Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң




Презентация қосу
а й д
С л
Орындаған:Мұқан М.Е.
Топ:ТКс-329
Тексерген:Кабденова А.Т.
лі г і н
б і р .
ш е м з а ң
: Ө л а лы
ыбы т у р
ыр е ту
Тақ масыз
т а
қам
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң
7тараудан, 31баптан тұрады.
1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары
5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк
басқару
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi органны ң метрологиялы қ
жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң на қты т үрлерiн ж үзеге асыру ға
заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
2) заңдық метрология - метрологияның у әкiлеттi мемлекеттiк орган
атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем
құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары
бар бөлiгi;
3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау - у әкiлеттi органны ң ж әне оны ң
аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шы ғарылуын, пайдалану ға
берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау
әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктеріні ң эталондарын,
метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда
операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын,
сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам
түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау ж өнiндегi қызметi;
     
4) метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару
органдарының, жеке және заңды тұлғалардың
метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен
нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге
асыратын қызмет;
5) метрологиялық қызмет - қызметi өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз етуге бағытталған субъектiлер жиынтығы;
6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегiмен
тәжiрибелiк жолмен физикалық шама мәнiн табу;
7) өлшем бiрлiгi - нәтижелерi заңдастырылған шама
бiрлiктерiнде көрсетiлген және өлшем қателiгi берiлген
ықтималдықпен белгiленген шектегi өлшемнiң жай-күйi;
2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем
бірлігін
қамтамасыз ету туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясынанегiзделедi және
осы Заң мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше
ережелер белгiленген болса онда халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
     

Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының
аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге
байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк
басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары
мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және
экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;
2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң
(жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi
мен сапасын қамтамасыз ету;
3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық
түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;
4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем
дұрыстығын қамтамасыз ету;
5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек
және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде
сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.
5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк
    
              басқару
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi
мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының
уәкiлеттi мемлекеттiк органыжүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк
саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң
жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;
3-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi
ұйымдастырады;
2-тарау.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесі
6-бап.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк
жүйесiнiң құрылымы
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi
құрылымына:
1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының
метрологиялық қызметi;
2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама
бiрлiктерiнiң эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем
құралдары;
3) нормативтiк құқықтық актiлер мен өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру
және жүргiзу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттар
кiредi.
7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi
Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк
эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем
құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру
әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және
нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi
орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз
ету жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының,
жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық
қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз
етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып
табылады.
8-бап.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
нормативтiк құжаттар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттар
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және
өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес
әзiрленедi және оларды Қазақстан Республикасының аумағында
барлық жеке және заңды тұлғалар мiндеттi түрде қолдануға тиiс.
  9-бап. Шама бiрлiктерi
1. Өлшемдер және салмақтар жөнiндегi бас конференция
қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы
ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер
жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі.
2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын
өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi
белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.
10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары

Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң
мемлекеттiк эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып-
ұсталуын мемлекет жүзеге асырады.
Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары шама бiрлiктерiн (шама
бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе)
сақтауға арналған және мөлшерiн Қазақстан Республикасының
аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру
мақсатында негiзгi эталондар ретiнде пайдаланылады.
     
11-бап. Өлшем құралдары
Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында
белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды
анықтау үшiн пайдаланылады және пайдалану шарттары мен
оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс.

    1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем
құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық
талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау үшiн пайдаланылады
және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң
тiзiлiмiнде мiндеттi тiркелуге жатады.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн
әзiрлеу, бекiту және қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.  
12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын
салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi
мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.
2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және
метрологиялық аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3-тарау. Метрологиялық қызмет
13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi:
1) мемлекеттiк метрологиялық қызметтен;
2) уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметтерiнен; заттар мен
материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық
үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты
шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама
деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де
мемлекеттiк қызметтерiнен;
3) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;
4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық
сарапшылардан;
5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк
қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.
14-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қызмет
Мемлекеттiк метрологиялық қызмет:
1) стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк органнан және оның аумақтық
бөлiмшелерiнен;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды,
жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің
мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем
бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды
әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін,
өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін
салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды,
метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен
жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-
зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды
қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми
метрологиялық орталықтан тұрады.
15-бап.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк
қызметтерi
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi
уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттiк
ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттiк басқару
органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi
уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.
2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және
салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем
бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн
анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды.
Қазақстан Республикасының уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк
қызметi мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану
үшін міндетті болып табылатын уақыт пен жиiлiк бiрлiктерiнiң
мөлшерлерiн жаңғыртуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады.
16-бап.Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке
және
заңды тұлғалардың метрологиялық
қызметтерi
1. Мемлекеттiк басқару органдары, жеке және заңды
тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық
бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер
құрады.
Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы
жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң
құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi
болып табылады.
2. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы уәкiлеттi
мемлекеттiк органмен келiсiлген нормативтiк құжаттарға сәйкес
жүзеге асырылады.
16-бап.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
саласындағы
техникалық сарапшылар
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
техникалық сарапшылар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады.
2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
техникалық сарапшылардың қызметi өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтік құқықтық
актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге
асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы техникалық сарапшыларды аттестаттау
уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір
рет жүзеге асырылады.
4-тарау.Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды
өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу

17-бап.Өлшем құралдарының түрiн бекiту және оларды
метрологиялық аттестаттау
1. Қазақстан Республикасында сериялы шығарылатын немесе Қазақстан
Республикасының аумағына партиялармен әкелінген және мемлекеттік метрологиялық
бақылау саласында қолдануға арналған өлшем құралдары пайдалануға беру алдында
сынақтан өткiзіліп, осы өлшем құралдарының түрі кейiннен бекiтiлуге жатады.
Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды
және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатпен
куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасында жасалған немесе бірен-саран данада әкелiнген және
мемлекеттiк метрологиялық бақылау саласында қолдануға арналған өлшем құралдары
пайдалануға беру алдында метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi
өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады,
сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
18-бап.Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы
аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, өлшемдердi орындау
әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды қызметтiң осы т үрiне
аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық
реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы
заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу кезінде
аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау
саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы
және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру
саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе
жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде
түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан ж әне
өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде
тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет,
сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың
метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен
мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган
айқындайды.
3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан
Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшеу
кезінде қолдануға арналмаған өлшем құралдарына осы
Заңның 19-бабына сәйкес калибрлеу немесе салыстырып
тексеру ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарының
дайындаушысы, иесі немесе пайдаланушысы айқындайтын
тәртіппен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына да
бағындырылған эталондар пайдаланыла отырып орындалады.
Өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды
тұлғалар сәйкестікті бағалау саласында ерікті түрде
аккредиттеледі.
Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем
құралдарына басылатын калибрлiк белгімен немесе
метрологиялық сипаттамалардың шын мәндерi мiндеттi түрде
көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ
пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландырылады.
5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық
бақылау

21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық
бақылаудың мақсаты
Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды осы Заңның,
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және нормативтік
құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың
сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган
және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.  
22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау
объектiлерi
Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi мыналар
болып табылады:
1)шама бiрлiктерiнiң эталондары;
2)өлшем құралдары;
3) өлшемдердi орындау әдiстемелерi;
4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн
метрологиялық қағидалар мен нормаларды сақтау
тұрғысынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi;
5) өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi кез келген орам
түріндегі өлшеп оралған тауарлардың саны;
6) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын
тауарлар саны.
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы
Осы Заңның 22-бабында аталған объектілерге қатысты
мемлекеттік метрологиялық бақылау олардың нәтижелері:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды
қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) қоршаған ортаны қорғау, геология және
гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы
заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыру;
4) мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (т ұтынушы)
және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы,
соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету
мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-
коммерциялық операциялар;
5) еңбек және көлік жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі жұмыстар;
     24-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:
1) өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-
күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң
қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық
қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды;
2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын
тауарлардың санын бақылауды;
3) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам
түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік
бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге
асырылады.
25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға
               берілуін, жай-күйiн және қолданылуын,
               өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын,
               шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық
               қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк
               метрологиялық бақылау
Өлшем құралдарының (оның iшiнде заттар мен материалдардың
құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын,
пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi
орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын,
метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк
метрологиялық бақылау белгiленген метрологиялық қағидалар мен
нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
   26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен
шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк
метрологиялық бақылау
Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар
санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын
сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды
анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату
және импорттан алу кезiнде олардың санын
мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу
кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау бума
iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға
сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
     28-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды
жүзеге
асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның және оның
аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі
Бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі
Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган
басшысының орынбасарлары;
3) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік
инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің басшылары;
6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны
үшін жауаптылық және дауларды шешу

29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн
жауаптылық

Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы
заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты
дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк
метрологиялық бақылау жөнiндегi жұмыстарды
қаржыландыру
1. Бюджет қаражаты есебiнен:
2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың
жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуі;
3) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк
эталондарын, мемлекеттік метрологиялық қызметке тиесілі шама
бірліктерінің эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар
қаржыландырылады.
Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған
метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шартты қ негiзде
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
зғ а
ң ы
а р ы ! !
а рл ! !!!
а з т !
Н ахм е
р

Ұқсас жұмыстар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы
ӨОӘ СӨЖ
Метрология объектілері
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Эталондар мен тексеру сұлбалары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Педагогикалық өлшемдердің сапасын әдіснамалық тұрғыда негіздеу
Тұғырлар Зерттеушілермен берілген анықтамалары Зерттеген ғалымдар
Ассамблеяның негізгі міндеттері
ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ
Пәндер