Жылу алмасуды реттеу
Презентация қосу
ЖЫЛУ
АЛМАСУДЫ
РЕТТЕУ ,
ҚЫЗБА
Орындаған: Сабырғалиева
А.Қ.
Тобы: ВС-303
Тексерген: Нуркенова М.К.
ЖЫЛУ РЕТТЕУ, ТЕРМОРЕГУЛЯЦИЯ
(гр. therme – жылу және гр. regulo – реттеу) – қоршаған орта
температурасының ауытқуына қарамастан адам,
сүтқоректілер және құстардың дене температурасын тұрақты
деңгейде сақтау қабілеті. Дене температурасының
тұрақтылығы – жылу түзілу және жылу шығару және
олардың өзгеруіне байланысты болады.
Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус)
жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі
бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке клеткалары, ішкі органдар
мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы
жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері,
бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары
кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сырт қа
шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары
тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді.
Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін
реттеп отырады.
Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның
температурасы тұрақты болады (мысалы,
құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 – 39˚С,
адамда 36˚С). Сыртқы ортаның
температурасының айтарлықтай ауытқуынан
немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам
мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты
жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.
Дене жылуын сыртқа беруді күшейтіп, не
ДЕНЕДЕН азайтып отыратын физиологиялық
ЖЫЛУ: процестер жиынтығын физикалық жылу
реттеу деп атайды. Денеден жылу
***ӨТКІЗУ шығару қарқыны тері тамырларының, тер
бездерінің, терінің бірыңғай салалы ет
***КОНВЕКЦИЯ талшықтарының күйіне, дененің
кеңістікгегі жағдайына байланысты
***РАДИАЦИЯ
(СӘУЛЕ ШАШУ)
өзгеріп отырады.
***БУЛАНУ
СИЯҚТЫ
ФИЗИКАЛЫҚ
ПРОЦЕСТЕРДІҢ
АРҚАСЫНДА
БӨЛІНЕДІ.
МЫСЫҚ ПЕН
ИТТІҢ
ТЕМПЕРАТУРА
СЫН ӨЛШЕУ
ҚЫЗБА ДЕП
- әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык,
компенсациялық қүбылыстармен
сипатталатын біртектес дерттік
үрдістерді айтады. Бұл кезде
пирогендік (грек. ругеіоз — ыстық, …
ген-туындататын) заттардың
әсерлерінен термореттеу орталықта-
рының әрекеттерінің өзгеруі дене
қызымының көтерілуіне әкеледі.
Қызба кезінде термореттеу
механизмдері бұзылмай сақталып,
жогары деңгейге көтеріледі.
бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Инфекциялық қызба
бактериялардың, вирустардың,
қарапайым жануарлардың, майда
саңырауқұлақтардың әсерлерінен
дамиды. Бейинфекциялық қызба
тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы
және ішкі ықпалдардың
әсерлерінен пайда болады. Бұларға:
күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю,
ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу,
цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында
пирогендік заттар маңызды орын
алады. Олар экзогендік және
эндогендік (лейкоциттік) болып
екіге бөлінеді.
Қызбаның сатылары
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қызба белгілі бір дерттер кездерінде болатындықтан ағзалар мен
жүйелердегі өзгерістер сол аурудың патогенезіне және ет ысуына
байланысты болуы мүмкін. Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан
айналым жүйесінде байқалады. Дене қызымының 1 0С-қа көтерілуі,
тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады. Жүрек
соғуы жиілеудің нәтижесінде қанның соғыстық және минөттік көлемі
үлкейеді. Ет ысуының бірінші сатысында артериялық қан қысымы
көтеріледі, терінің қан тамырлары жиырылады, ішкі ағзалардың
тамырлары, керісінше, кеңиді. Үшінші сатысында дене
температурасы күрт төмендеуінен артериялардың тонусы қатты
азайып, қан тамырлары қызметінің тез дамитын жеткіліксіщдігі
байқалуы мүмкін.
Кейде дене қызымы көтерілуіне қарамай тахикардия дамымайды.
Мысалы, іш сүзегі немесе соқпа сүзек кездерінде брадикардия дамуы
ықтимал. Ол көрсетілген микробтардың уыттарымен организмнің
уыттануына байланысты.
Тыныс алу қызбаның бірінші сатысында біршама сирейді. Ары қарай
дене қызымы үлкен деңгейге жеткен соң, тыныс кейде 2-3 есе
жиілейді. Қызба кезінде ас қорту жүйесінде айқын өзгерімтер пайда
болады, сілекей бөлінуі азаяды (ауыз қуысы құрғақтанып, тілде
таңдақтар пайда болады), асқазан сөлінің бөлінуі мен оның
қышқылдығы төмендейді, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері
әлсірейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Айтқұлов М.Т., Патологиялық анатомияның жалпы
патологиялық процесстер бөлімі бойынша студенттерге
арналѓан әдістемелік құрал/ - Қарағанды : ЌММА, 2006. -
92 с.
Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология (в трех
томах)//Москва: «Академия». - 2006.- 525 с.
Ефремов А.В., Самсонова Е.Н., Начаров Ю.В.
Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие.–
М., 2008.– 160 с.
Денсаулық : ғылыми-көпшілік журнал. – 2010 жыл, ақпан
Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология (в трех
томах)//Москва: «Академия». - 2006.- 525 с.
Ефремов А.В., Самсонова Е.Н., Начаров Ю.В.
Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие.–
М., 2008.– 160 с.
Зайко Н.Н., Быця Ю.В. Патологическая физиология.-
М.:«МЕДпресс- информ», 2006.-635 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz