Сібір жарасы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Сібір жарасы
Орындаған: Махметов Н.М, Мукатаев Е.Б Сарқытов
А.А
Тексерген: Зайнеттинова Д.Б
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қоздырғышы
2.2 Эпизоотологиясы
2.3 Клиникалық көрінісі
2.4 Диагноз
2.5 Емі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сібір жарасы лат – Bacillus anthracis ) бактериалды зоонозды
антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас (жанасу)
механизмі арқылы берілетін, тері қабатының кабункул тәрізді
зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикациямен сепсистің
дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Bacillus anthracis
ірі, грамм оң , капсула және спора түзетін, факультативті аэробты
таяқша. Табиғатта екі түрде – вегетативті және спора түзген кезде
кездеседі. Спора түрінде тек абиотикалық ортада ғана, ал вегетативті
түрде тек жануарлар және адам организмінде болады. Спора түріндегі
микробтар өте төзімді. Олар суда бірнеше жыл, топырақта бірнеше
ондалған жылдар бойыны сақтала алады. Споралар қолайлы қоректік,
температуралық ылғалдылық жағдай туғанда көбейіп, қайта споралық
күге ауыса алады. Сөйтіп абиотикалық ортада ошақтылықты сақтап
тұрады. Споралар 120-140 °С құрғақ ыстықта 1-3 сағатта жойылады,
автоклавта 180°С – 24 минутта, 1%формалин ерітіндісінде 2 сағатта
жойылады, 4% хлораминнің белсіндірлген ерітіндісі, 6%сутегінің асқан
тотығы спорациттік әсер етеді.
Қоздырғышы
Қоздырғышы. Сыртқы ортаға төзімді келетін
таяқша тәріздес, Грам әдісімен, аналин
бояуларының барлық түрімен боялатын, капсула
түзетін аэробты микроб. Жер қыртысында өсіп-
өнеді және спора түзеді. Топалан бацилласы
вегетативті түрде сыртқы ортаның әсеріне онша
төзімді емес, споралы түрі бұған керісінше өте
төзімді ж/е ұзак жылдар бойына тіршілік кабілетін
сақтайды. Сойылмаған бітеу өлікте ауру
қоздырғышы жаз кездері 1-3 тәулік ішінде кұрып
бітеді.
Топалаңнан өлген малды сойған кезде оттегінің
әсерінен қоздырғышы спораға айналатындықтан
мұндай малды жарып көруге қатаң тиым
салынады. Спора әр түрлі химиялық заттар мен
физикалык құбылыстарға аса төзімді, тіпті ол
тікелей түскен күн сәулесінен 4 күнге дейін өлмей,
шыдап баска, кайнаған суда 45-60 минутқа, 140
градусқа дейін қызған ауада 3 сағатқа, 1 пайыз
формалин мен 10 пайыз күйдіргіш натрий
ерітіндісінде 2
сағатқа төзеді. Ол тұздалған теріде де тіршілік ете
береді. Ауру қоздырғышы сырткы ортада сапрофит
ретінде өмір сүріп, шаң-тозаң, ағынды су, қан
сорғыш кенелер аркылы бір жерден екінші жерге
ауысып жанадан індет ошағын құрайды.
Эпизоотологиясы
Эпизоотологиясы. Сібір жарасы өте кең тараған ауру. Оған ірі
қара, қой, ешкі, жылқы, бұғы, түйе т.б. сондай-ақ жабайы шөп
қоректілер шалдығады. Шошқа сирек, ит пен мысық
бацилламен өте көп мөлшерде залалданғанда ғана ауырады.
Сақа жануарларға карағанда төл індетке біршама жиі
шалдығады.
Сібір жарасы - маусымды індет. Ол әсіресе қуаңшылықты
жылдары маусым-қыркүйек айларында жиі тарайды.
Ауру қоздырғышы - індетке шалдыққан жануарлардың зәрі, и
т.б. аркылы тарайды. Бұл індетпен өлген малдың бүкіл
органдары ұлпаларында бациллалар өте көп болады. Осы
аурудан өлген хайуандарды сойып ішін жаруға болмайды.
Өйткені өлген немесе сойылған малдың терісі, еті, жүні т.б.
арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады.
Қоздырғыштың таралуына ет қоректілер мен жыртқыш құстар
да себепкер болады.
Сібір жарасы малға оларды ауру коздырғышымен ластанған
жайылымдарға жайып баққанда, шөп, су аркылы тарайды.
Індет негізінен жаз айларында өршиді. Малдың ауыз,
жұткыншақ, кілегей қабықшаларындағы жарақаттар немесе ас
қорыту жүйесіндегі ақаулар аурудың тарауына негізгі себеп
болады. Малдың жалпы күйі төмендегенде (ашығу, витамин
жетіспеуі, дене қызуының көтерілуі т.б.) олар ауруға
шалдыққыш келеді. Індеттің ауа аркылы таралуы да мүмкін.
Сонымен катар қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей) де ауру
таратуы ықтимал.
Клиникалық көрінісі
Бет-жақ аймағында, әдетте сібір жарасының жергілікті
шектелген (терілік) түрі дамиды. Ауру жәй, жалпы
көріністері байқалмай дамуы мүмкін, бірақ дене қызуы
38°-қа дейін көтеріледі. Ауру басталар алдында бет
терісінде қышитын түйіншек пайда болады. Оның
ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен
инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді.
Бөртік өздігінен жарылып, инфильтраттың бетінде
қатты қара түсті қабыршақ пайда болады.
Қабыршақтың айналасынан сарысу шығып тұрады.
Инфильтрат айналасы білікті ісініп, түбі қарайған
жара пайда болады. Жараның айналасындағы
күлдіреген көпіршіктер жарылып 5—6 күннен кейін
көршиқан дамиды. Төменгі жақасты, иекасты және
мойын лимфа түйіндері үлкейіп, қатаяды. Сібір
жарасы немесе көршиқан инфекциясының күшейіп
асқынып, аурудың жағдайы нашарлап, дене қызуы
40°-қа дейін көтеріліп, организм улануының тағы да
басқа көріністерімен си-патталады. Жара ауыз
қуысының шырышты қабығына да шығуы мүмкін.
Мұндай жағдайда инфильтрат айналасындағы
жұмсақ тіндер қатты ісінеді. Жұтқыншақ ісінгенде
аурудың тыныс алуы нашарлап, жұтынғанда
ауырсынып, дауысы қарлығады.
Диагноз
Диагнозы, ажырату диагнозы. Сібір жарасы
диагнозын өзіне тән клиникалық көрінісіне
сүйене отырып қояды. Әсіресе олардың
ішінде жаралы ошақта іріңнің болмауы,
жарылған көпіршіктерден, өлеттенген
жерден сібір жаралары
қоздырғыштарының табылуы негізге
алынады.
Диагнозын анықтау үшін ауру қанын, үлкен
дәретін бактериологиялық зерттеуге
алады және антроксинмен терісіне
аллергиялық сынақ қояды. Науқастың
жұмысы ауру жануарлармен байланысты
болғанын анықтау диагноз қою үшін өте
маңызды. Сібір жарасын шиқан, көршиқан,
тілмеден ажырата білген жөн.
Сібір жарасынан өлген малдар
Емі
Сібір жарасы, көршиқан бетте, ауыз қуысының
шырытшы қабығында орналасса консервативті ем
қолданады. Ауруға емдік майлы танбалар қолданып,
тыныштық жағдай туғызады. Дезинтоксикациялық,
десенсибилизациялық, жалпы денсаулығын нығайту
терапиясын жүргізеді, антибиотиктер мен
сульфаниламидтер тағайындайды. Сібір жарасының
ағымы ауыр, инфекция күшейіп жайылған жағдайда
пенициллиңді 1,5—2 миллионнан, стрептомицинді
тәулігіне 6—8 рет организмге ендіреді.
Антибиотиктерді ауыстырғанда тетрациклин,
левомицитин, цефалоспорин, макролид т, б. дәрілерді
қолданған жөн.
Болжамы
Сібір жарасының терілік түрі организмге қауіпсіз, ал
инфекция күшейіп жайылған жағдайда, әлсіз аурулар
өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бетке, ауыз қуысына
сібір жарасын жұқтырмас үшін, ауру жануарлармен
араласқанда, олардың еті, терісі және жүнімен жұмыс
істегенде санитарлық, жалпы гигиеналық ережелерді
сақтап, ауыз қуысының, дене терісінің гигие-насын
қадағалау керек. Сібір жарасының алдын алу үшін
СТИ вакцинасын қатаң түрде эпидемиологиялық
жағдайдың көрсеткіштеріне байланысты қолданады.
Сібір жарасымен ауырған жануарлар немесе жүқпалы
заттармен жұмыс істеген адамдар, зерттеліп арнайы
бақылауда болуы керек, қажет болса емделуі керек.
Қорытынды
Сібір жарасы лат - anthrax pustula maligna)
бактериалды зоонозды антропургиялық
аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас
(жанасу) механизмі арқылы берілетін, тері
қабатының кабункул тәрізді
зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр
интоксикациямен сепсистің дамуымен
сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы
– Bacillus anthracis ірі, грамм оң , капсула
және спора түзетін, факультативті аэробты
таяқша.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қазақ энциклопедиясы
2.Жұқпалы аурулар. А.Қ.Дүйсенова. Алматы
-2009 жылы.
3.Жалпы микробиология. Микробиология
кафедрасының профессорлары Б.А.
Рамазанова, А.Л.Котова,
Қ.Қ.Құдайбергенұлы. Алматы 2006 жылы
Назарыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz