қарайып кетеді. Қоздырғышы кеуіп қалған жемістерде күзде
және қыста сақталады. Бір жемістен екіншісіне олар бір-бірімен
түйіскенде жұғады немесе ауа арқылы таралады. Ауруды ң дамуын
тежеу үшін залалданған жемістерді мезгілінде жинап, көміп тастайды.
Алдын алу үшін ерте көктемде бақты бордо сұйықтығының 3%-ды
ерітіндісімен бүрку, вегетация кезінде жеміс жегілеріне қарсы
инсектицидтер қолдану керек.
Монилиозға шалдыққан алма
Монилия споралары
Антракноз ауруы.
Антракноз өсімдіктің саңырауқұлақтан пайда
болатын ауруы. Ол өсімдіктің жапырағы мен
гүл бүршіктерінде, жемісі мен сабағында
қоңыр түсті, айналасы қызғылт немесе қара
дақтар түрінде пайда болады. Соның негізінде
өсімдік қарайып, қурайды. Дәнді-дақылдарды,
жеміс-жидектерді, бақша дақылдарын т.б.
зақымдайды.
Жүзім антракнозы
Ақ шірік ауруы.
Күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр
және тағы басқа өсімдіктерде, сонымен
қатар қоймадағы көкөністерде
саңырауқұлақ салдарынан болатын өте
қауіпті ауру. Ақ шірік өсімдікті
істен шығарады. Ауруды болдырмау
шараларына жерді дұрыс жырту, ауруға
төзімді сорттарын шығару, ауру
өсімдіктерді жинап алып өртеу және
инсектицидтермен дәрілеу т.б. жатады..
Қиярдың ақ шірік ауруы
Күресу шаралары
Инсектицидтер (латын тілінде insectum – жәндік ж әне caedo –
жою) – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялы қ заттар.
Организмге ену жолына байланысты Инсектицидтер бірнеше
топқа ажыратылады.
Жанасу инсектицидтері – жәндіктердің сыртқы тері
қабаттарымен жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы –
сорғыш ауыз органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар)
жоюға арналған.
Ішек инсектицидтері – инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді
немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы ж әндіктерді ң
асқазан-ішек жолына енеді; олар кеміретін ж әндіктерді
(шегірткелер, қоңыздардың дернәсілдері мен ересектері,
көбелектердің жұлдызқұрттары) жоюға арналған.
Жүйелі инсектицидтер – өсімдікке топырақтың тамыры арқылы
немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары ар қылы
еніп, жүйке-талшық жүйесі бойына тарайды.
Фумигант немесе тыныс инсектицидтері – жәндіктердің
организміне бу, газ күйінде деп алу органдары ар қылы енед і.
Фунгицидтер (лат. fungus — саңырауқұлақ және caedo — өлтіру) —
мәдени дақылдарды саңырауқұлақ қоздыратын аурулардан қорғау үшін
қолданылатын химиялық препараттар. Құрылымы жағынан фунгицидтер
органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Ертеде фунгицидтер
ретінде мыс пен темірдің, күкірт пен мырыштың бейорганикалы қ
қосылыстары қолданылған. Қазіргі фунгицидтер түрлерінен: формальдегид,
беномил, триазол, карбендазим, триадимефон, флутриафол, приоклостробин
және сынап пен хлор, т.б. элементтердің органикалы қ қосылыстары, тилт,
альто-супер, рекс, фалькон, скор, импакт, ридомил МЦ, т.б. пайдаланылады.
Бұлардың көпшілігі өсімдікті аурудан қорғаумен қатар оны сол аурудан
айықтыра да алады және бір дақылда ауру түріне байланысты бірнеше
фунгицидтер қолданылуы мүмкін. Фунгицидтердің әсері бүркілген со ң 1 —
2 сағат аралығында өсімдік мүшелеріне сіңіп, қорғау мерзімі 20 — 30
тәулікке дейін жетеді. Фунгицидтертер жиі қолданылатын аурулар ға: асты қ
дақылдарында кең таралған сары, қоңыр және сабақ таттары, септориоз,
көкөніс пен бау-бақша және жеміс-жидек дақылдарындағы фитофтороз,
мильдю, таз қотыр, монилиоз, сұр шірік, т.б. жатады. Фунгицидтер қолдану
мөлшері мен мерзімі және жиілігі арнайы тексеруден өтіп, рұқсат етілген
пестицидтер тізімінде көрсетіледі. Фунгицидтертер а ғаштан жасал ған
құрылыс материалдарын, теріні, т.б. өңдеуге де қолданылады.
Темекі түтіні — жапырақ биті, трипске
қарсы қолданылады. Ол үшін биттеп
жатқан сүректі жерлерде ылғалды темекі
жапырағын өртейді. Жылыжайдың 100
шаршы метр ауасына 400 г темекі т үтінін
алады.
Темекі түтініне қылқан жапырақтылар,
гелиотропер, басқа да жас нәзік
жапырақтары бар өсімдіктер сезімтал
болып келеді. Екінші қайтара аз мөлшерде
түтіндету жақсы нәтиже береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова
«Фитопатология»
• Шварцман С.Р., Материалы к истории
микофлоры Казахстана, А.-А., 1962

Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдік аурулары
Гүлді өсімдіктер және олардың ауруларының түрлері
Гүлді өсімдіктер және олардың аурулары
Гүлді өсімдіктер аурулары. Жaбық тұқымдылap
Декоративті өсімдіктердің негізгі түрлері
Гүлді дақылдардың аурулары
МАҢЫЗЫ РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Қосжарнақтылардың тамыры
Күрделі гүлділер немесе астралар тұқымдасы
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Пәндер