ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы.

Slide 2

Пән атауы: XXғ. басындағы қазақ әдебиетінің тарихы

(1900-1930ж) .

Slide 3

Тақырыбы: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы.

Slide 4

Жоспар:

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1-11бет) .

Мәдениеті (12-22 бет) .

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы (23-33 бет) .

Slide 5

Кілт сөздер: 20ғ. басындағы қазақ әдебиеті, мәдениет, өркениет, Кеңес одағы, қоғамдық -әлеуметтік жағдай, ұлт мақтанышы, діни-ағартушылық бағыт, ұлт зиялылары.

Slide 6

І бөлім.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

Slide 7

Қазақ әдебиетінің тарихын, көне дәуірден бүгінге дейінгі өткен жолын зер сала қарасақ, сол дәуірдің бәрінде де жалғасып үзілмей келе жатқан бір ұлттық идеяны көреміз. Ол - халықтың бірлігі, тәуелсіздік, ешкімге бодан болмай дербес ел болу идеясы.

XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ағартушылық, демократтық жолды ұстана отырып, оны саяси күрес идеясымен толықтырды, отаршылдықты, ұлттық езгіні айыптады, ұлт зиялылары халықтың қараңғылықта отырған күйін көріп күйініп, оны өнер-білім үйренуге шақырды. [1]

Slide 8

Ұлт зиялылары [2] .

Slide 9

1913 жылғы ақпанның екісі күні Орынборда «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты. Осы «Қазақ» газетінің тұңғыш нөмірінде жарияланған оқырманға арнау мақаланың авторы - Әлихан Бөкейханов. «Құрметті оқушылар!» деп басталатын осы мақаласында ол: «Әуелі - газета халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа газетасы бар жұрттардың қасында, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ», - деген болатын. [3]

Slide 10

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) - XX ғасырдың басындағы казақ әдебиетін бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Оның «Маса» деген поэтикалық жинағы (Орынбор, 1911) халықтың ауыр, құқыксыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, дамудағы мешеулікке, надандыққа арналған, екінші жағынан, туынды білімге, ғылымға, мәдениетке шақыру болып табылады. Ақынның отандастарының бойында жоғары азаматтық сезімді оятуға ұмтылысы зор. [7]

Slide 11

Міржақып Дулатов (1885-1935) - Ахмет Байтұрсыновтың халық бостандығы жолындағы күрес жылдарында да, әдебиет саласында да онымен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа, 1909) жинағы - халықтардың проблемалары өткір көтерілетін алғашқы туындылардың бірі. Өз заманындағы қазақ қоғамы өмірінің келеңсіз жақтарын ашып көрсете келіп, М. Дулатов отандастарын жаңа өмірге шақырады, баска халықтардағы жақсылық жағын үйренуге үндейді, ғылымды, білімді, әйелдердің тең құқықтылығын жақтайды. [5]

Slide 12

Халел Досмұхамедов ( 1883-1937) 1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, "Орал”, "Пiкiр”, "Қазақ” газеттерiне мақалалар жазады.

Халел Досмұхамедов Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым ретінде тарихта өзіндік орны бар тұлға. [6]

Slide 13

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) - ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері.

Сәкен Омбыдағы тұтқын лагерінен 1919 ж. наурыз айында қашып шығып, Алтай губерниясы арқылы Павлодарға, одан Баянауылға барып паналайды. Сол Жылы Күзге таман Есен бойындағы елге келіп, біраз аялдап, Бетпақ дала арқылы Кеңес үкіметі билеп тұрған Әулиеатаға (Тараз) жетеді. 1920 ж. мамыр айында Ақмолаға оралып, уездік атқару комитетінің төрағасының орынбасары және іс басқару бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. [7]

Slide 14

Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. [8]

Slide 15

Бейімбет Майлин (1894 -1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929), «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930), «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Сыдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) өлеңдері жарияланған. [3]

Slide 16

II бөлім.

XX ғасырдағы қазақ мәдениеті.

Slide 17

Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және

демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында.

Slide 18

XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. [2]

Slide 19

1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады. [1]

Slide 20

Профессор Х. Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халқының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді.

Slide 21

XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияровңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.

Slide 22

Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің«Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторыболды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады. [8]

Slide 23

Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.

Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. [1]

Slide 24

III бөлім.

XX ғасырдың басындағы қазақстандағы қоғамдық- әлеуметтік жағдай.

Slide 25

ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНДЕГІ ОБЛЫСТАР:

-Түркістан генерал-губернаторлығы

(Орталығы - Ташкент)

Сырдария облысы,

Жетісу облысы

-Дала генерал-губернаторлығы

(Орталығы - Омбы)

-Ақмола облысы

-Семей облысы

-Орал облысы

-Торғай облысы.

Slide 26

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147, 8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205, 2 мың, ал 1917 жылы- 3615, 1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6, 8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81, 7 пайыздан 1917 жылғы 59, 8 пайызға дейін кеміп кетті. [2]

Slide 27

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 3-ға жуық адам еңбек етті. [6]

Slide 28

17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация «Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:

Жалақының аздығы.

Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.

Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы. [5]

Slide 29

1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті.

1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті. [4]

Slide 30

1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық- демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. [6]

Slide 31

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар) :

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия) .

Антанта (Англия, Франция, Россия) .

Соғыстың сипаты

басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері:

Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.


Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті
ХХ ғасырдың басындағы тарихи – әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология пәнінің қарастыратын мәселелері
Әдеби бағыттар
Мәдениет тілі
Ақмола облысы демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz