Дәнді дақылдардың сары таты




Презентация қосу
Тақырыбы:
Дәнді дақылдардың сары таты

Дайындаған: Болатова Ә.О
Тексерген: Сагандыков С.Н.
Группа: АГ - 213
Жоспар:
1. Дәнді дақылдардың сары таты
туралы қысқаша түсінік.
2. Сары тат ауруының қатты бидай
сортында дамуы.
3. Дәнді дақылдардың тат
ауруымен күресу шаралары.
Қоздырғышы саңырауқұлақ болып
табылады. Бидай мен арпаны
залалдайды. Аралық иесі белгісіз. Бұл
аурудың саңырауқұлағы қоңыржай
температурада жақсы дамиды. Ауру
қатты дамығанда жапырақ қынабы
мен сабақ және масақтары көбіне
зақымданады. Қоздырғыш күздік
дақылдарда қыстайды және ауру содан
таралады.
Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын
саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең
таралған кесел – өсімдіктердің тат аурулары. Тат
өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде
гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен
сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл
сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе
қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты)
түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде
байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп
кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-
шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең
таралған.
Сары тат ауруының қатты бидай
сорттарында даму мүмкіндігі
өсімдіктің даму фазаларына
байланысты өзгеріп отырды.
Яғни, індеттің бидай сорттарын
зақымдау қабілеті өсімдіктің
өскін кезеңінен басталып,
масақтану фазасына дейін
қарқынды жүрді. Ал,
вегетацияның соңына жақын
немесе бидайдың дән түзу және
сүттеніп пісу кезеңдерінде ауру
уредоспоралары тіршілікке
қабілеттілігін жоғалтады.
Қатты бидай

Тат ауруының басқа
түрлерімен салыстырғанда
жапырақ таты қатты бидай
сортына айтарлықтай әсер
етпейді. Қатты бидайдың
жапырақ таты ауруына
Қазақстанда, Қазақстандық
751 сорт үлгісі ғана төзімділік
танытқан.
Иммунологиялық тұрғыда бидай
сорты тат ауруы түрлерінен
неғұрлым кешенді қорғанатын
болса, соғұрлым оның
маңыздылығы артып, селекцияда
қолдану аясы кеңиді. Тат
ауруларына төзімділік қасиеті
бойынша отандық селекцияның
Каргала 28, Каргала 303, Наурыз 6,
Гордеиформе 429, Субастрале 489,
Гордеиформе 94-94-1, Гордеиформе
94-94-13 және Дамсинская
янтарная қатты бидай сорттары
ерекшеленді. Сонымен қатар,
T.durum D. дақылының жергілікті
83 үлгісі тат ауруы түрлеріне
топтық төзімділік танытты.
Шыққан тегі әр түрлі географиялық ортаға жататын қатты
бидай сорттары арасынан иммунологиялық қасиеті бойынша
америкалық – Aldura, Ward, Crosby, Lakota; мексикалық –
Albatross, Cocorit 71, Mexicali 75, Yavaros 79, Altar 84, Nacori
C97 Осы аталған қатты бидай сорттарының барлығы
жергілікті жағдайда тат ауруларына төзімді жаңа сорттар
шығару үшін бастапқы материал ретінде селекцияға
ұсынылған.
Күресу шаралары

Тат ауруымен күресуде дәнді дақылдардың төзімді ж әне ауруды
қабылдамайтын сорттарын өсірудің үлкен мәні бар. Қажетті
мөлшерде минералдық тыңайтқыштармен қоректендіріп,
қодраңның өскіндерін жою қажет. Аурудың таралуын аны қтау
үшін 10-15 өсімдіктен 15-20 үлгі алынады. Оларды қарап,
зақымдану дәрежесін арнаулы шкалалар арқылы аны қтайды.
Фунгицидтерді астыңғы жапырақтарды ң за қымдану д әрежесі
5-10%, үстіңгілерінікі 1% болған жағдайда қолданады. Ауру
ерте басталғанда және қолайлы ауа-райы жа ғдайында залалдау
көрсеткіші 2 есе төмен. Эпифитотия қаупі ту ғанда, егістерді
фунгицидпен өңдеу қажет. Қазіргі фунгицидтер
ассортименті(«...пестицидтер тізіміне енген») ұза қ қор ғаныш
әсері бар,тиімділігі жоғары улы дәрілерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ә.Т. Тілменбаев, Г.Ә. Жармухамедова
«Энтомология», Қайнар баспасы, Алматы
қаласы 1994ж
2. Сулейменова З.Ш. «Методические указание
по выявлению вредных и особо осапных
вредных организмов сх угоди» Астана 2009год
3. А.Ж. Агибаева, А.К. Тулеева, З.Ш.
Сулейменова «Ауылшаруашылық
дақылдарын зиянкестер мен аурулардан
қорғау» Алматы 2004ж
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдардың сабақ таты ауруы
Астықтың сызықты
Өсімдік қорғау
Гүлді дақылдардың карантинді аурулары
Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жағдайлары
Дәнді дақылдардың қара күйе ауруы
АСТЫҚ МЕРОМИЗАСЫ
Дәнді дақылдар
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Бұршақ бітесі
Пәндер