Азаматтық,




Тақырыбы: Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Орындаған: Тогызбаева Мариям Тобы: Е-415 Тексерген: Жакпарова Г. А.
Сөж

Елжандылық - тарихи тамыры терең әлеуметтік, саяси, психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке, бөтенді жатырқамайтын қазақы ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттардың шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениет жолына салатын идеология мен саясат.


Патриотизм - отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н. Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», - деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.


Мемлекеттік және ұлттық құндылықтар.

Ұлттық құндылықтар
Белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына адами қадір-қасиет, яғни өз ұлтының ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтары.

- Оқушыларды табысты оқыту іс-әрекетіне бағыттау, олардың шығармашылығы мен үздіксіз білім алу дағдысын жетілдіру, қолдау көрсету.
- Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негізінде сабақ үрдісін ұйымдастыру.
- Жалпы адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын білуге жетелеу.
- Өз ұлтын, оның әдебиеті мен мәдениетін мақтаныш тұтатын Қазақстанның ұлтжанды азаматын тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелей оқытуда алдымызға қолжетімді мақсаттар қою дұрыс:
Білгеннен кейін нені үйренетініңіз,
шынымен маңызды.

Тұлға бойында адамдарға, қоршаған ортаға
деген қайырымдылыққа баулып, әділеттілік, жанашырлық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде
ауыз әдебиеті үлгілерінің мәні зор.
Ұлттық құндылықтың ең маңызды тұсы -
адамды ойлануға үйрету

Отаншылдық идеясы

Патриотизм - тарихи, әлеуметтік ұғым. Ол грек тілінен аударғанда Отан, ел деген мағынаны береді. Бұл термин астарында Отанға, туған жерге, халыққа деген үлкен сүйіспеншілік жатыр. Ол дегеніміз - туған жерді қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім

Патриоттық идея, отаншылдық сезім бірте-бірте, адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси-әлеуметтік құбылыс болғандықтан оны келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңіру керек.

Жалпы, адамзат отансүйгіш, еңбекқор, мейірімді ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етеді. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына күнделікті тәрбие арқылы сіңеді. Отанымызды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру үшін еліміздегі әр азаматтың бойында ортақ мақсаттарға деген ұмтылыс, барлық халықтарға деген құрмет болуы тиіс. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Бүгінгі таңда Қазақстандық отаншылдықтың негізін халықтың береке-бірлігінде, елдігі мен ерлігінде, мемлекетіміздің беріктігі мен ұлан-байтақ жерінің тұтастығында деп айта аламыз. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан ұрпақ тәрбиелеу мәселесі, жастар бойына елінің нағыз отансүйгіш сезімін қалыптастыру секілді қасиеттер басым бағыттардың біріне айналды. Қазақ халқы ерте заманнан бастап ел, Отан, халық деген сөздердің мағынасына жете мән берген. Сондықтан да тілімізде «Туған жер - алтын бесік», «Туған жерге - туың тік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» секілді нақыл сөздер көптеп кездеседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz