Күзендер


Slide 1

Күзендер

Slide 2

Күзендер (лат. Mustela) - сусар тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі: сарғыш күзен, аққалақ, ақкіс, сары күзен, еуропа қара күзені, сасықкүзен, су күзені бар. Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 - 53 см, салм. 0, 1 - 2, 2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 - 12-ден (кейде 19 - 20-дан) балалайды. К-дердің ішінде ең ірісі - дала К-і (M. eversmannі), оның тұрқы 29 - 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық К. деп те атайды. К. - терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.

Slide 3

Күзендердің түрлері:

Шұбар күзен

Сары күзен

Ақ күзен

Еуропалық қара күзен

Сасық күзен

Су күзені

Slide 4

Шұбар күзен

Шұбар күзен (лат. Vormela peregusna) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Дене тұрқы - 27-35 см, құйрығы 11-20 см. Түсі шұбар, қара сары дақты. Басы, төсі, бауыры, жауырыны, аяқтары қара қоңыр. Тұмсығы қысқа, құлағы үлкен дөңгелектеу. Әр түрлі індет тарататын кемірушілермен, құстармен, олардың жұмыртқасымен қоректенеді. Кейінгі кезде тың жерлерді жыртып және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды көп қолданғандықтан Шұбар күзен азайып кетегі, сол себепті қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996) . Шұбар күзеннің биологиясы аз зерттелген. Кемірушілермен қоректеніп, пайда келтіреді.

Таралуы - Қазақстанның оңтүстігінде таралған. Дала, шел, шөлейт аймақтарды мекендейді. Саршұнак, сұр тышқан, құм тышқан молырақ кездесетін шөл және шөлейт өңірлерде тараған. Облыс жерінде Қаркаралы, Нұра (Шошқакөл алабы) ауданында кездеседі.

Көбеюі мен дамуы -тамыз- қыркүйекте ұйығып, 5 ай көтеріп, ақпан-наурызда 3-8 күшік туады. Алғашқыда дәрменсіз, көздері көрмейді және құлақтары естімейді .

Slide 5

Ақ күзен

Ақ күзен (Миstеlа егтіпеа) және ақкіс (М. піvаlіs) - Дене тұрқы 13, 6-19, 8 см құйрығы 1, 8-3, 7 см. Еркектерінің салмағы 41-100, ұрғашыларынікі - 25-52 г. Құлақ қалқандары дөңгелеген . Аяқтары қысқы, табанын жүн басқан. Жазда арқасы қара қоңыр, ақшыл сұр бауыры мен аяқтарының ішкі жағы - ақшыл. Қыста ақ түсті . Бұлар сусар тұқымдасының ең ұсақ түрлері болып саналады. Олар жерден ін қазып, ұя салады. Ақ күзен зиянды кемірушілерді қырып, пайдасын тигізеді. Бұлардың трісі өте құнды, өте бағалы. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық күзен дейді.

Таралуы- бізде көп жерлерде тараған, орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейді. Еуропа, Солтүстік Африка, Азияның Көптеген аудандарында кеңінен таралған. Жеке-жеке тіршілік етеді.

Көбеюі мен дамуы - Ақпанда ұйығып, мамыр- сәуір -ге дейін өсім береді. Жаңадан туған кішкентай ақ күзендер көздері ашылмаған, тістері жоқ, денесі қызғылт түбіт тәрізді жұмсақ түк басқан, дәрменсіз. Самағы небәрі айларында түлесе, күзгі желтоқсанда толығымен аяқталадытен 1, 2-1, 8г. Есту қалқаны жабылған. Тез дамып жетіледі . Алғашқы бас күндікте салмағы 3есеге, оңкүндікте 9, жарты айда 12 есеге өсіп, бір айда 30, 6-44, 3 г тартады. 10-17 күнде тіс жарылып, сүтпен қатар апасы әкелген етті азықтармен қоректене бастайды . Есту тесіктері 19-21, көздері 20-24 күнде ашылады. 40-45 күнде өз бетінше тіршілік етуге көшеді.

Slide 6

Сары күзен

Сары күзен (лат. Mustela sibirica) - күзендер тұқымдасына жататын сүтқоректі хайуанның бір түрі. Денесінің ұзындығы - 25, 0-39, 0 см, оның ішінде құйрығының ұзындығы - 13, 3-21, 0 см. Ұүлақтары кішкентай, қыста түк арасынан әрез байқалады . Түсі қыста жирен-сарғыш, жазда жирен-қызыл; бауыры сәл ғана ақшылдау. Ерні мен иегі - ақ. Тұмсығын қоңыр қызыл түсті бет перде жапқан. Кейбіреулердің тамағынын астында бірнеше майда немесе үлкен ақ дағы болады.

Таралуы - Оңтүстік -шығыс, Шығыс және Орталық Азия мен Шығыс НъЕуропа да тараған. Қазақстанның солтүстік -шығыс аудандарында ғана кездеседі. Таулы ормандарда, дала аймақтарда сулы ортаға жақын жерлерде мекендейді. Қоныстарын үнемі ауыстырып отырады. Өзіне азық болатын аңдардың індерін өзіне баспана ретінде пайдаланады.

Көбеюі мен дамуы - наурыздың соңғы он күндігінде басталатын көктемгі түлеу 4, 5 айға созылады. Қарашада күзгі түлеу толық аяқталады. 50 күннен соң 2-12-ге дейін өсім береді. Жаңа туғандар дәрменсіз, салмағы 6-7г.

Slide 7

Еуропа қара күзені

Slide 8

Еуропа қара күзені (лат. Mustela lutreola) - сусар тұқымдасына жататын мамық терілі аң. Еуропа қара күзенінің дене тұрқы 36 - 42 см, салмағы 1, 1 кг-дай. Басы жалпақ, денесі ұзынша келген, аяқтары қысқа. Башпайларының арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. Жүні біркелкі үлпілдек, қара қоңыр, қызғылт қоңыр түстес. Алқымында, астыңғы және үстіңгі еріндері мен төсінде ақ дағы болады. Өзенде, ағын суда, бөгендерде мекендеп, інін (тереңдігі 1, 5 м-дей) су астына қазады. Балық, ұсақ кемірушілер, жәндіктермен қоректенеді. Еуропа қара күзені - терісі өте бағалы аң. Қазіргі кезде өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

Таралуы- Қазақстанда 1920 - 30 жылдары Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының Жайық, Елек, Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендерінің жағасында мекендеген. Соңғы рет 1938 жылы Еуропа қара күзенінің біреуін Ырғыз өзенінің, екіншісін Солтүстік Қазақстан облысындағы Шағалалы өзенінің бойынан ұстаған. Бұдан басқа Қазақстанда таралуы жөнінде ешқандай дерек жоқ.

Көбеюі мен дамуы . Жыныстық жағынан бір жаста жетіледі. Ақпан - наурыз айларында ұйығады да, 42 - 75 күннен кейін балалайды (3 - 7, сирек 10) . Күзге қарай інін тастап, өз бетінше тіршілік етеді.

Slide 9

Сасықкүзен (лат. Mustela sibirica) - күзендер тұқымдасына жататын сүтқоректі хайуанның бір түрі. Денесінің ұзындығы - 28-30 см, оның ішінде құйрығының ұзындығы - 16-17 см. Түсі қыста жирен-сарғыш, жазда жирен-қызыл; іші ақшылдау. Арелының басты бөлігі Азияда. Көбінесе ормандарды мекендейді, әсіресе көлдер мен өзендер қасында кездеседі.

Slide 10

Еуропа су күзені Martes lutreola Linnaeus,

Жыртқыштар отряды - Carnivora Сусарлар тұқымдасы -Mustelidae

Таралуы


Ұқсас жұмыстар
КҮЗЕННІҢ АЛЕУТ АУРУЫН БАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері
Күзендердің систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Дамуы мен көбею
Терісі бағалы аңдарды азықтандыру
Вирусологиялық балау әдістері
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы
Қояндарды ұстау
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz