Жануарлардың зәр шығару жүйесі




Презентация қосу
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЗӘР
ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Жануарлар ағзасы айналадағы ортадан
қорек, газ және суды үздіксіз денеге
жеткізіп, оларды өңдеп, одан өз
тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті
заттарды алады. Сырттан келген және
өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды
денесінен шығару да тіршілік үшін өте
қажетті процесс. Ағзада түзілетін әр
түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және
газ күйінде болады.
 
Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң)
зәршығару мүшесінің дене ішіндегі
ұшы кеңірек кірпікшелі жұлдызша
тәрізді болып жіңішке түтікке
айналады да, оның ұшы тері жабыны
арқылы сыртқа ашылады (1-сурет).
Ұлуда зәршығару қызметін шапанша
қуысына ашылатын бүйрек атқарады.
Оның құрылысы күрделірек
болғанымен, ол шұбалшаңның
жұлдызша түтіктеріне ұқсас.
Шаянтектестерде зәршығару
мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп
без атқарады. Әр безден шығатын
түтікше қан арқылы жиналатын
зиянды заттарды мұртшалардың
түбінен сыртқа шығарады.
Өрмекшілер мен
бунақденелілер негізінен мальпигий
түтікшелері арқылы зәр шығарады
Дегенмен өрмекшінің көкірек бөлімінде
бүйрегі болады. Ал қоңыздың тоқ ішек
пен аш ішектің жалғасатын жеріндегі
мальпигий түтікшелеріне денедегі
зиянды сұйықтар жиналып, аналь тесігі
арқылы сыртқа шығарылады.
Омыртқалы жануарлардың зәршығару
жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен
несеп (зәр) несепағар түтігі арқылы
қуыққа жиналып, одан клоака арқылы
сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл
жүйеде әр жануардың түріне қарай
аздаған өзіне тән ерекшеліктер бар.
Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп
бүйректен несеп түтігі арқылы клоакаға
жиналады да, сыртқа жиі шығарылады.
Бұл – құстың ұшуымен байланысты
ерекшелік, яғни оның денесін
жеңілдететін бейімділік қасиеті болып
табылады
Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен
жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат
алмасуданпайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын
органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың
организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы
ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар
көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су
жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз
жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен
байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі
сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид
және полихеттердің дернәсілі менмоллюскілердің Зәр шығару
жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады.
Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше
клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің
Зәр шығару жүйесі –метанефридий (метамерлі орналасқан жұп
түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару
органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр
шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан
без).
Құрлықта тіршілік ететін жануарлар
организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез
еритін аммиак қиын
еритін гуанинге(өрмекші тәрізділерде)
немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда,
жәндіктерде, бауырымен
жорғалаушыларда, құстарда)
айналады. Хордалылар арасында
қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы
қапшықта жиналады.Омыртқалы
жануарларда целомодуктадан бүйрек
құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп
жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді.
Омыртқалылардың эволюция даму
жолында және жоғары сатыдағы
омыртқалылардың жеке дамуында
бүйрек дамуының 3 сатысы
байқалады:

бастама бүйрек (пронефрос),
дене бүйрегі (мезонефрос),
соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос
Несеп ағар – трубка тәрізді орган,
оның бас жағының диам. 2 – 4 мм,
ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен
қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі
қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар
жақсы дамыған бұлшық ет
талшықтарымен (сфинктер)
қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан
кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол
бермейді.
. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган,
сыйымд. 400 мл, кіші
жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі
және төбесі болады. Қуықтың
қабырғалары жақсы дамыған бұлшық
ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің
жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден
босайды. Зәр шығарушы канал – несеп
түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа Зәр
шығару жүйесінің көп таралған
аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйрек
тің қабынуы), цистит (қуықтың
қабынуы), уретрит (несеп түтігінің
қабынуы), т.б.
Орындаған:
Бекбусунова
Ақбота

Ұқсас жұмыстар
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесі туралы
Дөңгелек ауыздылар класы
Терінің құрылысы туралы
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
НЕМАТОДТАРДЫ МӘДЕНИЕТТЕНДІРУ
Сабақтың жоспары
Жүйке жүйесі шашыранды - түйінді
Шеміршекті және сүйекті балықтар класы
ӨЗЕКТЕРДІҢ КӨПШІЛІК
Пәндер