Қазақстандағы салық саясаты: қалыптастыру және қызметі атқару механизмдері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ
САЯСАТЫ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ АТҚАРУ
МЕХАНИЗМДЕРІ
Орындаған: Қасымжанова А
Тексерген:Акишева Д.М
Жоспар:
1. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
МЕН МАҢЫЗЫ
2. САЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
3. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
4. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТИПТЕРІ:
5. САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ
МЕХАНИЗІМІ
Кіріспе
«Қазақстан Республикасының салық саясаты:мақсаттық
бағыттары және қызмет атқару механизімі» деген
тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған
саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың
желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің
жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің
атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс.
Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен
салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген
салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де
кемшілігін көрсетуге тырыстым.Салық жүйесі өте күрделі
жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен қауіпсіздік
саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық
дамуына әсер ететін жүйе.
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және
жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін
міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық
жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет
арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын
сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың
экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір
бөлігін білдіреді.
САЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Салықтар негізгі мынадай қызметтері
(функциялары) бар:
1. реттеушілік;
2. фискалдық;
3. қайта бөлу.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең
негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы
салықтар ел экономикасына өз
ықпалын тигізеді, яғни салықтар
реттеу жүзеге асырылады.
САЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық
немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі
(функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс
бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық
міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік
бюджеттің кірісін топтастыра отырып,
әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер
табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына
өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі
жалпы өнімді салықтардың алатын үлес
салмағы арқылы анықтайды.
САЛЫҚ САЯСАТЫ ҰҒЫМЫ
Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық
саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін,
жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске
асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің
араласуы нәтижесіндемемлекеттік бюджетті
қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ)
ауқымымен, экономиканың жеке секторларынасалық
шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады.
Мемлекеттің салықтық саясаты – бұл қоғамның
алдында тұрған мақсаттарды іске асыруға бағытталған
және мемлекетпен салық саласында жүргізілетін
шаралардың және актілердің жүйесі.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы
шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі
әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне
қарай әзірленген экономикалық саясатқа қарай сәйкес
жүргізеді
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ
ТИПТЕРІ:
Салық саясатының бағыттарын қарастыра
отырып, оның үш типін бөлуге
болады. Бірінші тип - максималды салықтар
саясаты, «алуға болатынның барлығын алу»
принципімен сипатталады (взять все, что
можно).
Екінші тип – кәсіпкерлерге қолайлы
салықтық климатты қамтамасыз етіп,
кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайтын
саналы салық саясаты. (политика разумных
налогов).
Үшінші тип – неғұрлым жоғары салық салу
деңгейін көздейтін, бірақ сәйкесінше
әлеуметтік қорғалған салық саясаты.
САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ
МЕХАНИЗІМІ
Салық саясатының механизімі екі жақты мазмұнға ие
болады. Бұл мазмұнды кең және шағын позициядан қарастыру
қажет.
Біріншіден, салықтық механизм – бұл осы ұғымды
ұйымдастыру-экономикалық категория ретінде сипаттайтын,
сәйкесінше өндірісте құрылған ұлттық табыс бөлігін
қоғамдандыру кезінде қалыптасатын, қайта таратушылық
қатынастарды басқарудың объективті қажетті процесі ретінде
сипаттайтын салықтық теория облысы.
Екіншіден, тәжірибе салықтық жоспарлау, реттеу және
бақылаудың концептуалды сфераларына өзгертулер енгізуде.
Салықтық механизм салықтық құқыққа, салықты басқаруға
негіздеріне сүйеніп салықтық қатынастарды ықшамдауға
мүмкіндік береді
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет салық органдары алдына жұмыстың
тиімді әдістерін қолдану арқылы мемлекеттік
қазынаның толтырылуын қаматамасыз етуді
мақсат етіп қойды. Бұл мақсаттың маңызы мен
мәні бюджетке қаржы-қаражаттарының үнемі
қажеттілігінде және де ол мәселе қаншалықты
дұрыс шешілсе, соншалықты бюджет жағдайы
жақсы болады.
Қорыта келгенде, Республикамыздағы салықтық
бақылауды ұйымдастыруды жетілдіріп дамыту
арқылы, бүгінде ең өзекті мәселе, жалпы салық
жүйесінің жақсаруына, сол арқылы еліміздің
экономикасына, әлеуметтік жағдайына оң
әсерін тигізетін шараларды кеңінен қарастыру
керек.
Назарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz