“Девиантты мінез-құлықты баллармен педагогикалық жұмыс”


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

“Девиантты мінез-құлықты баллармен педагогикалық жұмыс”

Орындаған: Төлеуова Ж. Қ.

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.

Семей 2015 жыл

Slide 2

Жоспар:

Қиын балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық және педагогикалық түзету

Девиантты мінез-құлықты балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды түзету мен алдын алу шаралары

Slide 3

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

Slide 4

Қиын балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері

“Қиын” аталатын балалар - педагогикалық назардан тыс қалған балалар.

Қазіргі заманғы ғылыми теориялық әдебиеттерді (С. А. Бадмаев, В. Г. Степанов, Е. И. Рогов, С. В. Кудрина т, б. ) талдаудың негізінде “қиын балалар” ұғымының мазмұнын ашатын үш белгіні бөліп көрсетуге болады:

Slide 5

Бірінші белгіге, мінез-құлық нормаларынан ауытқыған балаларды жатқызуға болады. Ауытқу деңгейі мен дәрежесі ең алдымен тестік және эксперименттік белгілермен анықталады. Керек жағдайда симптомдық бақылау жасалынады. Сонымен бірге, мінез-құлық ауытқуын сипаттау үшін арнайы “делинквентті” және “девиантты” терминдері қолданылады.

Делинквентті мінез-құлық - заңмен жазаланатын, күрделі қылмыстар мен заң бұзушылықпен сипатталатын мінез-құлық.

Девиантты міінез-құлық - қабылданған қоғамдық нормалардан ауытқыған мінез-құлық.

Slide 6

Екіншіден, қиын балалар категориясына мінез-құлқы бұзылған және оңай түзетілмейтіндер жатады. Осыған байланысты “қиын” және “педагогикалық қараусыз қалған” балалар терминдерінің мағынасын айыру керек. Әрине, барлық қиын балалар - педагогикалық қараусыз қалғандар. Бірақ, барлық қараусыз қалғандар қиын балалар бола бермейді. Қараусыз қалған балалардың кейбірін қайта тәрбиелеуге болады.

Үшіншіден, қиын балалар - педагогтің немесе жолдастарының тарапынан қарым-қатынасты ерекше қажет ететіндер. Бұлар - үмітсіз, бұзылған емес, тек қоршаған ортаның ерекше ықыласын талап ететін балалар.

Slide 7

Ұзақ уақыт бойы оқу үрдісі балалардың екі категориясына қатысты сипатталып келді. Бірінші категорияда - “қалыпты” балалар. Яғни, баланың дамуы өз жасына сәйкес келеді. Екінші категорияда дамуы “қалыпт ы емес балалар. Олар - дене бітісінде және психологиялық дамуында ауытқуы айқын балалар.

Соңғы жылдары ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін” дәлелдеді. Бұл аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқында ауытқулары бар балалар жатады.

Slide 8

В. А. Сухомлинский, В. И. Чередниченко, Г. П. Медведов, Л. М. Зюбин, А. М. Прихожин, Н. Н. Толстых, Г. А. Уманов, Л. К. Керімов сияқты белгілі педагог-ғалымдардың зерттеулерінде қиын оқушылардың пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған:

Отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни, тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, маскүнемдік, т. б.

Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы; кемшіліктер, яғни оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақытта мінез-құлық ерекшеліктерін, қызығушылығы мен талап-тілектерін ескермеу;

Ата-ананың, педагогтардың, қоғамның тәрбие үрдісіне толық көңіл аудармауы салдарынан баланың бос уақытының ұтымды ұйымдастырылмауы.

Slide 9

Еліміздің танымал ғалым-педагогы Л. Керімов еңбектерінде қиын оқушы мен отбасындағы тәрбие жағдайының талапқа сай болмауы арасындағы байланыстың тығыз екендігі негізделген. Ғалым, баланың дамып, қалыптасуында отбасының орны ерекше болатынын түсіндіре келе, оқушыны “қиын” атануға жеткізетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің бірден-бір негізгі жолы - отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.

Slide 10

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық және педагогикалық түзету

Slide 11

Девиантты мінез-құлықты балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды түзету мен алдын алу шаралары

Жасөспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттерін болдырмай және оның алдын алу жұмыстарына мұғалімнің психологиялық дайындығына мынау да енуі қажет: оқушылардың дамуы барысында пайда болатын ауытқулардың сипаты және оларды жою жолдары жайлы ғылыми-негізделген дұрыс көзқарастарды қалыптастыру.

Оқу-тәрбие жұмыстарының табысты болуы персоналдың тәрбиеленушілер тұлғасының жағымды қасиеттеріне сүйене білуімен анықталады.

Slide 12

Көптеген психолдогтар, мысалы, О. В. Хухлаева жасөспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлвқ әрекеттері мәселелерін шешуден гөрі алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлу керектігін айтады. Алдын-алу шаралары дегенде жасөспірімдердің қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттері, мысалы, алкоголизм немесе суицидтілікті жеке бөліп алмай, жалпы психологиялық және психикалық денсаулықты сақтауға бағытталуы тиіс. Психикасы сау жасөспірімдердің әртүрлі аутодеструктивті (қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық) түрлеріне шалдығу мүмкіндігі төмен болады.

Slide 13

Педагогикалық-психологиялық түзетуде және алдын алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады:

Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісі адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына, қылық әрекеттеріне, ортасына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.

Проблемалық бағыттылық

Дербес бағыттылық

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Девиантты мінез - құлықты балалармен педагогикалық жұмыс жайлы ақпарат
Девинатты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез - құлықты түзету бағытындағы жүйелі жұмыстар
Девиантты мінезқұлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
Девиантты балалармен жұмыс
Девиантты мінез - құлықтың қалыптасу кезеңдері
Интербелсенді әдістері
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕВИАЦИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz